Дәріс Тақырыбы: Мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасы. Жоспар



бет4/7
Дата17.05.2022
өлшемі79 Kb.
#143562
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дәріс 9

Қарым-қатынасты талдау. Балалармен өткенде жүзеге асырылған қарым-қатынас сипаттарын мұғалім ылғи да еске алып, оқушымен жұмыс үстінде ұйымдастырылған қарым-қатынастың оңтайлы түрімен ыңғайсыз түрлеріне талдау жасап отырудың үлкен маңызы бар.
Оқушылармен қарым-қатынас орнату процесінің тиімді болуы үшін мыналарды жүзеге асыру тиімді болады:

  • Балалармен ілтипатты сөйлесе білу және бүтіндей сыныппен қарым-қатынас жасағанда олардың өзара үндестігін іске асыру.

  • Балалармен қарым-қатынас жасағанда өз бақылауыңды дамыта отырып, әңгімелесушілердің жауабын алдын-ала біліп отыру.

  • Әр оқушының мінез-құлқын, жүріс-тұрысын, сөйлеу мәнерін тани білу, сөйтіп қарым-қатынас жасағанда кіммен қандай оқушымен қарым-катынас жасап отырғаныңды талдай білу жөн.

Педагогикалық қарым-қатынасты іс жүзінде ұйымдастыру үшін, тікелей әрекеттің жалпы маңызы бар. Мысалы, мұғалімдерге сынып оқушыларының зейінін өзіне аударудың мынадай варианттарын ұсынуға болады: сыныппен ауызша қарым-қатынас жасау үшін сөйлеу вариантын іске косу, мұғалімнің оқушыға іштей әсер етіп, зейінін аудару үшін қолданатын варианты - үзіліс жасау, қозғалыс жасау варианты - сынып ішінде әрі-бері қозғалып жүре бастау, кестені, көрнекті құралды тақта алдына ілу.
Осы аталған факторлардың тұтас қолдануынан аралас вариант туады да, кәсіптік-педагогикалық қарым-қатынасты басқаруда ерекше маңызы болады. Оқушының зейінін аударатын психологиялық қарым-қатынас ықпалы жасалады. Мысалы, мектепке жаңадан келген жас мұғалім географиядан алғашқы сабағын өткізгенде өте абыржушылық жағдайда өткізді. Оқу материалын канша жетік баяндағанымен сыныптың әр бұрышында дабырлап сөйлеушілік бірімен-бірі әңгімелесу, күлу, дабырласу сабақтың басынан аяғына дейін тиылмады. Мұғалім материалды қаншама мәнерлеп айтып көрнекті құралды бірте-бірте іске қосқанымен сынып ішіндегі дабыр-сыбыс басылмады. Мұғалімнің оқушыларды сөз жүзінде тыныштыққа шақыру еш нәтиже бере қоймады. Мұғалім жаңа тақырыпты баяндай отырып, пысықтап сабақты белгілі жоспармен өткіздім дегенмен сабақтың барысына қанағаттанбай ренішпен шықты. Сыныпта тыныштық орната алмады. Оқушылар жаңа материалды меңгермеген сияқты. Ол сабақтан көңілсіз қайтты. Келесі сабағын берер алдында ол ой үстінде болды. Сабақты барлық мысал, деректерімен айтып бергенімен барлық оқушылар зейінін бірдей өзіне тарта алмауының себебін іздеп ойлана түсті.
Сөйтіп, ол мұның себебі оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орната алмағандық себебі деген қортындыға келді. Енді оның барлық ойы, қолданатын тәсілі баланың зейінін бірден өзіне тартып, балалармен бірден тіл табыса кету әдіс-тәсілін іздестіреді.
Мұғалім келесі сабақта сыныпқы кірген бетте, тақтаға балаларға география картасын ілісімен бірден негізгі тақырып бойынша баяндай отырып, балалардың зейінін карта нүктелеріне аударды. Бұл қолданылған карта балаларға таныс емес, мұғалімнің өз қолынан жасалған, ерекше бояулармен безендірілген карта еді. Сонымен бірге мұғалім картаның екі жағына бірден ауысып сөйлеу мәнерін, дене қозғалысымен ұштастырды. Мұның өзі оқушыға дағдыдан тыс оқиға болып көрінеді де балалар бәрі бірде тыныштала қалып зейінін бірден тақтаға картаға аударады. Осыдан кейін мұғалім сыныпта қарым-қатынасты меңгере отырып, оқушыларға материалды өте қызғылықты баяндады. Сабақ қортындысы бойынша оқушылар материалды меңгергені анықталды, мұғалім мақсатына жетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет