Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы



бет57/67
Дата04.05.2023
өлшемі184,5 Kb.
#176015
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   67
Байланысты:
Ä?ð³ñ òà?ûðûïòàðûíû? òåçèñòåð³. Ä?ð³ñ òà?ûðûáû ¹1. ?Ð æî?àðû á³ë

Лекция - пресс-конференция
Пресс-конференцияны өткізгенде сабаққа бір немесе бірнеше оқытушылар, не болмаса мамандар шақырылып, олар лекция тақырыбы бойынша студенттердің сұрақтарына жауап береді. Оқытушы мұндай лекцияда студенттер мен мамандардың арасында делдал болып, талқылау процесін ұйымдастырушы рөлдерін орындайды. Лекция соңында оқытушы қатысушылардың көзқарастары мен пікірлерін қорытындылайды. Пресс конференцияны өткізгенде рөлдік ойын элементтерін қолданған тиімді. Мәселен, мұнда студенттер сұрақ қойғанда белгілі баспасөз агенттіктері (Қазақпарат, Франс Пресс, CNN) немесе газеттердің («Егемен Қазақстан», «Жетісу», «Таймс») тілшілері рөлдерін орындауы мүмкін.
Сұрақ-жауап-талдау лекциясы
Мұндай лекцияда оқытушы алдымен студенттерге тақырып бойынша өз сұрақтарын қояды: сұрақтар студенттердің қызығушылығын тудыру үшін проблемалы немесе даулы болуы керек. Аз уақыт талқылаудан кейін студенттер берілген сұрақтарға аз жауаптарын келтіреді. Осыдан кейін оқытушы студенттер жауаптарын талдап, туындаған қиын мәселелердің шешімін ұсынып, қателерді түзету жолдарына тоқталады.
Қатені түзету лекциясы
Мұндай лекциялар студенттерді шұғыл түрде (уақыттың тапшылығы мен оқытушы тарапынан тікелей көмектің жоқтығын ескере отырып) талдау жасап, шешім қабылдауға және ақпаратты бағалауға бағыттайды. Оқытушы студенттерге сабақ тақырыбында әдейілеп қате жіберетіндігін ескертеді. Студенттердің міндеті - қатені тауып, оны түзетудің, мүмкін жолдарын ұсыну.
Екі оқытушының лекциясы
Бір тақырып бойынша лекцияны екі оқытушы оқиды/жүргізеді. Мұндай лекция екі оқытушының бір-бірімен және студенттермен жасалған диалог түрінде өтеді немесе пікірталас сипатын қабылдайды.
Қазіргі дәрістердің сипаты.

Дәрістердің түрлері




1

2

Проблемалы дәріс

Студенттердің назарын заманауи мәселелерге аударады;
Оларды шешу жолдарына қатысты ой өрбітуіне шарт түзеді;

Визуалды дәріс

Поблемалы ахуалдар материалды меңгерудің психологиялық ахуалын туындатады;
Оқытудың басқа түрлеріндегі ақпараттық, көрнекілік дағдыларының дамуына ықпал етеді;

Бірлесіп оқитын дәріс

Студенттердің пікірталас мәдениетін қалыптастырады; диалог жүргізу дағдыларын дамытады; бірлесіп ізденуге, ой бөлісуге шарт түзеді; коммуникативтілік пен суырып салмаға бейімдейді.


Әдейілеп қателіктер жіберілген дәріс

Кәсіби ахуалдарды жылдам талдауға дағдыланады; зияткерлігі мен ой жүргізуіне және пікір білдіруіне алып келеді;танымдық белсенділігі артады.

Дәріс сұхбат

Ақпарттар жинақтауға, оны ой елегінен өткізуге; сұрақты сауатты қоя білуге үйретеді; кәсіби және әлеуметтік қарым-қатынас тәсілдерін меңгереді;

Дәріс әңгіме

Тақырыптың неғұрлым маңызды тұстарына мән беріледі; ойлау, сөз түріне пікір білдіру қабілеттері дамиды; ой-өрісі жетіледі.

Дәріс пікірталас

Оқытушылар мен студенттер арасындағы еркін пікір алмасу; студенттердің өз көзқарасын дәлелдеуге мүмкіндік береді; дидактикалық мақсаттың ұтымды жүзеге асуы байқалады;

Нақты ахуалдарды талдау әдісі

Нақты педагогикалық жағдайлар мен мәселелер, бейнесурет, бейнежазу, фильм түрінде көрсетіледі де талданады; оның теориялық-практикалық тұстары ашып көрсетіледі; студенттер өз болжамдары мен қорытынды пікірлерін білдіреді.

Дәріс тұсаукесер

Дәріс мазмұны жайлы қысқаша ақпараттар беріледі де соған сәйкес сызба, үлгі, кесте слайд т.б. көрсетіледі; студенттердің өзіндік ізденісіне қозғау салу көзделеді;

Қазіргі кезде кең таралған дәрістер «Тұсаукесер дәріс-лекция презентация»- деп аталады. Бұл дәрістеоқуға берілетін уақытты үнемдеуге, және студенттердің өзбетімен ізденісіне жол ашатын сұрақтар мен тапсырмаларды нақтыланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет