3.Шынығудың екінші кезеңі (мысалы,күздік бидай)жарықтанемесе қараңғыда, шамалы деңгейдегі аязда (-3°-8°С) тоңып қат-қан кезден басталады. Бұл кезеңнің дұрыс жүруі үшін өсімдік-тер шынығудың бірінші этапынан өтуі керек, сонда өсімдіктер-дің аязға төзімділігі артады. В. Лархер (1978) осы этаптарға қо-сымша үшінші кезеңді ұсынады. Бұл кезеңде өсімдікті ұзақ уа-қыт бойы -10°-30°С температуралық суықта ұстап, қатыру ке-рек. Сонда өсімдіктердің суыққа төзімділігі өте күшейіп, аяз әсе-рінен сусыздануға да шыдайды. Осыдан кейін өсімдікті сұйық азотқа да (температурасы -190°С) салуға болады және онда да өсімдік зақымданбайды, шыдайды. Суыққа, аязға шыдамдылық өсімдіктердің Жер бетінде таралуына әсері зор.
Төмен температураның басқа да зиянды әсерлері бар. Мыса-лы, қатты суық әсерінен топырақ нығыздалады және жарылады, ал бұл өсімдіктер тамырының механикалық зақымдануын туын-датады.
Қысты күнгі қар қалың болып, 0°С температурада ұзақ уақыт ерімей жатса, өсімдіктердің қорға жиналған органикалық заттары тыныс алу процесіне жұмсалып тауысылады. Нәтиже-сінде әлсірейді, сосын өледі. Тундрада, Солтүстік тайгада топы-рақ бір мезгілде емес, әртүрлі уақытта қатуына сәйкес және ыл-ғалдың (судың) көлемі ұлғаюына байланысты кейбір жерлер томпайып көтеріледі де, өсімдіктер топырақтан сыртқа шығып қалады, тамырлары үзіледі. Сыртқа шығып қалған өсімдік мү-шелері (әсіресе тамырлары) қатты суықтан зақымданады. Сон-дықтан өсімдіктердің суыққа (аязға) төзімділігінен басқа, қыс кезеңінің қолайсыз жағдайына төзімділік, яғни қыс кезеңінетөзімділік түсінігі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |