Дәріс тезисі Қазақстан тарихы пәнінен дәрістер кешені «Қазақстан тарихын» оқытудағы кредиттік технология бойынша Қазақстанның ежелгі дәуірден қазіргі күнге дейінгі тарихы бойынша материалдарды меңгеру және қабылдауды қамтамасыз ету үшін



бет12/39
Дата07.11.2022
өлшемі0,55 Mb.
#156875
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39
Байланысты:
дәріс тезисі

Әдістемелік ұсыныстар:
Оқытушы ең біріншіден қысқаша тарихнамалық шолу жасайды, қарастырылып отырғын тақырып бойынша өз беттерінше дайындалу үшін студенттерге оқу - әдістемелік құралдарын және оқулықтар ұсынады. Әсіресе лекция барысында толық көлемде кейбір себептермен қарастырыла қоймаған қызықты тақырыптық мәселерді бөліп көрсету.
Түрік тілдес қоғамның қалыптасуы туралы түсінік береді.(қалыптасу кеңістігі, түбі, тегі бір Ашина тайпасы жөніндегі аңыздар), алғашқы мемлекеттік білестіктердің пайда болу кезеңіндегі тайпалық бірлестіктерден (қырғыз тайпалары, тоғыз – оғыз, он ұйғыр, теле) бастап біртұтас мемлекеттік бірлестіктер туралы жалпы материалдармен таныстыру, тайпалық бірлестіктердің құрамына мән беру керек.
Көрнекі құралдарды пайдала отырып, оның ішінде «Қазақстан түркі дәуірнде» атты картаны пайдалану. Оқытушы түркі пайпаларының орналасуын, территориясын, әр кезеңдердегі мемлекеттік бірлестіктердің шекарасын сипаттайды, қалалардың негізгі мәдени орталықтарын, сауда жолдарын көрсету керек.
Түркі дәуірінің философтарының, ғалым ағартушылары Әль-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмут Қашқари, Қожа-Ахмет Яссауидің түркі мәдениетінің қалыптасып, дамуына әсері жөніндегі материалдармен қамтамасыз ету.
Оқытушы әр бір тақырыпшаға қорытынды бере отырып, қазақ халқының этногенезіне және Қазақстан тарихына, аймақың тарихына түркі мелекеттірінің ролі жөнінде жалпы қорытынды жасайды.
Міндетті түрде сабақтың соңында семинар сабақтарына, СРСП, СРС дайындау үшін тапсырмалар беріледі.


Дәріс тезисі:
Б.з. VI ғасырларынан бастап Қазақстан территориясында «Түркі кезеңі» басталады. Алайда, түріктердің Қазақстан мен Орта Азияда пайда болуы бұдан да ертерек екені сөзсіз.
Ең алдымен «түрік» терминінің шығу барысын, мәнін ашуымыз керек. Бұл атаудың шығуы жөнінде бірнеше пікірлер бар. Кейбір авторлар бұл атауға «батыл, ұлы», ал Шакәрім Құдайбердіұлы бұл атауды «бас киім» деп түсіндіреді. Мағынасы жағынан түркі термині тілдік және этникалық, мәдени жағынан бір-біріне ұқсас көптеген этникалық топтардың бірлігі деген мағынаны білдіреді. Осыдан барып түркі халықтары тілдік жағынан туыстас, тамырлас, сонымен қатар фонетикалық жағынан бір – бірінен айырмашылығы бар этностар екендігін атай аламыз.
I ғасырлардың басында түріктер анторпологиялық және этникалық жағынан жақын болғанғандығын аңғаруға болады. Ішкі Еуразиядағы ұлы қоныс аудару барысында көптеген түркі халықтары бір бірінен айырмашылығы ерекшелене бастады. II мыңжылдықтың бас кезінен бастап тілдік бірлік қалыптаса бастады. Қазақстан территориясындағы түркі дәуірі айтарлықтай уақыт аралығын қамтыды яғни VI ғасырдан басап –XII ғасырлар аралығын қамтыды. Осы уақыт аралығында Қазақстан территориясында қазақ халқының қалыптасуына және басқа да аймақтарда халықтардың қалыптасуына әсер еткен негізгі тайпалар түркі тайпалары.
Алғашқы түрік мемлекеті ол «Түрік қағанаты» (551-630 ж.ж.). 551 жылы Бумын қаған титулын алады. Муқан, Естеми қағандар тұсындағы соғытар кезінде 558 жылы түріктер Еділден Хангар тауларына дейінгі террриторияны өздеріне қаратып алды. Түріктер өздерінің географиялық және стратегиялық жағынан Иран және Византия сияқты елдермен одақтаса отырып, Еуразиядағы дамыған, ірі мемлекеттерге қарай ұмтылды.
582 -583 жылдардан бастап Қытайдағы билік етіп отырған династиялық биліктің алмасуы, өзара қырқыстар, жұтқа байланысты қағанат құлдырай бастады. Ал 603 жылы қағанат екі бөлікке бөлініп кетті. Батыс және Шығыс қағанат болып бөлінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет