Мақсаты:
ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының саяси және ұлттық сана-сезімінің өсуі мен қазақ интеллигенциясының қалыптасу тарихын оқып білу.
Міндеті:
1900-1917 жылғы Қазақстандағы революциялық қозғалыстың ерекшеліктерінің себептерін анықтап, студенттерге жеткізу.
Әдістемелік ұсыныс:
Мақсаты:
Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуінің салдарынан-өлкедегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді ашып көрсету.
Міндеті:
Қазақстандағы капиталистік қатынастардың даму ерекшеліктеріне тоқталу, патша үкіметінің жүргізген қоныстандыру саясатының отарлық маңызын ашып көрсету.
Әдістемелік ұсыныс:
Студенттердің назарын Қазақстандағы капитализмнің даму ерекшеліктеріне аудару; Өлкедегі капитализм ошақтарының жағрафиялық орналасуын анықтау; Студенттерді картамен жұмыс жасауға үйрету.
Дәріс тезисі:
Патшалық Ресей ХІХ ғ. 80-90 ж.ж. қазақ жерлерінде әкімшілік-территориялық реформаларды өзінің отарлау саясатына сай жалғастырды. Осы орайда, 1886 ж. 2 шілдесінде “Түркістан өлкесін басқару туралы”, 1891 ж. 25 наурызда “Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Торғай облыстарын басқару” туралы ережелер қабылданады. Бұл құжаттар бойынша Қазақстан территориясы екі генерал-губернаторлыққа бөлінген – Түркістан және Дала, орталықтары Ташкент пен Омбы қалалары. Бөкей Ордасы Астрахань губерниясының құрамына кірді, Маңғыстау – Закаспий обылысына енді. Патша үкіметі 1861 жылы Ресейде крепостнойлық правоның жойылуынан кейін жерсіз қалған шаруаларын жермен қамтамасыз ету мақсатында оларды Қазақстанға қоныс аудару саясатын жүргізген болатын.
Қазақстан халқының саны өсіп, 1897 ж.- 4 147,8 мың, 1911 ж. – 5 408 мың, 1914 ж. – 5 910 мыңға жетті. 1897 ж. санақ бойынша Қазақстанда 18 қала болды, олардың әлеуметтік құрылымы да ала болған. Қалалық жерлерде басқа мемлекеттерден әртүрлі мақсатта келген ұлттар қоныстандырылса, жергілікті қазақ халқы өзінің мал шаруашылығына байланысты көшіп-қонып, қалалық орталықтарға шоғырланбаған. Қазақ халқы өзінің дәстүрлі шаруашылығы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен, егіншілікпен айналысқан. Қоныс аударғандар егіншіліктің дамуына өте зор әсер етті. Қазақстанда бидай, сұлы, тары, теріскен, күріш, бау-бақшаның жаңа түрлері өсірілген. Ауыл шаруашылық өнімдерін әр аймақтарда өтетін жәрмеңкелерде сатылған, олардың кейбіреулерінің сауда айналымы 1 млн. руб. асқан.
ХХ ғасырдың басындағы дамып келе жатқан капитализм Қазақстанды империяның шикізат өндіретін өлкесіне айналдырды. Негізгі өндіріс салалары тау-кен байыту, кен өндіріс зауыттар, шикізат өңдейтін өнеркәсіптік шеберханалар болды. ХХ ғ. басында Қазақстанға шетел капиталистері келді, олардың қолдарына мыс, алтын, көмір өндірісі көшті.
Өнеркәсіптің маңызды салаларына тұз өндіру жатты. Ең ірі өнеркәсіп орындары Басқұншақ, Эльтон, Илецк, Коряновка, Карабаш орындары болды. Орал, Ертіс, Іле, Сырдария өзендерінде, Зайсан, Балхаш көлдерінде, Арал, Каспий теңіздерінде балық аулау кәсіпшілік орын алды.
Батыс аймағында мұнай өндіріле бастады. Мұнай кәсібі ағылшындардың қолында болды. Ауыл шаруашлығының өнімдерін өңдейтін шағын зауыттар пайда болды – жүн жуатын, тері илейтін, май шыжғыратын, май шайқайтын, сабын қайнайтын, арақ-шарап шығаратын, мақта тазалайтын, ет консервілейтін, диірмендер, темекі шығаратын т.б. Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы және жалпы ресейлік нарықтың қалыптасуы көлік байлансының дамуына сұраныс етті. Сондықтан Орынбор-Ташкент, Орынбор-Троик, Ташкент жолынан Жетісу мен Алтай жаққа темір жолдар салынды. 1917 жылы теміржол тораптарының ұзындығы 2793 шақырымға созылды. Су көлігі де дами бастады, әсіресе Ертіс өзенінде.Капитализмнің көрінісі ретінде банктердің саны өскенін айтуға болады. Мемлекеттік банктың филиалдары Ташкентте, Орал, Петропавл қалаларында ашылса, Омбыда, Семейде, Ақмола, Верный, Қостанай, Павлодарда Сібір банкінің филиалдары ашылды. Бірақ, Қазақстандағы капитализм өте қарапайым құрықтанған түрде болды. Өндіріс орындары шикізат өндейтін деңгейде болса, олардың жұмыс жағдайы да өте ауыр болғанымен орыс және шет елдер капиталының келуі өлкенің дамуына жол ашты.
ХІХ ғасырдың аяғында – ХХ ғасырдың басында Ресейдің еуропалық бөлігінде аграрлық мәселе ауырлады. Патшалықтың шешімі – империяның шеттегі өлкелерін талап еткендерге жер беру. ХІХ ғасырдың аяғына дейін Қазақстанға ресми түрде көшуге билік берем дегендерге жол ашып, заңдар қабылдады – 1903 жылы 12 наурызында, 1904 ж 6 маусымында, 1905 жылы 3 қарашасында. Қоныстанушыларға 30 десятинадан жер беріліп, 15 жылға салықтан босатылды, 100 сом көлемінде жәрдемақы берілді.
1905 жылы қаңтар айында Ресейде алғашқы буржуазиялық-демократиялық революция басталды. Күреске империяның көптеген әлеуметтік топтары кірісті. Қазақстан халқы да тыс қалған жоқ. 1905-1907 жылдары революцияда қазақ өлкесінде ұлт-азаттық жұмысшы, аграрлық және діни қозғалыстар орын алды, ол биліктің үстемдігіне қарсы болатын. Ұлт – азаттық қозғалыстың басында либералды-демократиялық көзқарастағы қазақ интеллигенциясы тұрған. Олардың арасында А.Бөкейханов, М.дулатов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Тынышпаев және т.б. Олар 1905 жылы қазақ құрылтайларын өткізген, онда қазақ халқының ең өзекті мәселелерін талқылаған.
1905 жылы жазда І құрылтайда, патшаға петиция (үндеу) қабылдаған. Онда қазақтар қоныс аудару саясатын тоқтатып, өздерінің мұсылман Діни басқөармасын құрнып істі қазақ тілінде жүргізіп, сот алқасын және қазақ өкілдерін мемлекеттік Думаны шақыруға арналған дайындыққа тартуды талап етті. Желтоқсандағы екінші құрылтай Кадет партиясының қазақ бөлімшесін құруға әрекет жасады. 1906 жылы ақпанында өткен құрылтай қазақ жерлерін қазақ халқының меншігі деп тануды талап етті, қазақтың ұлттық мәдениетін дамытуға жағдай жасау, оқу орындарын ашу, діни бостандық, қазақ тілін дамыту сияқты мәселелерді көтерді.Қазақ интеллигенция өкілдері патша шақыруға мәжбүр болған, І, ІІ, мемлекттік Думаның жұмысына қатынасыпоның мінбесінен қазақ қоғамының ең күрделі мәселелерін жеткізді. Бірақ патшалық Ресей оған құлақ асқан жоқ. Керісінше биліктегі зақа интеллигенциясын қуғынға ұшыратты.Өзінің ой-пікірлерін зиялы қауым басмпа сөз арқылы таратты. Алғашқы бұқаралық баспалар – “Айқап” журналы (1911), “Қазақстан” газеті (1911), “Қазақ” газеті (1913). “Қазақ” газетінің төңірегінде болашақ “Алаш” партиясының негізі қалыптасқан еді.
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс аграрлық қозғалыспен тығыз байланыста болған. Шаруалардың бой көтеруіне стихиялық тұрғыда болып, араларында тығыз байланыс болмаған, олардың күресі – салықты төлеуден бас тарту, егінді бүлдіру, қоғам жұмыстарына шықпау, феодалдармен билік өкілдерін ұрып-соғу, кейбір кезде тіпті өлтіруге де барған. Қазақ шаруаларының көтерілістері Семей, Торғай, Сыр-дария, Жетісу облыстарында орын алған. қазақтармен бірге орыс, ұйғыр, дүңген шаруаларының күреске шыққан кездері де болды.
Шаруаларға қарағанда белсенді, саяси толы деңгейде жұмысшылардың қозғалысы болды, мысалы, Успенск, Спасск руднигінде, Қарағанды көмір қазбаларында, Спасск мыс балқөыту зауытында және т.б. өнеркәсіптерінде жұмыс қозғалысының басында теміржолшылар тұрды. Олар өздерінің талабын нақты түрде білдірген, басқару комитеттерін құрып, 8 сағаттың жұмыс күнін кіргізіп, кәсіподақтар құрған. Әсіресе, Орал, перовск, Петропавл теміржолшыларын айтуға болады.
1905-07 жылдары Қазақстанда алғашқы РСДРП топтары құрыла басталған. Олардың өкілдері қалаларда марксистік үйірмелер ашып, ағарту, насихат, үгіт жұмыстарын жүргізген. Демек, қазақ өлкесінде алғашқұы орыс революциясының арқасында ұлттық сана-сезім жаңа деңгейге көтеріліп, қоғамның ең күрделі, өзекті проблемаларын ашық түрде көрсетті, ұлт-азаттық қозғалыс белсенділік білдіріп, еңбекшілерді билікке қарсы көтерді.
1905-07 жылдары аграрлық толқулар Столыпин реформасына әкелді, нәтижесінде 1910 жылы 14 маусымда реформа бойынша заң қабылданып, ережелер жазылды. Реформа бойынша қазақтардың жерлероін көшіп келгендерге жаппай түрде тартып алу билікпен жалғастырылды. 1914 жылға дейін қазақ халқынан орыс қоныстанушыларына 40 млн. десятина жер күштеп алынды, ол қазақ жерлерінің 20 пайыз болатын.
Столыпин реформасының бірнеше маңызды стратегиялық міндеттері болатын:
дәнділерді егу көлемін көбейту
шұрайлы жерлерді көшпенділерден егіншілікке тартып алу
орыс мемлекетінің отарлығын күшейту
көшпенділердің ортақ жер меншігін бұзбау
қоныс аударған христиандардың арқасында империяның Қытаймен шекарасын нығайту
Реформаның нәтижесінде Қазақстанға көптеген орыс, украин, татар, неміс өкілдері көшіп келді. Қоныс аудару саясатының салдарында Қазақстанда демографиялық жағдай өзгерді. ХХ ғасырдың басында өлке көп ұлтты, әр түрлі мәдениеттерге жататын, бірнеше дінді ұстайтын қоғам болып шықты. Жергілікті халық басымды болса да, орыс пен украин өкілдерінің саны өсе түсті.Сонымен, ХХ ғасырдың басындағы патшалықтың қоныс аудару саясаты империялық мақсатта жүргізілді және жергілікті халықтың жағдайын одан әрі нашарлатты.
Достарыңызбен бөлісу: |