Лекция-консультация
Лекцияның бұл түрі конференция түрінде ұйымдастырылған лекцияға
ұқсас. Консультацияның талқылау, кеңесу, жәрдемдесу, кеңес беру деген
ұғымдарды білдіретіндігін ескерсек, лекция-консультация да осы мағына
аумағында болады.
Лекция-консультация студенттерге тек жаңа аппарат пен проблема
шешудің жолдарын ұсынып қана қоймай, сонымен бірге оларды игеруде
туындаған мәселелер мен қиыншылықтар төңірегінде студенттердің жеке
танымдық тәжірибесі тұрғысынан ұйымдастырылады. Лекция-консультацияда
басты назар теориялық және практикалық тұрғыдан күрделі мәселелерге
аударылады. Сол себепті мұндай сабақтарда тақырып жан-жақты және
ауқымды түрде қарастырылмай, оның тек негізгі бөлімдері ғана талқыланады.
Студент тарапынан қиын сұрақ туындағанда, оқытушының дұрыс жауап
беруге асықпай, оны шешуге басқа да студенттерді қатыстырып, басқалардың
тәжірибесімен танысқандығы жөн. Мәселе мұнда дұрыс жауапты дайын күйде
бермей, студенттерді ізденіскс ынталандырып, игі нәтижеге апаратын бағдарды
меңзеп, жол сілтеуде. Сонымен қатар проблеманы шешудің жолдарын
талқылағаннан кейін
оқытушы студенттерді өздік жұмыс пен ізденіске
бағыттап, оларға ақпарат көздерін (әдебиет, Интернет, мақалалар, басылымдар,
т.б.) ұсынады.
Лекция-консультация
пікірталас
ұйымдастырғанға
да
қолайлы.
Студенттердің сан қилы идеялары мен мүдделерінің қарама-қайшылықтарын
қақтығысқа келген соң, олардың жақындауы мен тоғысуы нәтижесінде жаңа
көзқарастың пайда болуы ықтимал.
Достарыңызбен бөлісу: |