Ќазіргі кезде психология ғылымы – көптеген салалар мен тармаќтарға бөлініп, ілгері дамып отырған өрісі кең ғылыми пән. Бұл салалар мен тармаќтар дамуы мен ќалыптасуы жағынан адамның түрлі тәжірибелік іс – єрекеттерін ќамтитын єр ќилы сатыда тұр. Оларды топтастырып, жік – жікке ажырату жіктеу деп аталады. Енді осы мәселенің сырын ашуға кірісейік. Біз психиканың дамуын жіктегенде, ең бірінші, осы пєннің зерттейтін обьектісін, екінші, адамның іс – әрекеттүрлерін негіз етіп аламыз. Үшінші, адамның өзін даму мен іс – әрекет иесі деп санап, оның әлеуметтік ортаға ќатынасын алып ќарастырамыз.
Адамның наќты іс – әрекеттеріне сүйене отырып, оның психикасының дамуын төмендегіше жіктейміз.
Тәлім – тәєрбие психологиясы. Бұл пәннің зерттейтіні – адамды оќыту мен тєрбиелеу ісіндегі психологиялыќ заңдылыќтар. Ол оќушылардың аќыл – ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын ќалыптастырудың, олардың тиісті оќу материалдарын меңгеруі мен ұстаз – шәкірт арасындағы өзара ќарым – ќатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін ќарастырады. Сөйтіп, оќушылар ұжымындағы өзара ќатынастармен, олардың психологиялыќ даралыќ ерекшеліктерімен санасып отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Оќу – тәрбие жұмыстарын жєне балалардың психологиялыќ ерекшеліктерін ескерiп, бірќалыпты даму заңдылыќтарынан ауытќыған балалармен тәлім – тәрбие жұмысын жүргізу әдіс – тәсілдерінің психологиясын зерттейді.
Тәлім – тәрбие психологиясының мынандай тармаќтары бар: а) Оќыту психологиясы – дидактиканың психологиялыќ негіздерін, оќыту мен білім берудің жекелеген әдістеме мәселелерін, бағдарлап оќыту мен балалардың аќыл – ойын ќалыптастыру сияќты өзге де мәселелермен шұғылданады. Є) Тәрбие психологиясы – гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оќушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялыќ негіздеріне ќатысты мәселелерді іздестіреді. Бұлардан басќа мұғалімдер психологиясы және кемтар балаларды оќытудың тәрбиелеуi мәселелерін ќамтиды.