Дәріс тақырыбы: «Сандық білім беру ресурстарын және виртуалды зертханаларды пайдалану (BilimLand және т б.)» Дәрістің мақсаты


Сондай-ақ мынандай білім беруші әдістемелік ресурстары бар



бет4/6
Дата11.05.2020
өлшемі25,31 Kb.
#67296
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Сандық білім беру ресурстарын және виртуалды зертханаларды пайдалану

Сондай-ақ мынандай білім беруші әдістемелік ресурстары бар:

  • «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы - http://www.orleu-edu.kz/

  • Қазақстан мұғалімдерінң интернет-қоғамдастығы http://pedagog.kz/

  • Қазақстанның шығармашыл мұғалімдерінің сайты http://sabak.ucoz.org/

  • Сондай-ақ, мұғалімдер мен оқушыларға арналған көптілді білім беру порталы - bilimland.kz.

Үштілділік - сайттың ресурстары үш тілде берілген.

Интерактивтілік - жылдам кері байланыс орната алу мүмкіндігі.

Білімді бағалау - ресурстың сабағын орындау кезінде оқушының өз білімін бірден тексеріп, керек кезде көмекші құрылғыларды (сыбырсөздерді) пайдалана алуы.

Мобильділік - жұмыстағы да, үйдегі де компьютерден қосылу мүмкіндігі.

Қолжетімділік - тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн, кез келген құрал: компьютер, ноутбук, планшет, смартфонмен кіріп жұмыс істеу мүмкіндігі.

Қазіргі қарастыратынымыз: BilimLand, iTest, iMektep, Kitap.kz және Twig-Bilim жаңа ресурсы.

BilimLand – электрондық оқытудың әлемдік көшбасшыларының жетістіктеріне негізделген көптілді, әмбебап білім беру платформасы. Мазмұны бойынша ең жаңа, заманауи контенттің ең үлкен топтамасы.

Қазақстан Республикасы Жаңартылған мазмұн бағдарламасы негізінде оқытуды дербестендірудің қолға алынуы білім сапасына жаңа талаптар қояды. BilimBook-те жаратылыстану-математикалық пәндер негізін оқушыға терең меңгертетін, өз бетінше ойлауын, танымдық белсенділігін арттыратын білім берудің дамыған жаңа моделдеріне негізделген математика, химия пәндері бойынша шамамен 2000 интерактивті сабақ қамтылған. Цифрлық ресурстардың басты жаңашылдығы – заманауи сабақ беру және оқытудың негізгі принциптеріне қол жеткізуге ыңғайлы жағдай жасауы. Оқушының интерактивті іс-әрекеті арқылы оқытуды дербестендіру нәтижесінде оқу пәнін меңгеруде максималды жетістікке жету көзделеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет