Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы



Pdf көрінісі
бет51/181
Дата17.05.2020
өлшемі1,5 Mb.
#69256
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   181
Байланысты:
downloadPdfUmkd
downloadPdfUmkd, test 8 2, общ тероия 3 саб
Диалектиканың  негізгі  заңдары:  қарама-қайшылықтардың  бірлігі  мен 
күресі, сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне, терістеуді терістеу. 
Диалектиканың ұғымдары (категориялары): кеңістік пен уақыт; жекелік 
және  жалпылық,  себеп  пен  салдар,  мазмұн  мен  форма;  мән  мен  құбылыс, 


 
 
қажеттілік  пен  кездейсоқтық;  мүмкіндік  пен  шындық  зерттеушілік  ойды 
дамытып,  таным  қызметін  ұйымдастыруға,  танымның  белгілі  бір  әдістер 
жүйесін таңдап алуға көмектеседі. 
Диалектикалық  әдіс  –  құбылыстаға  жалпы  қарауды  анықтайды.  Осы 
негізе  әр  ғылымға  әдіснама  жасалады,  зерттеліп  отырған  құбылыстар  мен 
фактілерге сай келетін зерттеудің нақтылы жұмыс тәсілдері іріктеліп алынады. 
Зерттеу  құбылыстарының  ішкі  қайшылықтарына  бойлай  еніп,  қанығып,  жаңа 
мен  ескі  сапалардың  арасындағы  қайшылықтардағы  жетекші  негізгі  күшті 
анықтай  отырып  жүргізіледі.  Педагогика  ғылымының  өзіне  тән    әдістері 
бар.Диалектикалық  әдіс-  таным  процесі  арқылы  заттар  мен  құбылыстардың 
ойда  бейнеленуі,  яғни  ұғымның  пайда  болу  процесі,  үздіксіз  дамуы,  олардың 
органикалық  бірлігі  мен  өзара  байланысы  арқылы  материалдық  шындықтың 
заңдылықтарын ашады. 
Қазіргі  кезеңде  мынадай  методологиялық  нысаналарды  жасау  педагогика 
ғылымының  түсіндіру,  жобалау  және  конструктивтік  қызметтерінің  өзара 
байланыстылығын,  педагогикадағы  дүниетанымдық  және  әдіснамалық 
ұстанымдарының  ерекшеліктерін,  ұғымдар  жүйесін  зерттеу  негізгі  мәселе 
болып отыр (В.Е. Гмурман, Г.В. Воробьев, В.И. Журавлев). 
 Жалпы 
теориялық  зерттеулерге  педагогикалық  процестің  мәнін, 
заңдылықтарын,  биологиялық  пен  әлеуметтіліктің  ара  қатынасын  анықтау; 
педагогикалық  процесте  тұлғаны  қалыптастыру;  тұлға  және  ұжым;  ұжымды 
тұлғаны 
қалыптастырудың 
әлеуметтік 
ортасы 
ретінде 
қарастыру; 
педагогикалық процестің ұстанымдары, оны ұйымдастырудың формалары мен 
әдістері және т.б. қарастырылады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет