Дәріс тапсырмаларының тақырыптары 1-модуль Кәсіпкерлік негіздерінің ұғымы



бет11/17
Дата06.02.2022
өлшемі69,32 Kb.
#81092
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
Дәрістер

Басқару еңбегінің мақсаты – ұжымның күш-жігерін үйлестіру және ақырғы жоспарланған нәтижеге жетуге арналған іс-әрекетті қамтамасыз ету. Басқару еңбегі творчествалық сипатта болады, яғни логикалық ой әрекетін қамтиды. Басқару еңбегінің мазмұны – өндіріс процесіне тұтастай ұжымды қатыстыру.
Басшының күнделікті жұмысында айқын емес болашақ жағдайында проблемаларды қарастырып, оңтайлы шешім қабылдауы оны күйзеліс жағдайына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан басшы өз энергиясын дұрыс жұмсай білуі шарт.
Болашақ іс-әрекетті жоспарлаудың мәні – іс-әрекетті орындаудың жолдары мен амалдарын ойластырып, құралдарын таңдап, мақсатқа жетуді көздеу. Өзін -өзі дұрыс басқара алатын адам табысқа жететіні сөзсіз. Ол үшін дербес жұмыс күнінің тәртібі, кәсіпорын жұмысының жалпы тәртібі, адамдарды өзара алмастыру графигі, жеке творчесвалық жоспары жасалады. Дербес жұмыс күнінің тәртібі жүйелендірілген, яғни жекелеген қызмет түрлері еңбек операцияларына бөлініп, жұмыс уақытының құрылымы ойластырылады. Жұмыс күні тәртібінің негізгі міндеттері: бір жұмыс күніндегі, аптадағы, ай ішіндегі басшылар мен мамандардың жұмысын ретке келтіру, кәсіпорын жұмысының ырғақтылығына қол жеткізу мақсатында өндірісті басқарудың оперативтілігін арттыру. Қажет болған жағдайда қауырт кезеңдерге арналып жұмыс күнінің тәртібі белгіленеді. Жеке творчествалық жоспарға өндіріс техникалары мен технологияларын жетілідру, оны ұйымдастыру мен басқару, еңбек жағдайын жақсарту, осылайша тиімділікті арттыру жөнінде нақты шараларды жүзеге асыру көзделеді. Ой еңбегінің гигиенасы жөніндегі ұсыныстардың маңыздылары:
- еңбек етуде қатты шаршамау, бірақ үзілісті жиілетпеу;
- демалыс уақытын дұрыс пайдалану, уақыт тапшылығын болдырмау;
- жұмыстың үйреншікті қарқынын қадағалау (тездетпеу,баяулатпау);
- бір іспен тым ұзақ уақыт шұғылданбау;
- зерттеуді тұрақты жүргізу, байланысты үзбеу;
- жұмыстың маңыздылығына көз жеткізгеннен кейін ғана оған кірісу;
- тынығуға, тамақтануға, денсаулыққа мән беру.
Жоспарға сай жұмыстың орындалмауының басты себебі көп жағдайда уақыттың дұрыс бөлінбеуінде, яғни мақсаттың дұрыс қойылмауы, міндеттер туралы нақты түсініктің және оларды шешу жолдарының жоқтығы, өзге жұмыспен тым әуестену, тиянақтылықтың болмауы, мәліметтің толық болмауы, оның кешігіп келуі, ақпарат тасқынынан маңыздысын іріктей алмау сияқты кемшіліктерге жол беру. Сондықтан басшы өз мүмкіндігін барынша пайдаланып, саналы түрде үйлестіріп, әбігершілікке салынбау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет