Дәріс тақырыбы: «Темперамент психологиясы» Жоспар


Темперамент туралы теориялар



бет2/4
Дата08.02.2022
өлшемі19,06 Kb.
#122393
1   2   3   4
Байланысты:
Темперамент тақырыбына арналған дәріс. Психологияны оқыту әдістемесі. Өміржан Г.К. 2
АЛТЫН КҮЗ, Жоба мақала ретінде, Ақмарал Т. Жоба (pdf.io), Ақмарал Т. Жоба (pdf.io), Ойлау және сөйлеу тақырыбына арналған дәріс. Сарсимбаева Асима., Ойлау және сөйлеу тақырыбына арналған дәріс. Сарсимбаева Асима., 7-практикалық сабақ. Психологиялық кеңес беру және психотерапия негіздері., 7-практикалық сабақ. Психологиялық кеңес беру және психотерапия негіздері.
2. Темперамент туралы теориялар.
Темперамент жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрігері – Гиппократ. Оның тұжырымы бойынша, адамдар төрт «дене шырындарының» - қан, шырыш, өт, запыран - өзара қатынасымен ажыратылады. Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін жоғарыда аталған шырындырдың бірінің басымдылығымен байланыстырды.
Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі: сангвиник (sangius – қан), флегматик (phlegma – шырыш), холерик( chole - өт), меланхолик(melaschole – запыран). Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық кейінгі жүзжылдықтар желісінде көптеген ғалымдар ізденісіне күшті ықпалын тигізді.
Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет – қылықтарды тастап, ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай тип – адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген – конституциялық типология (Э. Кречмер). Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие. Осыдан, дене мүшелерінің сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық тип белгіленген:
1.Лептосоматик- бойшаң, нәзік денелі, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған.
2. Пикник- мығым, сезімшең, кіші не орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас.
3. Атлетик- бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік, ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.
4. Диспластик-дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар әрқилы мүшелік зақымдарға ұшырағандар.
Жоғарыда баяндалған конституциялық типология теориясының негізін қалаған- Э. Кречмер. Бұл теория Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны арықарай жалғастырған У. Шелден болды. Сонымен, әр адамның темпераменті әртүрлі, соған байланысты адамдар да әртүрлі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет