Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы


Дәріс тақырыбы №9. Жоғары мектептегі оқытуды ұйымдастыру формалары



бет54/67
Дата04.05.2023
өлшемі184,5 Kb.
#176015
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   67
Байланысты:
Ä?ð³ñ òà?ûðûïòàðûíû? òåçèñòåð³. Ä?ð³ñ òà?ûðûáû ¹1. ?Ð æî?àðû á³ë

Дәріс тақырыбы №9. Жоғары мектептегі оқытуды ұйымдастыру формалары.
1. Жоғары мектептегі оқытуды ұйымдастыру формасы туралы жалпы түсінік.
2.Дәріс. Дәріс түрлері және құрылымы.
3. Жоғары мектептегі практикалық сабақтар.
1. Жоғары мектептегі оқытуды ұйымдастыру формасы туралы жалпы түсінік.
Форма – сыртқы көрініс, белгіленген тәртіп. Форма – мазмұнның ішкі ұйымдастырылуы. “Оқытуды ұйымдастыру формасы – алдын-ала белгіленген тәртіппен және режиммен реттелетін оқушылар мен мұғалімнің өзара қимылдары”. ЖОО оқытуды ұйымдастыру формалары: дәріс, семинар, лабораториялық сабақ, студенттердің өзіндік жұмыстары.
2. Дәріс. Дәріс түрлері және құрылымы.
Дәріс – оқытушының негізінен теориялық сипаттағы оқу материалдарын жүйелі, бірізді монолог түрінде мазмұндауы. Дәріске қарсылар оның келесі кемшіліктерін көрсетеді:
- өзгенің ойын пассивті түрде қабылдауға үйретеді;
- студенттердің өзіндік жұмысын тежейді.
Дегенмен, оқу материалдарын жүйелі меңгеруде дәрістің орны ерекше. Дәріс түрлері: дәстүрлі, кіріспе, шолу, пікірталас лекциясы, лекция консультация, лекция-конференция, сұрақ-жауап-пікірталас, қатені түзету лекциясы, визуальды лекция, Екі оқытушының лекциясы және т.б..
Дәріс құрылымы: мақсаты, жоспары, тақырыпқа байланысты әдебиеттер тізімі, әр сұрақтан кейінгі қысқаша қорытынды, лекция соңындағы жалпы қорытынды.
Дәріс сапасын бағалау критериилері: мазмұны, оқу әдістемесі, студенттердің жұмысын басқару, оқытушының лекторлық шеберлігі, дәрістің нәтижелілігі.
Проблемалық лекция
Проблемалық лекцияларда қарастырылып жатқан тақырып бойынша бір біріне қарама-қарсы пікірлер мен көзқарастар немесе қалыптасқан түсінікке қайшы теориялар келтіріледі. Бұл жерде басты мақсат студентті үйреншікті
қалыптан шығарып, білім игеру процесін өзіндік тұрғыдан ұйымдастыру болып табылады: студент келтірілген пікірлерді таңдау мен дәлел келтіру арқылы өзіндік түсінік қалыптастырады.
Проблемалық лекцияда басты назар күрделі теориялық мәселелерге аударылып, пікірталас тудыратын сұрақтар қойылады, олардың ішінен біреуін таңдауды талап етіліп, студенттердің өзіндік пікір қалыптастырылуына жол беріледі. Бұл әдіс студенттерді проблемалық сұраққа жауап іздеуге ынталандырып, зерттеу жұмысына баулиды. Мұндай ізденіс барысында студенттердің өздері де проблемалық (екіұшты, дәлелдеуді қажет ететін, пікірталас туғызатын,түсінікке қиын,т.б.) сұрақтарды қойып, оларға өздігінен жауап беру тұрғысынан ізденеді. Сол себепті де проблемалық лекция диалогқа және зерттеу процесіне ұқсас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет