Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы


  Педагогикалық  қарым-қатынас  пен  педагогикалық  басшылық



Pdf көрінісі
бет157/181
Дата17.05.2020
өлшемі1,5 Mb.
#69256
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   181
Байланысты:
downloadPdfUmkd
downloadPdfUmkd, test 8 2, общ тероия 3 саб
2.  Педагогикалық  қарым-қатынас  пен  педагогикалық  басшылық 
стильдері. 
 
Атақты  психолог  В.A.Kaн–Калик  келесідей  педагогикалық  қарым-
қатынас  стильдерін бөліп көрсетті: 
1. Педагогтың жоғары кәсіби орнатпалары негізінде қарым-қатынас жасау, 
оның  жалпы  педагогикалық  іс-әрекетке  деген  көзқарасы.  Олар  туралы  былай 
айтады:  «  Оның  артынан  студенттер  еріп  жүреді!».  Жоғары  мектепте  қарым-
қатынасқа  деген  қызығушылық  жалпы  кәсіби  мүддемен  де,  әсіресе  бейіндік 
кафедраларда, ынталандырылады.  
2. 
Достық  ықылас  негізіндегі  қарым-қатынас.  Ол  ортақ  іске 


 
 
әуестенушілікті  болжайды.  Педагог    ұстаз,  аға  жолдас,  бірлескен  оқу  іс-
әрекетінің  қатысушысы  рөлін  орындайды.  Дегенмен  бұл  жағдайда 
ағайыншылдықтан  алшақ  болуы  керек.  Әсіресе  бұл  шиеленісті  ситуацияларға 
түскісі келмейтін жас педагогтарға қатысты. 
3.  Қарым-қатынас-  арақашықтық  педагогикалық  қарым-қатынастың  ең 
кең  тараған  типтеріне  жатады.    Бұл  жағдайда  өзара  қарым-қатынаста  барлық 
салаларда    үнемі  арақашықтық  байқалады:  оқуда  -    бедел  және  кәсібилілікке 
сілтеме,  тәрбиеде  -    өмірлік  тәжірибе  және  жасқа  сілтеме.  Мұндай  стиль 
оқытушы-  оқушы  қарым-қатынасын  қалыптастырады.  Бірақ,  бұл  оқушылар 
оқытушыны құрдас ретінде қабылдау керек дегенді білдірмейді.  
4.  Қарым-қатынас  -  қорқыту  –  адамгершілікке  жат,  оған  жүгінетін 
оқытушының  педагогикалық  дәрменсіздігін  жасыратын,  қарым-қатынастың 
негативті формасы,   
5. 
Қарым-қатынас  -жағыну,  танымалдылыққа  ұмтылатын  жас 
оқытушыларға  тән.    Мұндай  қарым-қатынас  тек  өтірік,  арзан  беделді 
қамтамасыз етеді. 
Педагогикалық  тәжірибеде  жиі  біреуі  басымдық  танытатын,  қандай 
болмасын пропорцияда стильдердің үйлесімі байқалады. 
Соңғы  жылдары  шетелде  жасақталған  педагогикалық  қарым-қатынас 
стильдерінің  жіктелімдері  ішінен  М.  Таленмен  ұсынылған  оқытушылардың 
кәсіби позицияларының типологиясы қызығушылық тудыртады.  
Үлгі/  -  «Сократ».  Бұл  даулар    мен  пікірталастарды  сүюші  ретінде  беделі 
бар,  оларды  сабақта  әдейі    тудыратын  оқытушы.    Оқу  процесіндегі  үнемі 
тайталас  әсерінен  оған  индивидуализм,  жүйесіздік  тән;  білім  алушылар  өз 
позицияларын қорғауды күшейтеді, оларды сақтап қалуға үйренеді. 
Үлгі  I/  -  «Топтық пікірталас  жетекшісі».  Өзіне демократиялық  келісімді 
іздеу  пікірталас  нәтижесінен  гөрі  маңызды  болып  келетін  делдал  рөлін  бере 
отырып, оқу –тәрбие процесіндегі бастысы білім алушылар арасында келісімге 
қол жеткізу және ынтымақтастық орнату  деп санайды. 
Үлгі  I//  -  «Шебер».  Оқытушы    бірінші  кезекте  оқу  процесінде  ғана  емес, 
жалпы  өмірде  де  сөзсіз  қайталауға  тиісті  еліктеу  үлгісі  ретінде  қызмет 
атқарады. 
  Үлгі  W  -  «Генерал».  Екі  мәнділіктен  өзін  алшақ  ұстайды,  талапшыл, 
тыңдауға  қатаң  қол  жеткізеді,    өзінікін  барлық  жағдайда  дұрыс  деп 
санайтындықтан, оқушы жаңа шақырылған әскери жауынгер ретінде, берілетін 
бұйрықтардың бәрін бұлжытпай орындауы тиіс. 
Типология  авторының  мәліметтері  бойынша  бұл  стиль  педагогикалық 
тәжірибеде басқаларына қарағанда кең таралған.  
Үлгі V «Менеджер». Негізінен белгілі бір бағыттағы мектептерде таралған 
және  олардың бастамашылдығы мен дербестігін мадақтай отырып, сыныптың 
тиімді  іс-әрекеті  атмосферасымен  байланысқан  стиль.  Оқытушы  әрбір  білім 
алушымен  шешілетін  тапсырманың  мәнін  талқылауға,  соңғы  нәтижені  сапалы 
бақылау мен бағалауға ұмтылады. 
Үлгі    V/  -  «Жаттықтырушы».  Сыныптағы  қарым-қатынас    ахуалы 
корпоративтік  рухқа  ие.  Бұл  жағдайда  білім  алушылардың  әрқайсысы 
жекелеген  тұлға  ретінде  маңызды  емес,  бірақ  бірге  көп  нәрсеге  қол  жеткізе 


 
 
алатын бір топтың ойыншылары секілді. Оқытушыға, бастысы – соңғы нәтиже, 
керемет жетістік, жеңіс болып табылатын, топтың жігерлеріне дем беруші рөлі 
беріледі. 
  Үлгі  VII  -  «ГИД».  Көп  білетін  адам    бейнесі.  Жинақы,  дәл,салмақты. 
Барлық      сұрақтардың  жауаптары,  сұрақтардың  өзі  сияқты  оған  алдын  ала 
белгілі.  Техникалық  жағынан  мүлтіксіз  және  осы  себепті  көбінесе 
жалықтырғыш.. 
М.  Тален  әдейі  типологизацияда  көрініс  тапқан  негізді  көрсетеді:  
педагогтың  өз  қажеттіліктеріне  емес,  студенттер  қажеттілігіне  сүйене  отырып 
рөлді таңдауы.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет