Интерактивті лекцияның мәтіні ауызша оқылмай, жазбаша
үлестірмелі материал түрінде таратылып беріледі. Оқытушы лекцияны
ауызша түрде студенттер тарапынан туындаған сұрақтарға жауап бергенде,
лекция тақырыбын толықтырғанда ғана келтіруі мүмкін. Сол арқылы уақыт та
үнемделіп, студенттер де оқу материалын өздік тұрғыдан игеру әрекеттеріне
белсене араласады.
- Интерактивті лекция диалог түрінде өтеді.
Қарым-қатынас келесі форматтарда өтуі мүмкін: оқытушы -
студент/студенттер, студент - студент, студент - тақырып, студент - басқа пікір
(зерттеуші, оқулық, т.б.). Интербелсенді лекцияда ой қозғау мен өмірден
алынған нақты ситуацияларды талқылау және шешу тәсілдерін қолданған
тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: |