Дәріс тақырыбы



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі23,2 Kb.
#93852
  1   2   3   4
Байланысты:
№9-10. Дәріс
8-сын БЖБ «Дүниежүзі тарихы»-1, Педагогикалық менеджменттің ұстанымдары

9-10. Дәріс тақырыбы: Өсімдіктердің ыстыққа,суыққатөзімділігі. Жылу жағдайларының әртүрлілігі және жер бетінде өсімдіктердің географиялық бағытта таралуына жылудың әсері
Мақсаты: Көк-жасыл балдырлардың өмір сүре алатын ең жоғары температурасын және жоғары температурадағы өсімдіктерді білу.
Дәріс жоспары:
1. Ыстыққа төзімділік
3.
2.
2. Өсімдіктерге суықтың әсері
3. Шынығудың екінші кезеңі


1.Ыстыққа төзімділік.Экстремальды (шеткі, қатерлі) температураға төзімділігіне байланысты өсімдіктер суыққа төзімді және ыстыққа (аңы-заққа) төзімді болып бөлінеді.


Ыстыққа төзімділік.Көк-жасыл балдырлардың өмір сүреалатын ең жоғары температура + 85°С, бактерия + 88°С. Жоғары сатыдағы өсімдіктер ыстық бұлақтарда өспейді. Ыстық жағдайға (температураға) шыдамды өсімдіктердің бірі – қына. Ыстық ке-зеңде қына денесінде су өте аз болып, өсімдік тыныштық (ана-биоз) жағдайда болады, ал ылғал болғанда қайтадан тіріліп, өсіп дамиды.

Ыстыққа төзімділігіне байланысты өсімдіктер үш топқа бө-лінеді:





  1. Ыстыққа шыдамсыз –бұл өсімдіктер ыстық жағдайдақарқынды транспирация арқылы дене температурасын төменде-тіп, қалыпты деңгейге келтіреді. Бірақ, ылғалдың, транспира-цияның азаюына шыдамсыз.




  1. Ыстыққа төзімді –бұлар Күн сәулесі көп түсетін,құр-ғақ жерлерде өсетіндер, +60°С-дейінгі қысқа мерзімдік ыстыққа төзімді, шыдамды.




  1. Өте ыстық жағдайға төзімді –негізінен төменгі саты-

дағы өсімдіктер, термофильді бактериялар, көк-жасыл балдыр-лар. Қоршаған орта өте ыстық болған жағдайда өсімдіктердің денесі сусызданады, денедегі су мөлшері 8-10 %-ға дейін аза-йып, сосын тыныштық жағдайда болады, мысалы, қыналар. Ал, ылғал қайтадан болып, қоршаған орта шамалы салқындағанда қайтадан тіріліп, өсіп дамиды.


Жоғары температура болғанда өсімдіктер үшін қауіпті(стрессті) жағдайлар: клеткада ылғал азайып кеуіп қалады,өсімдіктер үсті күйікке шалдығады. Хлорофилл ыдырайды, ты-ныс алу процесі күшейеді және бұзылады, белок жиырылып, денатурацияға ұшырайды, цитоплазма каогуляцияланып, сосын өледі.


Өсімдіктердің жоғары (ыстық) температурадан қорғану нә-тижесіндегі бейімделу өзгерістері: жапырақ пен сабақтарда ты-ғыз түктің пайда болуы және түсінің ақшыл болуы, бетінің жыл-тыр болып, жапырақ көлемінің кішірейіп тік орналасуы (күн сәулесі жапырақ бетіне перпендикуляр болып түспейді), жапы-рақтың өзгеріп (редукцияланып) сабақ, тікен тәрізденуі, злак тектес өсімдіктердің жапырақтарының жиырылуы, цитоплазма-да көмірсулардың көбірек болуы, фотосинтетикалық аппарат-тың зақымдануы, т.б. Мысалы, картофельдің тыныс алу процесі +50°С-қа дейін жоғарылап, күшейе береді, фотосинтез процесі-нің жақсы жүретін оптимальды температурасы +20°С, ал +40°С-та фотосинтез толық тоқтайды. Яғни, өсімдік қоректің азаюынан өледі. П.А. Генкельдің пікірі бойынша, жоғары температурада цитоплазма белоктары ыдырайды, белок-липоид комплексі бұ-зылып, аралық улы заттар пайда болады, физиологиялық-био-химиялық зат алмасу процесінің бағыты өзгеріп, цитоплазманың субмикроскопиялық құрылысы (структурасы) бұзылады.

Сонымен, экологиялық факторлардың комплексті әсерінен өсімдіктердің бейімделіп өзгеруі де алуан түрлі, яғни көптеген қасиеттердің, белгілердің бірқатар, бір текті өзгеруімен сипатта-лады. Өсімдіктердің ыстыққа төзімділігі географиялық жағдай-ларға да байланысты. Мысалы, шөл және шөлейт аймақтардағы өсімдіктер ыстыққа өте төзімді және бейімделу ерекшеліктері әртүрлі (7-ші тақырыпты қара).


Әртүрлі өсімдік түрлері өзгерген экологиялық жағдайға өзінше бейімделеді.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет