5 – тақырып. Кәсіпкерлердің шаруашылық серіктестіріктерімен келісімдік
1.Кәсіпкерлік келісім–шарттың жалпы сипаттамасы, түрлері.
2.Келісім –шартты дайындау үшін қойылатын талаптар.
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: келісім шарт, контракт, комиссияның келісім шарты, тапсырмалық келісім шарт, сату-сатып алу келісім шарты.
Әрбір туристік кәсіпорындардың жұмысы бизнес бойынша әріптестермен (туроператор, турагенттер), сақтандыру компанияларымен , туристік қызметті тұтынушылармен т.б. ұйымдармен келісім шарт (контракт) жасау арқылы жүзеге асады. Қажетті заңдылықтармен бірге, келісім шарт нарық субъектілері қарым-қатынастарын реттеуші аса маңызды құжат болып табылады. Ол кез-келген кәсіпкерлік келісімдерді орындаудың құрамдас бөлігі ретінде маңызды роль атқарады.
Туризм басқа да шаруашылық іс-әрекеттерден ерекше бөлінбейді. Сондықтан барлық нормаларға сай дайындалған келісім шарттар туристік фирмалар үшін де жарамды.
Достарыңызбен бөлісу: |