Ағымдық, аралық, қорытынды бақылау сұрақтары
1. Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстарының негізгі бағыттары.
2. Кәсіптік бағдар беру – директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының, сынып жетекшісінің, мектеп психологының, пән мұғалімдерінің бірлескен іс – әрекеті.
3. 12 жылдық мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстарының ерекшеліктері. 4. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының формалары.
5. Кәсіптік бағдар берудің тиімділік өлшемдері.
6. Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарының белсенділік әдістемесі: ойындар, пікірталастар, жағдаяттарды талқылау және т.б.
Тест тапсырмалары
Кәсіптік білім беру жүйесінде қарастырылған жаңа оқу орнының типтері:
A) кәсіптік лицей, бизнес-мектеп;
B) ұлттық салт-дәстүр лицейі;
C) кәсіптік қазақ -түрік лицейі;
D) кәсіптік лицей, бизнес-мектеп, кәсіптік қазақ-түрік лицейі, республикалық оқу-өндірістік орталығы;
E) республикалық оқу-өндірістік орталығы.
Болашақ маманның кәсіби қызметінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын, сол қызметке тән қарым-қатынас жүйесін модельдеу, елестету:
A) іскерлік ойындар;
B) ашық сабақтар;
C) педагогикалық пікір-талас;
D) ата-аналармен хат жазысу;
E) ата-аналар жиналысы.
Қоғамдық пайдалы еңбекке, кәсіпті саналы түрде таңдауға даярлау:
A) еңбек тәрбиесі мен кәсіптік бағдар беру;
B) эстетикалық тәрбиесі;
C) адамгершілік тәрбиесі;
D) қоғамдық-саяси тәрбие;
E) құқықтық тәрбие.
Кәсіптік мектепте тәрбие жұмыстарының формалары мен әдістерін жузеге асыратын басты тұлға:
A) пән мұғалімі ;
B) сынып жетекшісі;
C) директор;
D) директордың орынбасарлары ;
E) әдіскер.
Жоғарғы сынып оқушыларының негізгі іс-әрекетінің түрі:
A) Оқу танымдық.
B) Ойын ойнау.
C) Еңбек.
D) Спортпен шұғылдану.
E) Көркем шығармашылық
Баланың әлеуметтік қатынасына ықпал ететін әртүрлі субъектілерге көмектесу, бақылау жасау бағыты:
A) Оқушылар ұжымын қалыптастыру
B) Отбасына әлеуметтік қолдау көрсету
C) Оқушылардың өзін – өзі басқаруын дамыту
D) Оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру
E) Жағымды көңіл – күйді қалыптастыру
|