Тест тапсырмалары
Оқушылардың көңіл көтеру әрекеті:
A) Суда жүзу
B) Балалардың құнды демалысын ұйымдастыру
C) Спорттық жарыстарға қатысу
D) Олимпиадаларға қатысу
E) Өнер байқауларына қатысу
Дәрігерлердің оқушылар денсаулығын жақсарту барысында берген кеңесі:
A) Өзіңе сен
B) Дұрыс ұйықтауға үйрен
C) Жақсы демалыс
D) Қоршаған ортаға қызығушылықты сақта
E) Өмірге зер сала қара
Балалардың спорттық - сауықтыру әрекеті:
A) Табиғатқа саяхат жасау арқылы жүзеге асады
B) Шефтік жұмыстарды атқару
C) Арқан тартып ойнау, театрға бару
D) Көркемөнерпаздар байқауына қатысу
E) Қайырымдылық акциясына қатысу
Құндылық - бағыттаушы іс - әрекетті ұйымдастыру формасы:
A) КТК
B) Көркемөнерпаздар концерті
C) Семинар-конференциялар
D) Мінез-құлық мәдениеті туралы сабақтар
E) Кәсіби бағдар беру
Оқушыларға дәрігердің берген кеңесі:
A) Үнемі ізденушілікпен айналысу.
B) Табиғи тамақтану, ашығу.
C) Жорықтарға шығу.
D) Дене жаттығулары.
E) Ата-аналармен үздіксіз байланыста болу.
Салауатты өмір салтын құруға қатысты дәрігердің берген көмегі:
A) Мәдени орындарда өзіңді дұрыс ұста.
B) Күн сәулесін пайдалану.
C) Ішкі жан дүниеңді сақта.
D) Басты тік ұста.
E) Аяқты бір-біріне айқастырма.
Дәрігерлердің оқушылар денсаулығын жақсарту барысында берген кеңесі:
A) Өзіңе сен.
B) Дұрыс ұйықтауға үйрен.
C) Жақсы демалыс.
D) Өзіңді ойлауға тырыс
E) Өмірге зер сала қараша.
|
1
|
№ 11
дәріс
|
Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарының әдістемесі.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Кәсіптік бағдар – оқушылардың мамандықты саналы таңдауға ішкі қажеттіліктері мен дайындығын қалыптастыруға мұғалімнің мақсатты бағытталған іс – әрекеті.
2. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының мәнді сипаттамасы (мақсаты, міндеттері, мазмұны).
3. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының тәрбиелік сипаты.
Білім беру бағытындағы кәсіби бағыт беру саласы күрделі де алуан түрлі. Кәсіби бағдар беру ісін жүргізу кадрлар даярлауды жоспарлаумен, білім беру жүйесін одан әрі жетілдірумен тығыз байланысты. Мектепте кәсіби бағдар беру оқу-тәрбие үрдісінің құрамды бөлігі ретінде қаралады.
Жалпы білім беретін мектептердегі кәсіби бағдар беру жүйесінде кәсіптік бағыттылықты қалыптастырудың адами алғышарттары жоғары сыныптарда туындайды. Олардың бойында танымдық қызығушылық дами отырып, жеке мәнді мақсат қою талабы, кәсіби мүддесі пайда бола бастайды. Алайда, көптеген мектеп түлектері өзін-өзі және таңдаған мамандығын өз деңгейінде біле бермейді. Соңғы кездерде жастар арасында ғылыми қызмет беделі төмендеп, педагогикалық, инженерлік-техникалық мамандықтарға қызығушылықтары баяу өсуде. Мұндай құбылыстарды жою үшін ерекше педагогикалық тәсілдер, жұмыстың мазмұнды және құқықты формалары қажет болып отыр.
Кәсіби бағыттылық дегеніміз – адам бағыттылығының бір бөлшегі, оның ерекше формасы. Кәсіби бағыттылық жалпы бағыттылық аясында қалыптасады және адамның дамуына қарай оның құрылымында мәнді, жетекші орын алады.
Жастардың кәсіби бағыттылығына түрткі болатын компоненті ретінде олардың танымдық қызығушылығы, кәсіпке қызығуы, белгілі бір іс-әрекет түріне бейімділігі, мамандықты таңдау мотиві, мақсаттық компоненті ретінде – кәсіби құштарлық, ол мақсат қою және соған сәйкес құрал, жеткіншек осылардың көмегімен кәсіби мақсатына жетеді.
Білім беру бағытындағы кәсіби бағдар беру мынадай талапқа жауап беруі тиіс:
біріншіден, оқушыларды мектептер мен оқу-өндірістік комбинаттарының, кәсіптік-техникалық колледждердің мамандықты саналы таңдауға даярлаудағы тәрбие жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері және мазмұны органикалық байланыста болуын және бұл жұмыстарды іске асырудың құралдары және әдістерімен қамтамасыз етуі керек;
екіншіден, ол жүйе бір класта жүргізілетін кейбір тәрбие істері мен оқушылардың жеке қызметін ғана байланыстырмай, ондай байланысты бүкіл мектеп бойынша қамтамасыз етуге тиіс;
үшіншіден, ол мектептер мен оқу-өндірістік комбинаттарының, кәсіптік-техникалық колледждердің бүкіл кәсіптік бағдар беру жұмыстарын нақты ұйымдастыруға міндетті;
төртіншіден, кәсіптік бағдар беру жүйесі оқушылардың мамандықты саналы таңдауға дайындығын қалыптастыруы керек.
Бүгінгі таңда жастардың көпшілігі жоғары білімді талап ететін мамандықтарды алуға талпынып жатады. Соңғы кездерде Республикамызда жоғары оқу орын жүйесі даралана түсіп, мамандық иелері сұрыпталуда. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарына түсушілер қатары көбейе түсуде.
Қазіргі кезеңде жалпы білімнің міндеті – баланың жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы оларды жастай өз қабілеті мен қызығуына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы бағыттай білу.
Адамның белгілі бір әрекетке бейімделуіне негіз болатын факторлар бөлігіне мыналар кіреді:
- азаматтық қасиеті;
- еңбекке деген қарым-қатынасы, мамандыққа қызығуы;
- тұлғаның кәсіби еңбек бағыттылығы;
- дене және ақыл-ой өрісінің жарамдылығы;
- арнайы қабілеттері (белгілі бір іс-әрекетіне қажетті сапалар);
- білім, дағды, тәжірибе.
Әрбір оқушының сана-сезімі, мінез-құлқы, мәдениеті, өмірге көзқарасы, әртүрлі мамандықтардың ерекшелік сипаттарына қабілеттері бірдей бола бермейді. Олардың өзіндік ерекшелігі - тәрбиесіне, шыққан ортасына да байланысты. Белгілі педагог-ғалым А.Құсайынов алдыңғы қатарлы дамыған елдердің (Америка, Германия, Жапония, Франция, Нидерландия, Англия, Канада) жалпы білім беру жүйесіне талдау жасай келіп, «бұл елдерде 7-сыныптан бастап саралап білім беру іске асырылып, оқушылардың өздеріне таңдау мүмкіндігі беріледі. Әрбір оқушы өз қабілеті мен қызығушылығына қарай өзінің білімін дамыту жобасын жасайды. 10-сыныптан бастап міндетті пәндер көлемі азайып, профильдік және оқушылардың өздері таңдаған пәндер көлемі көбейеді» - дейді. Демек, ол елдерде жоғары дамуға негіз болып отырған, бір-біріне соншалықты жақын әрі қатаң бірыңғай кәсіби бағдарлы білім беру жүзеге асырылады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |