2. Бақылау – табиғатты өздігінен оқып үйренудегі бірден – бір негізгі әдіс.
Бастауыш сыныптарға арналған дүниетану бағдармаларында балалардың қоршаған ортаны бақылауына зор көңіл аударылады. Табиғатты тікелей бақылап оқып үйрену негізінде мектеп оқушыларында көптеген түсініктер қалыптасады. Бастауыш сыныпта дүниетанудан білім алуда бақылау бірден-бір негізгі әдіс болып табылады.
Бақылау дегеніміз - оқушылардың түсінік пен ұғымдарды, іскерлік пен дағдыны дұрыс қалыптастыру мақсатында өлі және тірі табиғат объектілері мен құбылыстарын тікелей қабылдауы деп ұғынуымыз керек. Қабылдаудың негізінде
2. Бақылау табиғи құбылыстардың үздіксіз өзгеруі мен дамуына табиғатта болып жатқан құбылыстардың өзара байланысы мен заңдылығына, дүниенің материалдығына және табиғаттың бір тұтастығына балалардың көзін жеткізеді.
3. Бақылау жеке адамдағы ең маңызды сапаның бірі-бақылағыштықтың қалыптасуына мүмкіндік береді, ол зейін тұрақтылығын тәрбиелеу, ес, талпынғыштық, білуге әуестенудің дамуына әр түрлі табиғи құбылыстар арасындағы байланыстарды анықтай білуге тікелей байланысты.
4. Бақылаулар тәрбиелеуге (еңбек сүйгіштік, тәртіптілік, жауапкершілік) және оқушылардың жүйелі жұмыстар істей білуіне себепкер болады. Сондықтан бақылауды ұйымдастырғанда мына жүйеде өткізуге болады.