Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы


Интербелсенді лекцияда әдетте мәтін бірнеше бөлімге, тиімді мөлшерде бөлінеді



бет42/67
Дата04.05.2023
өлшемі184,5 Kb.
#176015
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   67
Байланысты:
Ä?ð³ñ òà?ûðûïòàðûíû? òåçèñòåð³. Ä?ð³ñ òà?ûðûáû ¹1. ?Ð æî?àðû á³ë

Интербелсенді лекцияда әдетте мәтін бірнеше бөлімге, тиімді мөлшерде бөлінеді. Қағазға басылып, үлестірмелі материал түрінде таратылып берілген бөлімдерді оқу мен зерттеу барысында студенттер белсенді әрекеттер атқарады: олардың қатарына туындаған қиын мәселелер мен сұрақтарды
келтіру, берілген мәлімет бойынша өз түсінігі мен пікірін қалыптастыру, лекцияның тұжырымдарын өзара талқылау, кесте толтыру, жоспар жасау, графиктер сызу, т.б. әрекеттер кіреді. Бұл белсенді әрекеттер жеке және бірлескен жұмыс жасау форматтарында өтеді.
- Интербелсенді лекцияда студенттердің бірлескен жұмысы қолданылады.
Студенттердің белсенді әрекеттері бірлескен жағдайда өтуі керек: берілген тапсырмалар шағын топ немесе жұп қатарында орындалады. Студенттер лекцияның бір бөлімін оқып болған соң жекелей жұмыс жасап, сонан кейін жұптасып (немесе шағын топ құрамында) өз түсініктері мен туындаған ойлары мен бөліседі: олардың жаңа білімі мен өзіндік пікірлері осындай ой талқы нәтижесінде пайда болады.
- Интербелсенді лекцияда жаңа білім студенттердің ой-толғанысы арқылы құралады.
Лекцияда студенттер қарастырылған материал бойынша «Мен сабақта не үйрендім?», «Бұл білім маған қандай пайда келтіреді?», «Бұл білімді қалайша қолдануға болады?», «Бұл білім маған не үшін керек?», «Бұл білімді ары қарай қалай дамытамын, жалғастырамын?», «Тағы да не білгім келеді?» деген сұрақтар ауқымында ойланып, өз жауаптарымен бір-бірімен бөліскені орынды. Осындай ой-толғаныс нәтижесінде студент лекция материалы бойынша жаңа білім құрастырады.
- Интербелсенді лекцияда бағалау жазба жұмыстары арқылы жүзеге асырылады.
Студенттердің сабақта қалайша жұмыс жасағандығын, оның материалды қандай деңгейде игергендігін білу мақсатында лекция аяғында жазба жұмыстарын (ауызша ой-толғаныс әрекеттерінен кейін) орындау керек. - Интербелсенді лекция кері байланыспен аяқталады.
Кері байланыс дегеніміз сабақтың соңында студенттерге бір-біріне сұрақ қойып, олардың ойларын, қандай сұрақтары мен мұқтаждары бар екендігін, бүгінгі сабақ туралы пікірлері қандай екендігін анықтау. Бұл жауаптар алдағы сабақтарды жоспарлауда қолданып, келесі сабақты студенттердің пікірлері негізінде құрастыруға бағыттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет