Кәсіпкерлік мәдениеттің қалыптасуы келесідей факторлармен айқындалады: - өркенниетті сыртқы кәсіпкерлік орта;
- қоғамдық және мемлекеттік менталитет;
- қоршаған ортаға байланысты құқықтық нормалар, ережелер, міндеттемелер;
- кәсіпкерлердің жауапкершіліктері;
- кәсіпкердің өзі және корпоративтік мәдениет.
Кәсіпкерлік мәдениеті мәні мен мағынасы Басқару еңбегі өндірістік еңбек болып саналады. Басқару еңбегін өндірістік еңбекпен салыстыруды мынадай белгілер бойынша жүргізеді: еңбек заты, тікелей мақсат пен еңбек нәтижесі, еңбек құралы, еңбек сипаты, оның мазмұны. Басқару еңбегінің өндіріс еңбегінен айырмашылығы еңбек затының өзгешелігінде. Басшы үшін еңбек заты – мәлімет, яғни ақпараттарды жинап, өңдеп, шешім шығару. Осы мәліметтерді алмасу - басқару құралы. Басшының бағыныштыларымен қарым-қатынасы ақпарат алу мен таратудың ерекше түрі.