Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Философияның пайда болуы және дамуы Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі


Дәріс бойынша қорытынды бақылау сұрақтары



бет6/30
Дата09.10.2024
өлшемі146,5 Kb.
#206021
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
дәрістің мазмұны

Дәріс бойынша қорытынды бақылау сұрақтары:

  1. Шығыстық дүниетаным ерекшелігі және ойлау стилі.

  2. Ежелгі үнді философиясындағы брахманизм және буддизм философияларының айырмашылығы.

  3. Конфуций философиясындағы адам және идеалды қоғам мәселесі.

  4. Көне Қытай философиясындағы легизм мектебі қоғам дамуы туралы.

  5. Антикалық философиядағы диалектикалық ойлаудың элементтері.

  6. Атомистер философиясындағы әлеуметтік мәселелер.

  7. Пифагор философиясындағы адам мәселесі.

  8. Сократтың этикалық рационализмі.

  9. Демокрит адам бақыты туралы көзқарастары.

  10. Платон философиясындағы «социализм» идеясы.

  11. Аристотельдің жан туралы ілімі.

  12. Антика философиясында адам өмірінің мәнін аскетизм және гедонизм көзқарасы тұрғысынан түсіндіру.

1

№ 4
дәріс

Онтология және метафизика
Болмыс және тіршілік. Мән және бар болу.
Онтология – болмыс туралы ілім. Бар болудың онтологиялық құрылымы.
Болмыс және бейболмыс (Парменид, Зенон). Болмыстың түрлері. Платон мен Аристотельдің философиясындағы болмыс мәселелері. Әл-Кинди және Ибн-Рушд концепциялары. Жаңа заман философиясындағы субстанция мәселесі (Р.Декарт, Б.Спиноза, Г.Лейбниц). М.Хайдеггердің «фундаменталды онтологиясы» (Dasein). «Материя» ұғымы. Материалдық әлем болмысы. Қозғалыс, кеңістік және уақыт.
Философияның негізгі ұғымдары: дүние, заман, мән, құбылыс, мазмұн, форма, жалпы, жеке, бүтін, бөлік, сан, сапа, өлшем, терістеу, себеп, салдар, қажеттілік, кездейсоқтық, мүмкіндік, шындық. Болмыс және Абсолют. Құдай-әлем қатынасы мәселесі. Абай дүниетанымдағы Құдай және адам мәселесі.
«Идея» ұғымы. Болмыс пен ойлау арақатынасы мәселесі. Идея және рухани құндылықтар болмысы. Виртуалды шындықты философиялық зерделеу пәні ретінде талдау.
Егер құлиеленуші қоғамда ғылыми-материалистік және диалектикалық көзқарастың бастамасын салған көптеген атақты ойшылдар болса, феодализмде -орта ғасырда (ІУ-ХУ ғғ.) ғылыми танымға қарсы діни - идеалистік көзқарас үстемдік етті. Философиялық жүйелер теоцентристік болды, яғни ең биік реалдық деп табиғат емес, құдай саналады, ол шексіз билеуші, барлық болмысты тудырушы жөне анықтаушы. Сондықтан барлық көңіл соны тануға аударылуы керек еді.
Сол кездегі ойшылдар түгелдей дерлік уағыздаушылар, не діни мектептердің ұстазы болды. Осыдан философия жүйелері мүғалімдік, үйретуші сипатта келеді, оның схолистика (латынша мектеп) аталуы да сондықтан. Схолистиканың ролі діни қағидаларды қорғау және жүйелеу, абстракциялық логика жолымен дәлелдеу. Философияның басты міндеті құдайдың өмір сүруіне арналған тезистерді бекіту болды.
Августин Блаженный (354-430) - христиан теологі, шіркеу аталарының бірі. Ол тарихи оқиғалар құдайдың болжауымен болатынын, қоғам өмірін екі қарама-қарсы күштердің (күнәһәр-кәпірлік, құдайлық) күресі екенін айтады. Біріншісі Рим империясының мемлекет мекемелерінде, екіншісі қүдайдың рахымын алған шіркеуде орын алған. Олардың күресі шіркеудің толық жеңісіне жеткізеді, католик дінін билуші етеді. Зиялы билікті жоққа шығармаса да Августин оның үстінен дін үстемдігінің болуын қалады. Августин Дүниенің жаратылу мәселесін ертедегі гректерге қарағанда басқаша шешеді. Плотиннің Демиургі Августиннің Құдайынан тіпті бөлек. Өйткені, оның жоғарысында “Идеялық әлем² - үлгі ретінде, ал төменгі жағында мәнгілік өмір сүріп жатқан еш бітімі жоқ материя жатты.
Августин мұндай көзқарасқа үзілді-кесілді қарсы шығып, Дүние жоқтан (ex nіgіlo-лат. сөзі, - ешнәрседен)Құдайдың құдіретті күші арқылы пайда болды дейді. Ойшылдың айтуынша, шындықтың пайда болуының үш жолы бар.
1. Генерация жолымен (generatіo - лат.сөзі, - туу, ұрпақ) яғни тіршілік өзін-өзі тудырып отырады. Мысалы, сиырдан бұзау, жылқыдан - құлын, шешеден-бала туады;
2. Фабрикация жолымен (fabrіcatіo-лат. сөзі – жасау) яғни, бір заттан екінші затты жасау. Мысалы, ағаштан үй жиһазын, я болмаса үйді жасау, салу, саздан кірпіш құю т.с.с.
3. Жоқтан барды тудыру, (creatіo-лат. сөзі-жарату) яғни, өз денесінен, я болмаса басқа сыртқы заттан емес; Ол тек Құдайға ғана тән нәрсе.
ФомаАквинский (1225-1274) - ортағасырдыңфилософыжәнедінғалымы. Олқұдайдыболмыстыңалғышартыжәнесоңғымақсаты, тазаформадепесептейді. Құдайдыңмәніменболмысытең, алоныңжасағанзаттарындаолартеңкелмейді. Философиямендінғылымыәртүрлі, себебітеологияпринципімендіниқағидаларақылпринципіменлогиказаңдарыбір-бірінетәуелсіз. Дінфилософияныаяндаберілгенақиқаттыадамлогикасынажақындатуүшін, олардыңақылсыздықемесекенінкөрсетуүшінпайдаланады, сондықтанфилософиятеологияныңқұлы.
Ортағасырлық философтар жаратылған дүниені тану мүмкіндігінің деңгейі туралы айтысты. Бұл әсіресе екі мектеп-реализм (латынша - шындық) мен номинализм (атау) арасында өтті. Айтыс жалпы ұғым, универсалилер туралы болды. Реалистер (Ф.Активинский, А.Кентерберийский) универсалилер шын өмір сүреді, олар жеке заттан бұрынғы рухани мәндер деп, заттарды тудырады деді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет