Дәріс тезисі Қазақстан тарихы пәнінен дәрістер кешені «Қазақстан тарихын» оқытудағы кредиттік технология бойынша Қазақстанның ежелгі дәуірден қазіргі күнге дейінгі тарихы бойынша материалдарды меңгеру және қабылдауды қамтамасыз ету үшін


Қазақстан жеріндегі тас және қола дәуірі



бет2/39
Дата07.11.2022
өлшемі0,55 Mb.
#156875
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
дәріс тезисі

Қазақстан жеріндегі тас және қола дәуірі




1 -Дәріс тақырыбы: Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы
Қазақстан жеріндегі тас және қола дәуірі”
Жоспары:

  1. Алғашқы қауымдық құрылыстың кезеңдерге бөлінуі.

  2. Палеолит дәуірі кезеңіндегі Қазақстан.

  3. Қазақстан жеріндегі мезолит және неолит дәуірлері.

Мақсаты: Адам және адам қоғамының, оның материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы.
Міндеті:

  1. Алғашқы қауымдық құрылыстың кезеңдерін қарастыру.

  2. Алғашқы қауымдық құрылыстың дамуы туралы анық ұғым қалыптастыру; еңбек құралдарының дамуы адамдардың өмір салты мен ұжымының ұйымдасуына тигізген әсерін көрсету.

  3. Дін мен өнердің ертедегі формаларының туындауын көрсету.

  4. Шаруашылықтың жаңа салалары: мал шаруашылығы мен егіншіліктің пайда болуына баса назар аудару.



Әдістемелік ұсыныс:
Алғашқы қауым адамдарының өмірін оқып-зерттеудің тәрбиелік және білімдік маңызы зор, себебі мұнда адамзат дамуының ең ежелгі сатысы сипатталады, бұл тақырыпты меңгеру тарихты әрі қарай оқып-білуге негіз болатындығын да ескеру қажет.
Дәріс тезисі:
1. Адамзат тарихында алғашқы қауымдық құрылыс ең ұзақ кезең болған. Оның төменгі шегі б.д.д. 2,5 млн. жыл, ал жоғарғы шегі 3 мың жылдар аралығына сәйкес келеді. Археологиялық қазбалар негізінде тас дәуірі келесі кезеңдерге бөлінеді:
Палеолит (ежелгі тас дәуірі) – б.д.д. 2,5 млн. – 12 мың жыл;
Мезолит (орта тас дәуірі) – б.д.д.12 мың – 8 мың жыл;
Неолит (жаңа тас дәуірі) – б.д.д.5 мың – 3 мың жыл.
Өз кезегінде ежелгі тас ғасыры 3 кезеңді қамтиды, олар: төменгі, орта, кейінгі.
Төменгі палеолит үш дәуірге бөлінеді:
Дошель, немесе олдувай – б.д.д. 2,5 млн. – 800 мың жыл;
Шелль және ашелль – б.д.д.800 мың – 140 мың жыл;
Орта палеолит кейінгі ашелль және мустье дәуірлеріне бөлінеді – б.д.д.140 мың – 40 мың жыл;
Кейінгі палеолит ориньяк, солютре және мадлен дәуірлеріне бөлінеді, ол – б.д.д.40 мың – 12 мың жыл.
ІІ. Палеолит – адам және оның шаруашылығының қалыптасу кезеңі.
№1 кесте.Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық құрылыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет