Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы


Қазақстандық  педагог-ғалымдардың  жоғары  мектеп  педагогикасын



Pdf көрінісі
бет59/181
Дата17.05.2020
өлшемі1,5 Mb.
#69256
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   181
Байланысты:
downloadPdfUmkd

Қазақстандық  педагог-ғалымдардың  жоғары  мектеп  педагогикасын 
дамытуға  қосқан  үлесі.  Қазақстанда  жоғары  білімнің  дамуы:  ежелгі  қазақ 
жеріндегі білім және тәлімдік ойлар; хандық дәуірдегі оқыту мен тәрбие және 
педагогикалық ойлар; ресейлік отаршылдық тұсындағы білім беру; Қазақстанда 
педагогикалық  ойлардың  дамуы;  Одан  кейінгі  кездерде  ұтымды  ой,  тәрбиелік 
мәнді  сөз  калдырған  ақын  жыраулардың  ішінде  мектеп  медреселерде 
оқымағаны жоқтын қасы. XIX ғ екінші жартысында өмір кешкен белгілі ақын, 
жырау, 
ғұламалардың 
көпшлігі де сол заманға сай  білім  алды, өз бетімен ізденді. Олар Ш.Уәлиханов, 
Ы.Алтынсарин,  Ақан  Сері,  Абай  Құнанбаев  осы  күні  маңызды  пікірлер 
қалдырды.  Одан  кейінгі  кезде  XX  ғ.  басында  А.Байтұрсынов,  М.Жұмабаев, 
Ж.Аймауытов, Н.Кұлжанова т.б. 
Қазақстанда 
білім 
берудің 
дамуына 
үлес 
қосқан 
педагогтар- 
Ы.Алтынсарин,  Д.Құнанбаев,  А.Байтұрсынов,  М.Жұмабаев,  Ж.Аймауытов, 
Н.Құлжанова  т.б.  Қазақстан  жоғарғы  мектептерін  дамыту  ісіне  үлес  қосқан 
педагог  ғалымдар  Т.Тәжібаев,  С.Ж.  Асфендияров  Қ.Нұрғалиев,  Р.Г.  Лемберг,  
Қ.Бержанов,  Қ.Жарықбаев,  К.К.Кұнантаева,  А.А.Бейсембаева,  Н.Д.Хмель, 
Г.А.Уманов  т.б.Т.Тәжібаев,  жаңашыл  педагогтар  Архимед  Ысқаков, 
Г.Кубраков,  Қ.  Айтқалиев,  Е.Очкур,  Қ.Бітібаева  басқада  көптеген  педагог 
ғалымдарды атауға болады. 
Қазақстандағы  тұңғыш  жоғары  оқу  орны  -  1928  ж.  Алматыда  ашылған 
Казақ  педагогикалық  институты.  Бірінші  жылы  онда  124  студент,  9  мұғалім 
болды.  Алғашқы  оқытушылар  қатарында  А.Байтұрсынов,  М.О.Әуезов, 
С.Сейфуллин,  Қ.Қ.Жұбанов,  т.б.  дәріс  оқыды.  Бұдан  кейін  Алматы  мал 
дәрігерлік институты (1929), Қазақ ауыл шаруашылық институты (1930), Қазақ 
медициналық  институты  (1931),  Орал  педагогика  институты  (1931)  ашылды. 
1932 ж. Қазақстанның 6 Жоғары оқу орындарында 2 мың студент оқыды, оның 
40,5%-ы  қазақ  жастары  еді.  1934  ж.  Қазақ  мемлекеттік  университеті  мен  Кен-
металлургия  институты  ашылды.  1950-60  жылдары  Актөбе,  Атырау,  Тараз, 
Қостанай,  Көкшетау,  Өскемен,  Павлодар,  Петропавл,  Акмола  (қазіргі  Астана) 
калаларында педагогикалық институттар, Актөбе, Қарағанды, Семей, Ақмолада 
медицина  институттары,  Алматыда  халық  шаруашылығы,  Қарағандыда 


 
 
политехнология  және  кооперативтік,    Павлодарда  индустриалдық,  Өскеменде 
жол  құрылысы,  Ақмолада  инженер  құрылыс  және  технология  институттары, 
1972  жылы  Қарағанды  мемлекеттік  университеті,  Арқалық,  Талдықорған 
педагогика институттары ашылды. 1986-87 оқу жылында Қазақстанда 55 ЖОО-
да  247  мыңнан  астам  студент  оқыды.  Кеңес  өкіметі  жылдарында  ЖОО-ын 
ректор,  оның  факультеттерін  декан  басқарды.  Оқу-әдістемелік  және  ғылыми-
зерттеу 
жұмыстарын 
кафедралар 
ұйымдастырды. 
ЖОО-ның 
не 
факультеттерінің  атқаратын  негізгі    қызметіне  орай  тиісті  шешім  қабылдау 
үшін ректор немесе декан басқаратын ғылыми кеңес құрылды.   
Кеңес  Одағы  ыдырағаннан  кейін  Қазақстандағы  Жоғары  оқу  орындары 
елеулі  құрылымдық  өзгерісгерге  ұшырады.  Республиканың  жоспары  - 
экономикадан  бас  тартып,  нарыктық  экономика  жолын  таңдауына 
байланысты  бұрыннан  қалыптасқан  Жоғары  оқу  орындарын  қайта  жасақтап, 
оларды  басқаруды  жетілдіру  (ықшамдау,  қосу,  тарату)  және  соған  орай 
әлеуметтік  сұраныс  пен  талапқа  жауап  бере  алатын  сапалы  мамандар  даярлау 
қажеттілігі  туындады.  Сонымен  қатар  өзге  меншік  нысандары  тәрізді  жоғары 
оқу  орындарын  да  ішінара  мемлекет  иелігінен  алу,  жекешелендіру  үрдісі 
жүргізілді,  сондай-ақ  көптеген  мемлекеттік  емес  жоғары  оқу  орындары 
құрылды. 
Қазақстандағы  Жоғары  оқу  орындарына  Білім  және  ғылым  министірлігі 
басшылық  етеді  және  олар  меншік  түрлеріне  қарамастан  сол  министрлік 
бекіткен  негізгі  бағдарламалар  бойынша  жұмыс  істейді,  сондай-ақ  меншік 
түріне  қарамастан  студенттерге  бірдей  дәрежедегі  дипломдар  тапсырылады.  
Сабақ  курстық  жүйемен  жүреді.  Оқу  жылы  2  семестрден  кұралады.  Әр 
семестр  соныңда  студент  сынақтан  өтіп,  емтихан  тапсыруы  тиіс.  Соңғы  курс 
студенттері  барлық  бағдарламалық  жұмыстарды  орындап,  сынақтардан  өткен 
соң, мемлекеттік емтахан тапсырады. Технологиялық Жоғары оқуорындарында 
дипломдық  жоба,  кейбіреулерінде  дипломдық  жұмыс  қорғалады.  Сонымен 
қатар  өндірістен  қол  үзбей  оқитындар  үшін  Жоғары  оқу  орындарының  кешкі 
және сырттай оқу бөлімдері ұйымдастырылған. 
      2001 жылы 5 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 
8 ЖОО-на ерекше мәртебе берілді.Олар: 
1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
2. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті; 
   3. Қазақ ұлттық аграрлық университеті
     4. Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
     5. С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
     6. Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы; 
     7. Қазақ ұлттық консерваториясы
     8. Қазақ ұлттық музыка академиясы. 
Ерекше  мәртебесі  бар  Жоғары  оқу  орындарына  құрылымы  мен  құрамын 
жасақтап,  еңбекақы  тағайындауда,  оқу,  ғылыми-әдістемелік  жұмыстарды 
жүргізуде,  жоғары  білім  беру  жүйесін  дамытуда,  ғылыми-педагогикалық 
мамандарға  ассоциациялық  профессор  (доцент),  профессор  ғылыми  атағын 
тағайындауда, т.б. мәселелерді өз алдына  шешуге еркіндік беріледі. 


 
 
Қазіргі Қазақстан Рсспубликасында 180 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Оның 
13-і  азаматтық  емес,  167-сі  азаматтық  оқу  орындары.  Азаматтық  оқу 
орындарының 55-і мемлекеттік, 112-cі мемлекеттік емес жоғары оқу орындары 
білім  беру  қызметін  атқаруда.  Білім  беру  осы  күні  бизнестің  бір  түріне 
айналуда.  Сондықтан  жекеменшік  оқу  орындары  кұрылып  олар  мемлекет 
белгілеген стандартпен жұмыс істеуге міндетті. Білім беру заныңа байланысты 
Қазақстандағы  жоғары  оқу  орындарының  кейбір  түрлерін  атауға  болады. 
«Университет»  немістің  Universitat,  латынның  universtas-жинақталған  дегенді 
білдіретін  сөзінен  алынған,-  әртүрлі  бөлімдер,  факультеттерден  кұралып, 
ғылым  негізін  қалайтын  пәндер  қосындысынан  білім  беретін,  ғылыми-
зерттеулер жүргізетін жоғары оқу орны. Аталуынан көрініп тұрғандай мұнда әр 
түрлі  мамандықтар даярланады.  Егемендік  алғанға дейін бір  ғана  университет 
болса 
қазір 
Қазақстанда 
көптеген  оқу  орындары  университеттерге  айналды,  себебі  оларда  әр  түрлі 
мамандықтар  бойынша  кадрлар  даярланады,  мысалы,  педагогика  ғана  емес, 
экономика, заң, өнер, медицина тағы басқаларымен қоса ендігі кезекте оларда 
ғылыми зерттеу институттары және басқа да институттар қызмет етеді. 
Университет  -  мамандықтың  үш  және  одан  да  асатын  тобы  бойынша 
(медициналық  университет  -  екі  және  одан  да  көп)  жоғары  және  жоғары  оқу 
орнынан  кейінгі  білім  берудің  кәсіптік  оқу  бағдарламаларын  іске  асыратын, 
ғылыми  және  педагогтік  қызметті,  кадрлардың  біліктілігін  арттыруды  және 
қайта даярлауды жүзеге асыратын және өз қызметі саласында жетекші ғылыми 
және  әдістемелік  орталық  болып  табылатын  оқу  орны;  Университеттің 
ерекшелігі,  онда  ғылымның  әр  саласы  бойынша  ғылыми-зерттеумен 
шұғылданатын  мамандар  даярланады  және  оның  өз  ішінде  ғылыми  зерттеу 
институттары  жұмыс  істейді.  Алматыдағы  С.Ж.Асфендияров  атындағы 
медицина 
университеті 
бірыңғай  дәрігер  кадрлар,  фармацевт-провизор  қызметкерлерін  даярлайды, 
бірақ та осы мамандықтың әр түрлі бағыттағы кәсіп иелерін даярлауы себепті 
университет аталады. Заман үрдістеріне сай жаңаша кұрылымдар пайда болуда, 
мысалы, Инновациялық университет, Назарбаев университеті. 
Білім  мекемелері  мыналар:  Инновациялық  білім  беру  консорциумы, 
Институт,  Академия,  адъюнктура,  Интернатура.  Бұлардан  басқа  жоғары 
оқуорындарында  оқу  не  болмаса  ғылыми  зерттеу  істерін  жүзеге  асыратын 
лабораториялар  да  болуы  тиіс.  Осы  заман  талабы  неғұрлым  кең  ауқымды 
білімнің 
болуы. 
Қосымша 
білім 

осыны 
іске 
асырады. 
Оқу-клиникалық  орталық,  Резидентура,  Экетернат,  Эксперименттік  алаң, 
Элиталық білім секілді жаңа ұғымдар қалыптасуда. 
Тәуелсіз  Қазақстандағы  жоғары  білім  саласын  дамыту  мәселесіне  арналған 
ғылыми  зерттеулер  баршылық.  Осы  салада  табысты  еңбек  еткен  және  үлес 
қосып  келе  жатқан  ұстаз  ғалымдар  тоқтаусыз  ізденіс  үстінде.  Олар  жаңа 
технологияларды  да  меңгеріп  білім  беру  сапасын  көтеру  жолында  оқулықтар, 
оқу  құралдары  және  басқа  да  студенттер,  магистранттар  мен  докторанттар 
жалпы  педагог  қауымына  арналған  зерттеулерінің  нәтижелерін  жариялап 
педагогика, психология ғылым саласын дамытуда. 
 


 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет