Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Философияның пайда болуы және дамуы Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі


Дәріс бойынша ағымдық бақылау сұрақтары



бет5/30
Дата09.10.2024
өлшемі146,5 Kb.
#206021
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
дәрістің мазмұны

Дәріс бойынша ағымдық бақылау сұрақтары:

  1. Ежелгі Шығыс философиясының пайда болуының негізгі алғышарттары қандай?

  2. Қазақтардың алдыңғы философиясының өзіндік идеялары қандай?

  3. Ежелгі Үнді философиясының негізгі бағыттары мен мектептерін атаңыз.

  4. Упанишада философиясының негізгі ойлары қандай?

  5. Ежелгі Қытай философиясының негізгі мектептері қандай?

  6. Конфуций философиясының негізгі тұжырымдарын атаңыз.

  7. Даосизм философиясының негізгі ойлары қандай?

  8. Даосизм философиясындағы «әрекет етпеуді» қалай түсінуге болады?

  9. Антика философиясының қалыптасу ерекшеліктері мен дамуының негізгі кезеңдері қандай?

  10. Антика философиясындағы «диалектика» ұғымының мазмұны қандай?

  11. Неліктен Сократ философиясын этикалық идеализм ретінде анықтауға болады?

  12. Платонның идеалистік философиясының негізгі идеялары мен ұғымдары қандай?

  13. Аритотельдің ғылымдардың дамуына қосқан үлесі қандай?

Дәріс бойынша тест тапсырмалары:

  1. Ежелгі Үнді философиясындағы адамгершіліктік құлшыну заңы мына ұғыммен белгіленеді:

А. Нирвана.
В. Карма +.
С.Атман.
D. Сансара.
Е. Джива.
2. Упанишадтағы белгісіз әмбебап рухани бастама:
А. Сансара.
В. Карма .
С. Брахман +.
D. Мокша.
Е. Пуруша.
3. Ежелгі Үндінің діни-философиялық ескерткіші, әйгілі «Махабхарата» эпосының бөлігі:
А. Йога-сутра.
В. Бхагавадгита +.
С.Катха-упанишада.
D. Дхаммапада.
Е. Бхагавата-пурана.
4. Конфуцийдің этикалық-саяси көзқарастарының мәні:
А. Комунизм құрылысшыларының моральдық кодексін жасау.
В. Ізгілік арқылы мемлекетті басқару тұжырымдамасы +.
С. Жаңа мемлекет құруға талпыну мәселесі.
D. Қоғамның демографиялық мәселесі.
Е. Саяси төнкеріс жасау мәселесі.
5. Даосизмде «у-вэй» - дің мағынасы:
А. Парасаттық.
В. Болымсыздық +.
С. Әділеттілік.
D. Мейірбандық.
Е. Танымдық.
6. Шындықтың сандық жағына көңіл аударған көне-грек ойшылы:
А. Анаксагор.
В. Пифагор +.
С.Гераклит.
D. Сократ.
Е. Аристотель.
7. Анаксимандр іліміндегі дүниенің алғашқы бастамасы:
А. Атом.
В. Сан.
С. Су.
D. Апейрон +.
Е. Ауа.
8. «Өзіңді өзің танып біл» деген дельфийлік сөзге философиялық мән берген ойшыл:
А. Фалес.
В. Платон.
С.Пифагор.
D. Аристотель.
Е.Сократ +.
9. Платон философиясындағы басты ұғым:
А. Форма.
В. Әлемдік ерік.
С. Эйдос (идея) +.
D. Атом.
Е. Апейрон.
10. Аристотель бойынша, субстанцияның екі жағы:
А. Форма және мазмұн.
В. Құрылым және элемент.
С. Себеп және салдар.
D. Болмыс пен болмыс емес.
Е. Форма мен материя +.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет