Методологияның ғылыми қыры - танымның құрылу принципі, формасы
мен әдісі ретінде қарастырылатын ілім.
Педагогика ғылымының теориялық дамуына лайықты, методология -
таным принциптері, әдістері, формалары мен процедуралары және
педагогикалық шындықты өзгерту ілімі ретінде қарастырылады. Бұл
анықтамада екі инструментарилер тобы қамтылады. Біріншісі – педагогикалық
шындықты тану құралдарының кешенін қамтып, зерттеу еңбегіне қажетті
жағдайлар кешенін, құралдарын, орындау реті мен бағыттарын анықтайды.
Екіншісі - педагогикалық шындықты өзгертуге қажетті принциптер, әдістер,
құралдар, орындалу реті мен бағытын анықтайтын технологияларды қамтиды.
Зерттеуші-педагогтың тиімді нәтижеге қол жеткізуі үшін, ол педагогика
методологиясындағы ғылыми инструментарилермен қарулануы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |