Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы



Pdf көрінісі
бет41/181
Дата17.05.2020
өлшемі1,5 Mb.
#69256
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   181
Байланысты:
downloadPdfUmkd

Әдіснама  дегеніміз-  әдістер  туралы  ілім,  оларды  зерттеушінің  ойлау  сипаты, 
оның  танымдық  процесінің  дамуының  жолын  анықтаушы  ретінде  қарастыру 
қажет.  Таным  процесіндегі  әдіске  антикалық  фиолософияда-ақ  үлкен  мән 
берген,  онда  алғаш рет  зерттеу  нәтижесі  мен  ғылыми  таным  әдісі  арасындағы 
өзара  қатынас  айқындалған  болатын.  Қазіргі  уақытта  таным  әдістері,  олардың 
қалыптасуы  мен  даму  процесі  зерттеу  объектісін  тану  мен  өлшеудің  анық 
ғылыми  нәтиже  бере  алатын  нақты  әдістерін  талап  ететін  деңгейге  жақындап 
келеді.  Сондықтан  ғылыми-педагогикалық  зерттеу  әдістерінің  дамуы  мен 
жетілдіру процесі тұтас педагогикалық ғылымның дамуының ең басты құрамды 
бөлігі болып табылады.  
«Әдіснама»  түсінігі  ең  көп  мағыналы  ең  бір  анықталмаған  және  тіптен 
педагогикалық  талас  тудыратын  түсінік.  Әдетте  ғылымның  әдіснамасы  деп  – 
қоғамдық  және  табиғи  құбылыстарды  зерттеудің  негізінде  жатқан  және  осы 
құбылыстардың  теориялық  түсінігінде  көрінс  беретін  философиялық 
идеялардың  бастапқы  жиынтығы  деп  түсініледі.  Ұзақ  уақыт  философияның 
құрамды 
бөлігі 
болған 
педагогика 
философиялық-әдіснамалық 
тұжырымдаманың арнасында дамиды және ол өзінің дамуын жалғастыруда.  
Кез-келген  әдіснамалық  мәселелерді  шешу  белгілі  бір  гносеологиялық 
принциптер  негізінде  құрылған  бастапқы  әдіснамалық  тұжырымда  жүзеге 
асады.  Адамның  танымдық  іс-әрекетінің  жалпы  заңдылықтарын,  оның  даму 
заңдарын 
қалыптастыру 
философия 
ғылымының 
мәселесі. 
Білімді 
философиялық, аксиологиялық түсіну философияға тән және ол ғылыми білім 
туралы түсініктердің қалыптасуына шешуші ықпал етеді. Алайда зерттеушінің 
әдіснамалық  тұжырымына  жалғыз  философия  мен  оның  гносеологиялық 
негіздері ғана әсер етпейді. Зерттеушінің әдіснамалық тұжырымдама, көбінесе, 
ғылыми  білімді  құру  мен  дамыту  теориясы  болып  табылады,  өйткені  ол 
психологиялық-педагогикалық  ғылымға  және  оның  тарихына  бағытталады. 
Осыған  орай,  әрбір  әдіснамалық  тұжырымдама  психологиялық-педагогикалық 
теориялар  негізінде  құрылып,  соларға  сүйенеді,  өйткені  олар  осы  тұжырымға 
жақын және оның ең басты құрылымдары болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет