Дәріс. Тақырып: Философиядағы адам мәселесі. Философия тарихындағы адам мәселесі


Философиядағы адамның негізгі бейнелері



бет2/7
Дата06.02.2022
өлшемі32,13 Kb.
#81846
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Адам мәселесі

Философиядағы адамның негізгі бейнелері
Сонымен философияда ежелгі заманнан бастап адам туралы түсініктер қалыптаса бастады.
Ежелгі заманның шығыстық, сондай-ақ батыстық философиясы да қайырымдылық пен жауыздық; әдемілік пен сұрықсыздық; әділеттілік пен әділетсіздік; достық, сүйіспеншілік пен жеккөрініш; бақыт, ләззаттану мен қайғы-қасірет және басқа проблемаларға қызығушылық білдірді. Философияның бүкіл дамуы ұлылардың ойларын бейнелейтін нақыл сөздерге толы:
Лао-цзы: «Адамдарға қарым-қатынаста жоғары ізгілікті меңгерген адам достық пейілді болуы тиіс; сөздері шын жүректен шығуы тиіс; басқаруда (елді) дәйекті болуы тиіс; істерінде мүмкіншіліктерді есепке алуы керек; іс-әрекеттерінде уақытпен санасуы тиіс».
Конфуций: «Адамдардың сені білмейтініне алаңдама, өзіңнің адамдарды білмейтініңе алаңда».
Демокрит: «Ақымақтарға оларды мақтайтындар көп зиян келтіреді».
Платон: «Кеңпейілділік – мән-жайларды шеберлікпен пайдалану: жанның зердемен біріккен асқақтығы».
Аристотель: «Достық дегеніміз – бірлесіп өмір сүру үшін қажетті шарт».
Философияда біртіндеп адам бейнесі мен адам табиғатына деген негізгі ойлар қалыптаса бастады.
Антикалық философтар, әсіресе натурфилософтар адамды ғарыш бейнесі, «шағын дүние», микроғарыш ретінде қарастырды.
Сократтан бастап антикалық философтар адамды дене мен жаннан құралатын қосарлы жаратылыс деп есептеді.
Батыстың ортағасырлық философиясында басты межелеу адам денесі мен жанының арасында ғана емес, «тәндік адам» мен «рухани адам» арасында орын тепті. Адам табиғаты үш бөліктен: дене-жан –рухтан құралады деп түсінілді. Батыстың ортағасырлық діни философтары адамның руханилығы оның ар-ұжданынан, құдаймен байланысынан құралады деп есептеді.
Жаңа уақытта адам ерекшелігі зердеде, ойлауда, рационалдылықта деп қарастырылды. Жанның айқын мазмұны – бұл сана. Декарттың (1596-1650) көзқарасы осындай болды, ол өзінің әйгілі: «Мен ойлаймын, демек, өмір сүремін де» деген сөзін айтты. Екі нәрсе айқын: мен өмір сүремін және мен ойлаймын. Жаңа уақыт философияның бастапқы нүктесі – ойлаушы субъект, зерделі адам (Homo Sapiens).
Жаңа уақытта «хомо сапиенс» (саналы адам) тұжырымдамасымен қатар, «хомо фабер» (іскер адам) тұжырымдамасы үстемдік жағдайды иеленді. Адамдағы басты нәрсе – бұл әрекетке қабілеттіліктерін іске асыру. Немесе жай ғана әрбір жеке адамның мәні оның әрекеттерінде делінеді немесе бұл әрекет Маркстегі сияқты, қоғамдық мағынада түсініледі. Қоғамдағы басты нәрсе – еңбек, ал жеке адам қоғамның «атомы» болып табылады, онда барлық қоғамдық қатынастар «қиылысады».
Жаңа уақыт философияның соңғы өнертабысы – неміс философы Ф.Ницшенің (1844-1900) «асқаралы адамы». Енді зерде ауру ретінде, адамды өлімші қылатын адасу ретінде түсініледі. Ең бастыларына құмарлық, көшбасшылық, шарап, темекі тарту, қиял және әлсіздік атаулыға қарсы наразылық жатқызылды.
ХХ ғасырдың философиясы адамның шынайылығын іздестіруді жалғастырды. Феноменолог Гуссерль (1859-1938) адамның шынайы табиғаты ретінде оның санасының тәжірибесін – идеялар-эйдостардың құрылуын, заттар дүниесін және өмірді солармен сәйкестігінде түсінуді жариялады.
Философ-аналитиктер адамнан өзінің тілдік қабілеттіліктерін белсенді түрде іске асыратын жаратылысты көрді. Тіл саласында адам нені неліктен және қалай істеу керек екендігін шешеді.
Австриялық дәрігер-психиатр Зигмунд Фрейд (1856-1939) өзінің бейсаналық философиясын дамытты. Фрейдтың тұжырымдамасына сәйкес жеке адамның психикасында үшқабатты құрылым бар. Оның бірінші қабаты (Фрейд оны «Ол» деп атайды) бейсаналық психикалық бастама болып табылады. Фрейдтың негізгі идеясы: адам – эротикалық жаратылыс, өйткені «Онда» Эрос билік жүргізеді.
Постмодерншілерге сәйкес, адам – асқақтықты және бірсарынды, бірөлшемді, көңілсіз, ұжымдық, тоталитарлық нәрселердің тұншықтырушы құшағынан құтылуды іздестіру жолындағы бүлікшіл жаратылыс. Адам орын алған қоғамдық нормаларды тек ол одан үнемі қашқақтаған, басқаша айтқанда, оларды деконструкциялаған жағдайда ғана түсінуі мүмкін.
Біздің бұл жерде адам мен оның табиғаты туралы философиялық тұжырымдамалардың бәрін ұсынбағанымыз түсінікті. Адамның аса күрделі табиғатын қарастыруымыздың аяқталмағандығын, ол оқулықтың келесі параграфтарында жалғастырылатынын атап өтпекпіз.
Солай болғанымен де, адам табиғатының қарастырылған түсіндірмелеріне тағы да біреуін қосайық. Әңгіме Людвиг Фейербахтың (1804-1872) антропологиялық материализмі туралы болмақ.
Фейербахты қызықтырған басты проблема – бұл адам мен оның мәні мәселесі. Оның үстіне, ол адамды қайдағы бір абстрактілі әлдене ретінде емес, өзінің барлық өмірлік көріністеріндегі реалды жаратылыс ретінде түсінді. Фейербах философиясында адам барлық философиялық зерттеулердің «бастапқы пункті және соңғы мақсаты» ретінде қарастырылады. Сондықтан да Фейербах философиясы – бұл философиялық антропология.
Фейербахқа сәйкес, адам – «табиғаттың айнасы». Ол – табиғат туындысы және оның жаратылыстық күштері мен қабілеттерінің бейнеленуі болып табылады. Сондықтан заттар табиғатында жаратылыстан тыс ештеңе жоқ. «Жаратылыстан тыс» деп аталатынның бәрі адам арқылы жаратылысқа, яғни табиғатқа телінуі тиіс. Фейербах адамның табиғи-биологиялық сипатын атап көрсетті, ол гегельдік жалпылама абстракциялардан қол үзіп, жеке адамға бет бұрды. Айлайда Фейербах адамның өзін өте тар мағынада түсінді. Оның адамы реалдық қоғам мен қызметтен оқшауланған болып шықты.
Сонымен Л.Фейербах дінді сынады. Ол табиғат пен адамнан тыс ештеңе жоқ деп есептеді. Оның түсінігі бойынша біздің діни қиялымызбен жасалған жоғары жаратылыстар – бұл біздің өз мәнімізді құдайландыру ғана. Табиғат философияға тәуелсіз өмір сүретіндіктен, «ақиқат материализм де, идеализм де, физиология да, психология да емес, ақиқат тек қана антропология болып табылады». Фейербах бойынша, адамның мәні оның басқа адаммен қарым-қатынасында, яғни «тек етене қатынаста, адамның адаммен бірлігінде ғана» орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет