- Пайдалы жұмыс (А) ескерілмесе, процесс нәтижесінде тек ұлғаю жұмысы жасалды деп ұйғарылса, термодинамиканың бірінші заңының аналитикалық өрнегі төменгі түрге ие болады:
- Q = ∆U + p∆V (6) Q = dU + pdV (6*)
- Жүйеге берілген жылу (Q) ішкі энергияның (∆U) өзгерісіне және ұлғаю жұмысын (А) жасауға жұмсалады.
- Бұл тұжырымдама термодинамиканың бірінші заңының тағы бір анықтамасы болып табылады.
- Химияда және химиялық технологияда процестер изобаралық (р = соnst) және изохоралық (V = соnst) жағдайларда өтеді.
Термодинамиканың бірінші заңының салдары. Гесс заңы - Термодинамиканың бірінші заңын р = соnst жағдайыда өтетін химиялық реакцияларға және физика-химиялық процестерге қолдану.
- 1. р = соnst (изобаралық процесс)
- QP = ΔU + р(V2 - V1 )
- QP = U2 - U1 + рV2 - рV1
- QP = (U2 + рV2 ) - (U1 + рV1)
- H = U + pV (7), Н – энтальпия
- QP = H2 - H1
- QP =ΔН (8) немесе Q = dН (8*)
- (индекс “P” процестің өту жағдайын көрсетеді)
- QP немесе ΔН – изобаралық жағдайда өтетін процестердің жылу эффектісі
- Тұрақты қысым кезінде жүйеге берілген жылу оның энтальпиясын өзгертуге жұмсалады.
- Тұрақты қысым кезінде жылу күй функциясы қасиетіне ие.
Термодинамиканың бірінші заңының салдары. Гесс заңы - Н – энтальпия - химиялық термодинамиканың тағы бір функциясы:
- күй функциясы, шексіз аз өзгерісі – толық дифференциал,
- процестің жолына тәуелсіз, тек жүйенің алғашқы және соңғы күйімен анықталады,
- экстенсивті шама, аддитивтілік қасиетке ие, термодинамикалық анықтамалықтарда заттың бір моліне қатысты беріледі,
- абсолютті мәнін анықтау мүмкін емес, термодинамикада жүйе бір күйден екінші күйге ауысқанда оның тек өзгерісін есептеу жеткілікті.
- Процесс нәтижесінде жүйенің энтальпиясы жоғарыласа ∆Н оң, ал төмендесе теріс мәнге ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: |