Дәріс тақырыбы


Өсімдіктерге суықтың әсері



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі23,2 Kb.
#93852
1   2   3   4
Байланысты:
№9-10. Дәріс

2.Өсімдіктерге суықтың әсері.Антарктикада қыс айларындатемпература – 900С-қа дейін төмендейді, бірақ онда өсімдіктер жоқ. Өсімдіктер өскен, бірақ ең суық нүкте Якутиядағы Оймякон, онда температура –680С, ол жерлерде балқарағай ор-маны өседі.

Жер шарының қоңыржай және арктика белдеулерінде, тау-дың ең жоғарғы жағында өсімдіктер ұзақ уақыт бойы суық тем-пература әсерінде болып өседі. Яғни, өсімдіктердің қаттысуыққа (аязға) төзімділігі және қыс кезеңіне төзімділік түсі-нігі бар.


Қоршаған орта температурасы белгілі төмен (суық) деңгей-ге жеткенде өсімдіктер тыныштық жағдайға ауысады. Бірақ тем-пература одан әрі төмендегенде және қатты суық әсерінен алды-мен клеткалар арасындағы, сосын клетка ішіндегі сулар қатып, мұз кристалдарына айналады. Цитоплазма сусызданады, клетка-лар механикалық зақымданады, белок каогуляцияланып, цито-плазма ыдырайды. Суық кезең ұзарған сайын, оның зиянды әсе-рі күшейе түседі. Клеткадағы судың мұз кристалдарына айна-луы күшейіп, цитоплазма сусызданады. Нәтижесінде фермент-тер жүйесінің жұмыс істеуі нашарлайды, әсіресе АТФ синтезде-луіне және фосфорлану процесіне қатысатын ферменттердің ак-тивтілігі (белсенділігі) күрт төмендейді. Цитоплазмадағы мұз кристалдарына айналмаған су ерітіндісінде тұз иондары мен ор-ганикалық қышқылдар концентрациясы деңгейі қатерлі (токси-калық) мөлшерге жетуі мүмкін. Бірақ, цитоплазмадағы қант жә-не қант тәрізді қосындылар, белгілі амин қышқылдары мен бе-локтар биомембраналар мен ферменттер жүйесін зиянды заттар-дан қорғайды. Бұл өсімдіктердің суыққа төзімділігін күшейтеді.

Сонымен, салқын температураға төзімділік – бұл жылы сүйгіш өсімдіктердің ұзақ уақыт бойы оң (+0°-тан +10°С-қа де-йін) салқынға шыдамдылығы. Өсімдіктердің салқын температу-раға төзімділігі тропикалық, субтропикалық аймақтар өсімдікте-ріне және қоңыржай аймақтың кейбір өсімдіктеріне тәр құбы-лыс.




Суыққа (аязға) төзімділік дегеніміз –өсімдіктердің өтесуық, аязға ұзақ уақыт бойы шыдауы, ал күн жылынғанда қайта-дан өсіп дамуы.

Өсімдіктердің суыққа (аязға) төзімділігін күшейтуде олар-дың шынығуының (шыңдалуының) мәні зор, яғни суық темпера-тураның әсеріне өсімдіктер біртіндеп дайындалуы керек. Өсім-діктердің әртүрлі мүшелерінің аязға төзімділігі, яғни шынығуы бірдей емес. Мысалы, жемісті ағаштардың тамыр жүйесі -10-14°С-та үсіп өледі, ал жер бетіндегі мүшелері -40°С-қа дейін шыдайды. Күзге, қысқа қарай жапырағын түсіретін ағаштардың жапырақтарының шынығу қасиеті жоқ.


И.И. Тумановтың зерттеу нәтижелері бойынша, шынығу екі кезеңнен тұрады. Біріншісі – орта температурасы 0°С-тан шама-


3
лы жоғары және жарық жағдайда өтеді. Бұл кезеңде өсімдік клеткасында қанттар жинақталады, өйткені аяз күшейген жағ-дайда қант клетка цитоплазмасын және оның субмикроскопия-лық құрылымын суықтан, сусызданудан қорғайды. Шынығудың бірінші кезеңінде ӛсімдіктердің суыққа төзімділігі -5°, -10°, -12°С-қа дейін артады. Бірақ, бірінші кезеңге дейін өсімдік өзі-нің өсуін тежеуі керек.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет