Күштеу териясы (Шан Ян, Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский. Ф.Оппенгеймер және басқалары) мемлекеттің шығу себептерін экономикалык катынастардан емес, күдай ісінен емес, керісінше, әскери- саяси факторлардан: күштерден, жаулаушылыктан, біртайпаның екіншісін езіп-жаншуынан іздестіреді.
Мемлекеттің маңызды элементтері.
Аумақ- бұл мемлекеттің физикалық, материалдық негізі, оның кеңістіктік мәні. Мемлекеттің өз аумақтық иелігінің нақты белгіленген шекарасы болуы тиіс.
Мемлекеттін екінші манызды элементі - халық, яғни сол мемлекеттің аумағында өмір сүретін және оның билігіне бағынатын, ұлысты немесе ұлтты құрайтын адамдар қауымдастығы. Мемлекет халкы - ел-жұрты бір ұлттан немесе көпұлттан түруы мүмкін. Мемлекеттің тұтастығын және оның барлық мүшелерінін өзара байланысын азаматтық институты немесе бір елдін азаматы болу камтамасыз етеді.
Мемлекеттің белгілері.
Мемлекеттін белгілері бұл - жалпы мемлекетті және баска да кептеген коғамдық-саяси ұйымдардан, бірлестіктер мен қауымдастықтардан мемлекеттік органдардың жеке әркайсысын бөліп даралайтын мемлекеттіліктін кажетті айырыкша ерекшелігі.
Ұлт.
Мемлекет өз аумағында тұратын барлық халықты біріктіреді. Саяси өзін-өзі баскарушы ұлт мемлекеттің субстаниионапдык элементі болады.
Салықтар.
Салықтар жария биліктін өз функцияларын жүзеге асыру барысында мемлекеттің шығарған шығынын жабу үшін азаматтардан және коммерциялык ұйымдардан алынатын міндетті төлем. Салықтар мемлекеттін экономикалық дербестігіне мүмкіндік береді, олар мемлекеттік бюджетті толыктыратын басты көз болып саналады.
Егемендік.
Егемендік мемлекеттің маңызды, айқындағыш белгілерінің бірі болып есептеледі. Мемлекет аумағынын көлеміне, халқының - ел-жұртының санына, саяси режиміне қарамастан егеменді болады.