Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы



Pdf көрінісі
бет154/181
Дата17.05.2020
өлшемі1,5 Mb.
#69256
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   181
Байланысты:
downloadPdfUmkd

Педагогикалық іс-әрекеттің мәселесін жасақтай отырып, Н. В. Кузьмина 
оқытушының  келесідей  құрылымын  анықтады.  Онда  бес  функционалды 
құраушылар  көрсетілген:1)  гностикалық;  2)  жобалаушы;  3)  конструктивті;  4) 
ұйымдастырушылық және 5) коммуникативтік. 
1.  Гностикалық  құраушы  (грек.  гнозис  -  таным)    педагогтың  білім 
сферасына жатады. Бұл жерде өз пәнін білу ғана емес, оған қоса педагогикалық 
коммуникация  әдістерін,  студенттердің  психологиялық  ерекшеліктерін  білу, 
сонымен қатар өзін-өзі тануды білу  туралы әңгіме қозғалады. 
2.  Жобалаушы    құраушыға  оқыту  мен  тәрбиелеудің  перспективті 
міндеттері  туралы,  сонымен  қатар  оларға  қол  жеткізудің  стратегиялары  мен 
әдістері туралы түсінік жатады. 
3.  Конструктивті  құраушы-  бұл  оқыту  мен  тәрбиелеудің  жақын  арадағы 
мақсаттарын  ескере  отырып,  педагогтың  өзіндік  іс-әрекетті  және  білім 
алушылар  белсенділігін  құрастыру  ерекшеліктері  (дәріс,  сабақтар  циклі, 
модуль). 
4.  Ұйымдастырушылық  құраушы  –  бұл  педагогтың  өзіндік  іс-әрекетті, 
сонымен  қатар  студенттердің  белсенділігін  ұйымдастыру  бойынша  біліктер 
жүйесі. 
5.  Коммуникативтік  құраушы  –  оқытушының  коммуникативтік  іс-
әрекетінің  ерекшеліктері,  оның  студенттермен  өзара  әрекеттесуінің 
спецификасы.  Коммуникацияның  дидактикалық  мақсаттарға  қол  жеткізуге 
бағытталған  педагогикалық  іс-әрекеттің  тиімділігімен  байланысына  басты 
назар аударылады.  
Оқытушы  іс-әрекетінің  ерекше  тұжырымдамасы  А  К.  Маркованың 
жұмыстарында    жасақталған.Ол  оқытушы  еңбегінің  құрылымында  келесі 


 
 
құраушыларды  бөліп  көрсетеді.  1)  кәсіби  психологиялық  және  педагогикалық 
білім;  2)  кәсіби  педагогикалық  білік;  3)  кәсіби  психологиялық  позиция  және 
оқытушы  орнатпалары;  4)  кәсіби  білім  мен  білікті  игеруді  қамтамасыз  ететін 
тұлғалық  ерекшеліктер.  Келесіні  есте  сақтау    маңызды:  педагогикалық  іс-
әрекет  жеке  емес,  бірлескен  болып  табылады.  Ол  бірлескен,  себебі 
педагогикалық процесте міндетті түрде екі белсенді жақ болады: олар оқытушы 
- студент. 
Студент  оқу  процесі  кезінде  бір  уақытта  бір  педагогпен  емес,  тұтас  
оқытушылардың    тобымен  өзара  әрекетке  түседі.  Педагогтардың  іс-әрекеті 
бірлескен,  келісілген,    «ансамбльдік»  болған  кезде,  олардың  педагогикалық 
белсенділігі тиімді болады және білім алушының тұлғасын дамытады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет