Сұрақ-жауап-пікірталас Оқытушы лекция алдында (мысалы, бір күн бұрын) алдын-ала берілген
тапсырмаға сәйкес студеттердің лекция тақырыбы бойынша жазбаша
сұрақтарын жинап алып, лекцияның бастапқы бөлімдерін осы сұрақтарға жауап
беру форматында жүргізеді. Лекцияның кейінгі бөлімдерінде оқытушы даулы
мәселелер төңірегінде студенттердің пікірлерін сұрап, шағын пікірталастар
ұйымдастырады. Лекцияның келесі бөлімінде оқытушы пікірталас кезінде
туындаған сұрақтарға жауап береді. Лекция соңында оқытушы пікірталастың
қорытындысын келтіреді.