Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы


Жалпы,  педагогикалық  қарым-қатынас  дегеніміз  белгілі  бір



Pdf көрінісі
бет156/181
Дата17.05.2020
өлшемі1,5 Mb.
#69256
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   181
Байланысты:
downloadPdfUmkd
downloadPdfUmkd, test 8 2, общ тероия 3 саб
Жалпы,  педагогикалық  қарым-қатынас  дегеніміз  белгілі  бір 
педагогикалық  функциялары  бар  және  жағымды  психологиялық  климат 
(егер ол толық және оңтайлы болса) құруға, сонымен қатар оқу іс-әрекетін 
және педагог пен білім алушы арасындағы қарым-қатынастарды басқаша 
түрдегі  психологиялық  оңтайландыруға  бағытталған  оқытушының  білім 
алушымен  сабақта  және  сабақтан  тыс  (оқыту  және  тәрбиелеу  процесі 
барысында) кәсіби қарым-қатынасы. (А. А. Леонтьев).  
Нәтижелі  педагогикалық  қарым-қатынас  критерийлерінің  бірі  жағымды 
психологиялық  климат  құру,  оқу  тобында  белгілі  бір  тұлғааралық  қарым- 
қатынас  қалыптастыру.  Оқу  тобындағы  тұлғааралық  қарым-  қатынастар 
педагогпен  мақсатты  түрде  қалыптастырылуы  керек.  Бұл  жерде  белгілі  бір  - 
жоғары-  сатыларда  олардың  негізгі  көзі  ұжымның  өзін-өзі  дамытуы  болады. 
Бірақ  бастапқы  кезде  тұлғааралық  қарым-  қатынастардың  жоғары  деңгейін 
қалыптастыруда орталық орын педагогқа тиесілі.  
Ежелгі  Шығыс ақындарының сөздері бойынша, оқушылар жеміс бағы, ал 
оқытушы  –  бағбан  секілді.  Бастапқыда  жас  ағаштар  әлсіз  және  олардың  өмірі 
толығымен еңбегіне тәуелді, бірақ әлденгеннен кейін, олар өздігінен өседі және 
тәтті жемісін береді. 
Қарым-қатынас  тиімділігі  мәселесі  соңғы  уақытта  үлкен  мәнге  ие  болды. 
Оған  көптеген  атақты  психологтардың  –  А.  А.  Бодалева,  Б.  .Ф.  Ломова, 
Е.С.Кузьмина,  В.  В.  Знакова,  А.  А.  Леонтьева,  А.  А.  Реана  және  т.б.еңбектері 
арналған. 
Жоғары 
іс-әрекет 
деңгейіндегі 
оқытушылардың 
ықпал 
етулер 
құрылымынан  көріп  отырғанымыздай,  бірінші  орында  ұйымдастырушылық 


 
 
сипаттағы  ықпал  етулер  тұр,  ал  төмен  іс-әрекет  деңгейіндегі  оқытушыларда  –
тәртіпке салушы сипаттағы ықпал етулер тұр. Егер педагог білім алушылардың 
іс-әрекетін ұйымдастыруға жеткілікті көңіл бөлмесе, нәтижесінде оған тәртіпті 
сақтау үшін күш пен уақытын жұмсауға тура келеді. 
Тәртіпсіздік  ұйымдастыру  жоқ  жерде  пайда  болады.  Басқаша  да  айтуға 
болады. Тәртіпсіздік адамдар бейбас және тәртіпсіз болғаннан емес, олардың іс-
әрекеті дұрыс ұйымдастырылмағандықтан пайда болады.  
Жоғарыда  сипатталған  зерттеу  барысында,  бір  сабақ  ішінде    жоғары  іс-
әрекет  деңгейіндегі  оқытушылардың  ықпал  етулерінің  орташа  саны-  17,  ал 
төмен  іс-әрекет  деңгейіндегі  оқытушыларда  –  69-ға  тең.  Сөйтіп,  жоғары  іс-
әрекет деңгейінде ықпал етулер саны аз болады, бірақ олар өздігінен тиімдірек.  
Педагогтың  білім  алушыларға  вербалды  ықпал  етулер  репертуары,  оның  
іс-әрекет  деңгейімен  және  онымен  білім  алушыларды  түсіну  деңгейімен 
байланысты.  Жоғары  іс-әрекет  деңгейіндегі  оқытушылардың  арсеналында 
орташа  алғанда  ықпал  етудің  34  түрі,  ал  төмен  іс-әрекет  деңгейіндегі 
оқытушылар  репертуарында  -    бар  болғаны  24  (С.  В.  Кондратьева,  1984). 
Сонымен  қатар,  жоғары  іс-әрекет  деңгейіндегі  оқытушылардың  сабаққа  17 
нақты ықпал етуіне репертуардан 34 потенциалды ықпал ету сәйкес келеді. Ал, 
төмен іс-әрекет деңгейіндегі оқытушыларда, керісінше, сабаққа 49 нақты ықпал 
ету бар болғаны  24 ықпал етуден тұратын арсеналмен қамтамасыз етіледі. Бұл 
жағдайларда, оқытушының білім алушылармен қарым-қатынасы айқын, қайта-
қайта бір ескертелерді қайталай беруге әкеледі. 
Жоғары  және  төмен  іс-әрекет  деңгейіндегі  оқытушылардың  вербалды 
ықпал ету жүйесі сандық жағынан да, сапалық жағынан да ерекшеленеді. С. В. 
Кондратьева негізінен жоғары деңгейдегі оқытушылар келесідей ауызша ықпал 
ету  формаларын  қолданатынын  анықтады  (маңыздылығы  бойынша):  нұсқау 
беру,  интонацияны  жоғарылату,  тегін  атау,  мадақтау,  әзіл.  Төмен  іс-әрекет 
деңгейіндегі оқытушылар жиі дауыс көтереді немесе оқушылардың тегін атау, 
әзіл  мен  мадақтауды  сирек  қолданады.  Және  олар үшін  нұсқау  беру  тән  емес, 
себебі  мұндай  педагогтар  оқушыларды  ұйымдастырудан  гөрі  тәртіпке  көбірек 
салады.  
Тиімді педагогикалық қарым-қатынас әрқашан тұлғаның позитивті «Мен-
тұжырымдамасын» қалыптастыруға, студенттерде өзіне, өз күшіне, өз әлеуетіне 
деген  сенімділікті дамытуға бағытталған.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет