Тұлға теориясы – жеке адамның өзіндік адамгершілік-әлеуметтік,
психологиялық қырларын ашып адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам
мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Тұлға теориясы философиялық
тұрғыда – адамды «адам» ретінде тануға, яғни оның рухани-адамгершілік,
дәлдік, мәдени қырларына баса назар аударумен пайымдалады. Адам тұлға
болып тумайды, әлеуметтену үрдісінде тұлға болып шығады. Ол дамумен
тікелей байланысты. Даму – адамның сандық және сапалық өзгерістерінің
жүрісі мен нәтижесі. Даму нәтижесінде адам биологиялық түр және әлеуметтік
тіршілік иесі болып жетіледі. Адамның биологиялық сипаты өз ішінде
морфологиялық, биохимиялық, физиологиялық өзгерістерді қамтыған тән –
дене дамуынан көрінеді. Ал әлеуметтік даму оның психикалық, рухани,
интелектуалды кемелденуінен байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |