Неліктен адамдар өз дамуында өте биік нәтижелерге қолжеткізеді, ал екінші біреулер – ондай мүмкіндікке ие болмайды? Бұл процестің және оның нәтижесі неге байланысты? Ұзаққа созылған
зерттеулер осы сұраққа орай жалпы заңдылықты ашты: адам дамуы ішкі
және сыртқы жағдайларға тәуелді. Ішкі жағдайлар – адам ағзасының
физиологиялық жағдайларға тәуелділігі. Сыртқы жағдайлар – бұл адамның
қоршаған ортасы, ол жасаған және дамыған аймақ, сыртқы ортамен ықпалды
араласу процесінде адамның ішкі мәні өзгереді, жаңа қасиеттері
қалыптасады, ал бұл, өз кезегінде алдағы өзгерістерге жол ашады.
Сонымен, адамның дамуы сандық және сапалық өзгерістердің желісі мен
нәтижесі. Даму барысында адам тұлғаға айналып, сана мен өзіндік сана, дербес
жаңғыртыушы іс-әрекет иесі болып жетіледі. Дамудың қозғаушы күші - қарама-
қайшықтар күресі. Адамның дамуы ішкі және сыртқы жағдайлармен
анықталады.