Дәріс тапсырмаларының тақырыптары 1-модуль Кәсіпкерлік негіздерінің ұғымы


– тақырып. Кәсіпкерлік қызметті тоқтату



бет17/17
Дата06.02.2022
өлшемі69,32 Kb.
#81092
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Дәрістер

12 – тақырып. Кәсіпкерлік қызметті тоқтату
1.Кәсіпкерлік қызметті тоқтату және кәсіпкерлік ұйымдардың таратылуы.
2.Кәсіпкерлік ұйымдарды қайта ұйымдастыру (қайта құру) мен сауықтыру.
Кәсіпкерлік ұйымдардың тұрақсыздығы (банкроттығы).
1.Кәсіпкерлік заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызмет заңды тұлға құрмастан (дара кәсіпкерлік) және заңды тұлға құру (түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы кәсіпорындар құру) арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты олардың кәсіпкерлік қызметін тоқтатуы мен таратылуы бойынша өзіндік ерекшеліктері бар. Дара кәсіпкерлік үшін де заңды тұлғалар үшін де кәсіпкерлік қызметті тоқтату 2 түрде: ерікті және мәжбүрлі тәртіппен жүзеге асырылады (41-бап. ҚР Кәсіпкерлік кодексі). Дара кәсiпкердiң қызметi өзiндiк кәсiпкерлiк кезiнде, дара кәсiпкер өз бетiмен, бiрлескен кәсiпкерлiк кезiнде - барлық қатысушылар бiрлесiп қабылдаған шешiм негiзiнде кез келген уақытта ерiктi түрде тоқтатылады. Дара кәсіпкер қызметін ерікті түрде тоқтату үшін салық органына кәсіпкерлік қызметін тоқтату туралы өтініш береді. Бiрлескен кәсiпкерлiктi тоқтату туралы шешiм, егер ол үшiн оған қатысушылардың кемінде жартысы дауыс берсе, егер олардың арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, қабылданды деп саналады. Жеке кәсiпкердiң қызметi мынадай жағдайларда: ол банкрот деп танылған; тiркеу кезiнде жiберiлген Қазақстан Республикасының заңнамасын жойылмайтын сипаттағы құқықбұзушылықтарға байланысты дара кәсiпкердi тiркеу жарамсыз деп танылған; қызметiн күнтiзбелiк жыл iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын бiрнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған; ол қайтыс болды деп жарияланған; ол хабар-ошарсыз кетті деп танылған жағдайларда соттың шешімі бойынша мәжбүрлеу тәртібімен тоқтатылады. 4. Дара кәсіпкердің қызметі оның өтініші немесе соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде тіркеуші органда дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған кезден бастап тоқтатылған болып есептеледі. Кәсіпорынды тарату ерікті түрде жүргізілсе және активтері міндеттемелерін жабуға жеткілікті болса, меншік иелері кредиторлар мен соттың қатысуынсыз азаматтық заңнаманың жалпы ережелері бойынша дербес ұйымдастырады. Ал соттың шешімі бойынша (мәжбүрлі түрде) кәсіпорындар мынадай жағдайларда таратылады: -банкрот болған кезде; -кәсіпорынды құру кезінде заңдардың түзетуге келмейтін сипатта бұзылуына жол берілуіне байланысты оны тіркеу жарамсыз деп танылған жағдайда; -кәсіпорынның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызметтерді жүйелі түрле жүзеге асырған жағдайда; -заңнамалық актілерде қарастырылған басқа да жағдайларда. Кәсіпорынды тарату келесі кезеңдерден тұрады: Меншік иесінің, уәкілетті органның немесе соттың шешімі бойынша кәсіпорынды тарату туралы шешім қабылдау және тарату комиссиясын тағдайындау. Тарату тәртібі мен мерзімін белглеу. Басқару бойынша өкілеттіліктің тарату комиссиясына немесе конкурстық басқарушыға өтуі. Тарату жоспарын жасау. Кәсіпорынның таратылуына байланысты алдағы уақытта жұмыстан босатылатындығы жөнінде барлық жұсыкерлерді жазбаша ескерту; Жұмыстан босатылатын жұмыскерлер туралы толық мәліметтерді аумақтық жұмыспен қамту орталығына жіберу; Дебиторлық берешектерді айқындау және оларды алуға қатысты іс-шаралар қабылдау; Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлікті акционерлер немесе қатысушылар арасында бөлу; Салық комитетінен есептен шығару; Таратылатын кәсіпорынның банктегі банктік шотын жабу; Тіркеу органына таратудың аяқталғандығы туралы құжаттар топтамасын ұсыну; Тіркеу органынан кәсіпорынның таратылғандығы туралы бұйрықты алу. Таратуды тіркеу үшін ұсынылатын құжаттар тізімі. Кәсіпорынды тарату әділет органында тіркегеннен кейін ғана ол таратылды деп есептеледі.
Келесі құжаттар ұсынылады:
1)белгіленген нысан бойынша таратуды тіркеу туралы өтініш;
2)меншік иесінің немесе уәкілетті органның мөрмен бекітілген шешімі; 3)құрылтай құжаттары, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
4)кәсіпорынды тарату туралы шеші қабылдаған органмен немесе кәсіпорынның меншік иесімен бекітілген тарату балансы;
5)кәсіпорын мөрін жойғандығы туралы құжат;
6)салық бойынша қарызы жоқ екендігі жөніндегі анықтама;
7)аяқталмаған сыртқы сауда мәмілесі кедендік төлемдер бойынша қарызы жоқ екендігі туралы кеден органының анықтамасы;
8)уәкілетті органның шығарылған акцияларды жойғандығы туралы хабарламасы;
9)таратылатын кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктерін есептен шығарғандығын растайтын құжат;
10)таратуды мемлекеттік тіркегені үшін алым төлегендігін растайтын құжат. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру (қайта құру) және оның нысандары. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру (қайта құру) бірқатар ішкі және сыртқы себептермен байланысты және ол оның қатысушыларының мүлікті шоғырландыру немесе бөлу, сондай-ақ ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту тәсілі ретінде кеңінен қолданылады. Кәсіпорынды қайта құру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту) оның меншік иесінің, құрылтайшылардың, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген жағдайларда сот органдарының шешімі бойынша жүргізіледі. Қайта құру кәсіпорын қызметін тоқтату, сондай-ақ жаңадан іске қосу тәсілі ретінде сипатталады. Қайта ұйымдастырудың келесідей нысандары бар: 1)біріктіру –мұндай нысанда біріктірілетін кәсіпорын қызметін тоқтатады, ал соның негізінде жаңа заңды тұлға құрылды. Қайта ұйымдастыру бірігу туралы келісім негізінде меншік иесінің шешімі бойынша жүргізіледі; 2)қосу-бұл нысанда бір кәсіпорын басқасына қосылады және өзінің өмір сүруін тоқтатады, ал басқа кәсіпорын өз қызметін жалғастыра береді. Қайта ұйымдастыру қосу туралы екі жақтың келісімі негізінде меншік иелерінің шешімі бойынша іске асырылады; 3)бөліну –бұл нысанда бір кәсіпорын өз қызметін тоқтатады, ал соның негізінде екі немесе одан да көп субъектілер құрылады. 4)бөлініп шығу –бұл нысанда бір заңды тұлғаның құрамынан бір немесе одан да көп заңды тұлғалар бөлініп шығады. 5)қайта құру –бұл нысанда кәсіпорын өз қызметін тоқтатпайды, тек өзінің ұйымдық-құқытық нысанын басқасына алмастырады. Кәсіпорынды қайта құру ерікті немесе мәжбүрлі түрде жүргізілуі мүмкін. Кәсіпорынды сауықтыру жағдай және түрлері. Кәсіпорынды сауықтыру келесі 3 жағдайда жүргізіледі: 1)кредиторлар банкроттық туралы іс қозғағанға дейін жүргізіледі. 2)кәсіпорынның өзі арбритаждық сотқа банкроттық жөнінде өтініш жасай отырып санация жүргізуге ұсыныс білдіреді; 3) борышкер – кәсіпорын мен кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін арбитраждық сот санация туралы шешім шығарған кезде. Кәсіпорындағы дағдарыстың тереңдігі мен оған көрсетілетін сыртқы көмектің шарттарына байланысты кәсіпорынды сауықтырудыңекі түрі бар: 1)қарызды қайта құруға бағытталған сауықтыру немесе оңалту шарасы. Ол төлемқабілетсіздікті болдырмау көмектесу үшін жүзеге асырылады және дағдарысты жағдай уақытша деп танылған кезде қарастырылады. 2)сауықтыру жүргізілетін кәсіпорынның мәртебесін өзгерте отырып оңалту шарасын қолдану. Мұндай сауықтыру кәсіпорынның тереі дағдарысты жағдайы кезінде жүзеге асырылады. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге арналған негізгі іс-шараларды 2 топқа бөлуге болады: 1.кәсіпорынның ішкі резервтерін жұмылдыру; 2.қаржыландырудың сыртқы көздерін іздеу. Кәсіпорынның ішкі резервтеріне келесілер жатады: Дебиторлық берешекті қысқарту; Табыстылығы төмен қызмет түрлерін тоқтату; Бейіні басқа (профильдік емес) активтерді сату; Капиталдың айналымдылығын ұлғайту; Тұрақты және айнымалы шығындарды қысқарту; Бағасы арзандау ресурстарды іздеу; Кәсіпорынның баға саясатын қайта құру; Өткізудің жаңа нарықтарын іздеу т.б.; Қаржыландырудың сыртқы көздері ретінде келесілерді қарастыруға болады: Кәсіпорынның меншік иелерінің,құрылтайшыларының жеке қаражатын тарту; Несиелер мен займдар тарту; Жаңа әріптестер тарту; Стратегиялық инвесторға кәсіпорынның бір бөлігін сату; Кәсіпкерлік ұйымдардың тұрақсыздығы. Кәсіпкерлік ұйымдардың тұрақсыздығы мынадай жағдайлармен байланысты болып келеді: Кәсіпкердің кінәсінен емес,ойламаған міндеттемелердің туындауымен немесе төтенше жағдайлардың (апатты жағдайлар,әскери іс-әрекеттер,саяси тұрақсыздық,елдегі дағдарыс т.б.) орын алуымен байланысты «бақытсыз» жағдайлармен; Кредиторларға қарыздарды төлеуден қашу мақсатымен өз мүлкін саналы түрде жасыру нәтижесінде орын алатын «жалған» жағдайлармен; Кәсіпкерлік қызметте тәуелді операцияларды жүзеге асыру кезінде жасалған жұмыстардың тиімсіздігі салдарынан орын алатын «абайсыз (епсіз)» жағдайлармен; Кәсіпорынның әдейі немесе жалған банкроттыққа ұшырауы қандай іс-әрекеттерді жасау нәтижесінде орын алады. Мүлікті және ол туралы мәліметтерді немесе мүліктік міндеттемелерді жасыру; Борышкердің нақты алуға болатын дебиторлық берешектерді жасыру; Айтарлықтай өтімді активтерді үшінші тұлғалардың иелігіне немесе меншігіне,сондай-ақ басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына заңсыз негізде қайтарымды немесе қайтарымсыз беру; Бухгалтерлік және басқа да есептік құжаттарды бұрмалау немесе жою; Кәсіпорын үшін тиімсіз шарттар жасау; Кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін жоғарылату үшін барлық пассивтерді топтастыру; Дебиторлық берешекте өз уақытында талап етпеу немесе кеіру т.б.; Банкроттықтың ішкі және сыртқы факторлары. Сыртқы факторлар.Оған жататындар 1) Экономикалық факторлар: ел экономикасының дағдарысты жағдайы, өндірістің жалпы төмендеуі,инфляция,қаржы жүйесінің тұрақсыздығы,ресурстарға бағаның өсуі,нарық конъюнктурасының өзгеруі,әріптестердің төлем қабілетсіздігі және банкроттығы т.б. 2) Саяси факторлар: қоғамдағы саяси тұрақсыздық, мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты; экономикалық байланыстардың үзілуі; экспорт мен импорт шарттарының өзгеруі, заңнаманың жетілмеуі. 3) Халықаралық бәсекенің күшеюі және иртеграциялық үдерістер жағдайындағы мемлекеттік саясаттың ықпалы. 4) Демографиялық факторлар: халықтың саны, құрамы, халықтың төлем қабілетті сұранысы мен қажеттілігінің құрылымы және мөлшері. Ішкі факторлар: Оған жататындар: 1) Меншікті айналым капиталының тапшылығы және соның салдарынан тиімсіз өндірістік-коммерциялық қызметтің немесе тиімсіз инвестицялық саясаттың жүргізілуі; 2) Техникалар мен технологиялардың жне өндірісті ұйымдастырудың төмен деңгейі; 3) Дайын өнімнің, өндірістік қорлардың, аяқталмаған өндірістің нормадан тыс жинақталуы және осыған байланысты капиталдың айналымдылығының төмендеуі; 4)кәсіпорынның жауапсыз клиенттерінің ұлғаюы, яғни төлемдері кешіктіріп жасауы немесе банкроттық себебемін мүлде төлемеуі; 5)тиімсіз шарттармен кәсіпорын айналымына қарыз қаражаттарын тарту. «Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру» бағдарламасы. Мақсаты. Негізгі міндеттері. Елімізде кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігіне жол бермеу және қаржылық сауықтыру шараларын іске асыру мақсатында айтарлықтай мемлекеттік қолдау көрсетіліп отыр. Осы мақсатта 2011 жлы арнайы бағдарлама да қабылданды. ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 4 анурыздағы №225 қаулысымен «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) қабылданды». Бұл бағдарламаның мақсаты – бәсекеге қабілетті кәсіпорындардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Бағдарламаның келесідей негізгі 2 міндетін бөліп көрсетуге болады: 1) жұмыс істеп тұрған бәсекеге қабілетті өндірістерді сауықтыру (оның ішінде қаржылық); 2) Жұмыс орындарының барынша мүмкін санын сақтау. Бағдарламаның іске асыру үшін үш кезеңде жүзеге асырылады: Бірінші және екінші кезеңдер – 2011 жыл. Бұл кезең алдын ала іріктеу кезеңі болады. Екінші кезең – сауықтыру жоспарларын қарау және бағдарлама қатысушыларды іріктеу. Үшінші кезең -2011-2016 жылдар аралығы. Үшінші кезең бағдарламаны іске қосуды және іске асыруды қамтиды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет