Дәріс тапсырмаларының тақырыптары 1-модуль Кәсіпкерлік негіздерінің ұғымы



бет6/17
Дата06.02.2022
өлшемі69,32 Kb.
#81092
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Дәрістер

Келісім – шарт белгілі –бір заңдылықтарға негізделген, заңмен қорғалатын, орындалуға міндетті заңды айғақ. Келісім шарт келісім жасаушылардың қарым – қатынасының нәтижесі болып табылады.
Контракт – белгілі мерзімге бекітілген екі жақтың құқы мен міндеттері көрсетілген келісім шарт.
Келісім шарт және контракт субъекті ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен, кәсіпкер статусын алған шетел азаматтары мен заңды тұлғалары, сонымен бірге жеке тұлғалар – туристік қызметтің тұтынушылары да бола алады.
Кез-келген келісім шарттың бір бөлігі ретінде алғы шарттары (преамбула) болуы тиіс. Преамбула (preambule француз сөзі–алғы сөз, алғы шарт) келісім шарттың алғы сөзі, оған қатысты жағдайлар:
– келісім шарттың заңдылық сипатын көрсететін аты.
– келісім шарт жасау орны мен мерзімі (бұл мәлімет соңында да келтірілуі мүмкін)
– екі жақтың аты-жөні,бұл жағдайда сатушы немесе ұсынушы бірінші, ал алушы – екінші (заңды тұлғалардың толық немесе қысқартылған аттары).
– келісім - шартқа қол қоятын жауапты қызметкерлердің қызмет орны, аты-жөні.
Келісім шартқа қатысты негізгі жағдайлары:
– келісім шарттың мағынасы;
– жұмыстар мен қызметтің , тауардың сапасы;
– келісімнің бағалы бөлімі;
– бағаны көтеру немесе түсіру туралы;
– есептеу тәртібі;
– екі жақтың міндеттері мен құқы;
– екі жақтың жауапкершіліктері;
– міндеттемелерді орындау мерзімдері;
– келісім шартты өзгерту немесе бұзу тәртібі;
Келісім шарттың негізгі жағдайларына әріптестердің келісімінің тақырыбы мен мазмұнын талқылап бекітуі жатады
Келісім шарттың жалпы жағдайларына қатысты ережелер оның мазмұнына қарамастан барлық келісім шарттарға тән;
Олар мыналар:
– арбитраждық нұсқау;
– форс-мажор немесе күтпеген жағдайлар (жер сілкіну, су тасқыны , өрт) қоғамдық өзгерістер (әскери әрекеттер, көтерілістер), мемлекеттік мекемелердің тиым салу актілері (карантин, жүк тасымалдауды шектеу т.б.)
Аталған жағдайлар болғанда келісім шарттың мерзімін өзгеруге болады, егер орындалмай қалғанда, екі жақта босатылады
Келісім шарттың қорытынды бөлімінде көрсетілетіндер:
– екі жақтың мекен жайы;
– пошта және банк реквезиттері;
– келісім шартпен бірге мағынасы бар қосымшалар;
– екі жақтың қолы, өз мөрімен расталады;
– келісім шарттың қажетті бірнеше данасы;
– келісім шарт жасалған жердің аты және айы – күні
( бұл алғысөзде көрсетілмеген )
Туристік қызмет көрсету жұмыстары келісім шарт негізінде жүзеге асады. Туристік қызмет көрсету жөніндегі келісім шарт Қазақстан Республикасы заңдылықтарына сай жазбаша түрде рәсімделеді. Туристік қызмет келісім шарт, бұл туроператормен, турагентпен немесе туристпен оларға тегін қызмет көрсету үшін дайындалатын келісім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет