Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы


Мұндай ойындарда келесідей рөлдерді қолдануға болады: Автор



бет44/67
Дата04.05.2023
өлшемі184,5 Kb.
#176015
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   67
Байланысты:
Ä?ð³ñ òà?ûðûïòàðûíû? òåçèñòåð³. Ä?ð³ñ òà?ûðûáû ¹1. ?Ð æî?àðû á³ë

Мұндай ойындарда келесідей рөлдерді қолдануға болады: Автор - өз көзқарасы мен пікірін келтіруші, ұсынушы.
Түрлендіруші – автордың ұсынысын толық қабылдамай, өз түсінігін құрастыратын, содан туындалған ойларымен басқалармен бөліседі. Сыншы (немесе Пессимист) – талқылау барысында қабылданған шешімдерге күмән келтіріп, өзгеше ұсыныс жасап, басқа шешімдер мен көзқарастар келтіреді.
Ұйымдастырушы (немесе капитан) – жасалған жмыстың барлығын да үйлестіріп, қатысушылардың жеке пікірлерін жинақтауға, біріктіруге ұмтылып, оларды автордың дамытуға бағыттайды.
Қуаттаушы (немесе Оптимист) – қандай да болмасын келтірілген ұсыныс пен әрекеті демеп, қолпаштап отырады. Оның жұмысы сыншы рөліне қарам қарсы. Ол өз жұмысында мақтау мен мадақтауды, арқадан қағу мен қол шапалақтауды қолданады да, солар арқылы топ ішінде көтеріңкі көңіл-күй орнатуға бар күшін салады.
Суретші – топ жұмысының нәтижелерін плакатқа маркермен түсүруші. Бұлардан басқа да рөлдерді қолдануға тұрарлық, олардың қолдану (ойнау) ойынның мақсаттары мен жоспарланған нәтижелеріне байланысты болады.
- идея келтіруші (идеялар генераторы) – үнемі өз ойларын келтіріп, топтың әрекеттерін соларды жүзеге асыруға бағыттаушы;
- ақын – бірлескен жұмысты жандандыру мақсатында ьоп жұмысына немесе мүшелеріне арнап өлең мен ұйқастар шығарушы;
- күманданушы (скептик) – сыншы секілді әр идея, ой мен әрекетті күманданып қабылдаушы, қарсы пікір айтушы;
- барлаушы – басқа топтарда жұмыстың қалайша жүріп жатқандлығын анықтаушы;
- жылнамашы – топ жұмысының барысы мен қатысушылардың әрекеттерін қағазға түсүруші.
- бақылаушы – ойын ережелері мен рөлдерді орындау үшін қабылданған тәртәптерді, қатысушылар әрекеттерінің аяққы нәтижеге бағытталуын қадағалаушы.
Осындай рөлдерді қолданатын ойынның мысалы ретінде халықаралық “Street Law” бағдарламасы ұсынған бір ойынды келтірейік.
«Көшбасшылық» ойыны
(«Ерлер мен әйелдердің теңдігі тақырыбы бойынша»)
Студенттер жеті адамнан тұратын шағын топтарға бөліп, олардың мүдделерін ескеретін тапсырмалар беріңіз: мәселен, «студенттік топ екі күнгі демалуға 600 доллар жинады. Бұл ақшаны қалайша ұстауға болады?» Топтардың әр мүшесіне келесідей карточкаларды үлестіріңіз: 1. Сіз нағыз көшбасшысыз. Сіз арқашан да дұрыс шешім таба аласыз.
2. Сіз көпті көрген, өте тәжірибелі адамсыз. Өзіңіздің өмірлік тәжірибеңізге сүйене отырып, Сіз арқашан жақсы шешім шығара аласыз.
3. Сіз ылғи да күманданып, бәріне де сенімсіздікпен қарайтын адамсыз. 4. Сіз қандайда болмасын идеяны жоққа шығара білетін сыншысыз.
5. Сіз еш келісімге келе алмай жүргендерді татуластыра білетін бітімгерсіз.
6. Сіз қорытынддылауды жақсы білетін аналитиксіз.
7. Сіз өзіңіздің жұмысқа деген жеңілтектігіңізбен қандай да болмасын ұмтылысты жоққа шығарасыз.
Әрбір студент өз карточкасын басқаларға көрсетпей оқып, сол бойынша өз рөлін ойнайды. Топтардың шешім қабылдауы үшін жеткілікті уақыт беріңіз. Әдетте бұл ойында топтардың біреуі де дұрыс шешім қабылдай алмайды., өйткені әр топта өзін көшбасшы санайтындар аз емес. Топтардағы жұмыс ылғи да қызу және тартысты өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет