Қорытынды. Сонымен, адамның қай мазмұнда болмасын өз іс - әрекетін жүзеге келтіруі тікелей темпераментке байланысты. Темперамент психикалық процестердің желісінде көріне отырып, еске түсіру, қабылдағанды бекіту жылдамдығына ықпалын тигізеді, ой жүйріктігі мен зейін тұрақтылығын және оның ауыспалығын айқындап береді.
Темперементтерді тәрбиелеуде баланың ерік – жігерін, мінез бітістерін, сезім эмоцияларын тәрбиелеумен ұштастыруға жүргізілген дұрыс. Адамның өзін - өзі ұстай алу қабілетінің дамуы темперамент тәрбиесіне жақсы жәрдем береді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 1. Бап – баба С.Б.. Жантану негіздері: Алматы, Заң әдебиеті, 2003.- 306 б.
2. Жарықбаев Қ. Жалпы психология.- Алматы, 2004.- 377 б.
3. Жарықбаев Қ. Жантануға кіріспе, Алматы, 2004
4. Немов Р.С. Психология. – М., 2001