Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы


-1940 жылдар аралығындағы Кеңестік педагогиканың қалыптасуы мен дамуы



бет25/67
Дата04.05.2023
өлшемі184,5 Kb.
#176015
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   67
Байланысты:
Ä?ð³ñ òà?ûðûïòàðûíû? òåçèñòåð³. Ä?ð³ñ òà?ûðûáû ¹1. ?Ð æî?àðû á³ë
271 menshikova t.m bankovskiy nadzor i audit, Тіл білімі және оның салалары, Тіл білімі және оның салалары 3
1917-1940 жылдар аралығындағы Кеңестік педагогиканың қалыптасуы мен дамуы.
Кеңестік педагогиканың негізін қалаған халық ағарту ісінің көрнекті қайраткерлері – Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, М.Н.Покровский және басқалары болды. Кеңес педагогикасында алғашқы жылдары тәрбиенің жалпы мақсаты тұжырымдалды. Тәрбиенің мәнін жаңаша тұжырымдау «Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары» атты декларацияда анық та айқын көрініс тапты. Декларация революцияға дейінгі мектептерге тән тәрбиенің милитаристік және ұлтшылдық бағыттарын қатты сынға алды. Кеңестік педагогика өнерлі баланың танымдық қабілеттіліктерін дамытудың, рухани бейнесін қалыптастырудың, жоғары идеал мен дүниеге эстетикалық қатынастардың ең күшті құралы ретінде жоғары бағалады.
Кеңес педагогикасын дамытуда Павел Петрович Блонский ерекше орын алды. Ол «Педагогика» (1922) және «Педагогика негіздері» (1925) оқулықтарын жазды. Осы жылдары А.П.Пинкевичтің «Педагогика» оқулығы жарық көрді. Бұл еңбектің авторлары ескі педагогикалық мұраны қайта қарауға және тәрбие мен білім беру мәселелерін жаңаша шешуге талпынды. Кеңестік дидактиканың негіздерін қалауда Н.К.Крупскаяның еңбегі ерекше болды. Ол тек қана педагогиканың бұл саласының жалпы мәселелерін қарастырып қана қойған жоқ, сонымен қатар жеке әдістеме мәселелерін, әрбір оқу пәнінің білімдік және тәрбиелік мәнін қарастырды.
- 20-жылдары өзінің жан-жақты педагогикалық және ғылыми қызметімен белгілі болған кеңес педагогикасының көрнекті өкілі Станислав Теофилович Шацкий. Шацкий еңбек тәрбиесіне, оқытуды еңбекпен, қоғамдық пайдалы еңбекпен ұштастыруға ерекше мән берді. 1932 жылы техникумдар үшін «Педагогика» оқулығы (редакциясын басқарған А.Африканов пен П.Н.Груздев); 1934 жылы М.М.Пистрактың педагогикалық институттарға арналған «Педагогикасы»; П.Н.Шимбировтың педагогикалық училищелерге арналған «Педагогика» оқулығы; 1939 жылы И.А.Каировтың басқаруымен «Педагогика» оқу құралы жарық көрді; 1940 жылы П.Н.Груздевтің басқаруымен «Педагогика» оқу құралы баспадан шықты.
- 30-жылдары дидактика және тәрбие теориясы мәселелері бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді. 20-30 жылдары балалар ұжымы мәселесіне ерекше қызығу аңғартқан көрнекті кеңес педагогтары мен психологтары Н.М.Шульман, С.М.Ривес, П.П.Блонский, А.С.Залужный, М.М.Пистрак, С.П.Щацкий, А.С.Макаренко, Ф.Ф.Каролев. Ұжым мәселесін зерттеуге А.С.Макаренко елеулі үлес қосты.
30-жылдардың орта кезінде педагогика тарихының саласында ғылыми-зерттеу жұмысы елеулі жандана бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет