«Дүниетануды» оқытудың қазіргі жағдайы
Пән мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері әрі қарай жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әр бөлімше ішінде дәйектілікпен ұйымдастырылған оқу мақсаттары мұғалімдерге өз жұмысын жоспарлауға және оқушылар жетістігін бағалауға, сондай-ақ, оларды оқудың келесі кезеңдері жөнінде ақпараттандыруға мүмкіндік береді.
Бағдарламада «Оқу мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлімше ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 1.2.1.4. кодында «1» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқу мақсатының реттік саны.
Қай пәнді оқытқанда да ең алдымен педагогиқалық негізде оқытудың принциптерін жүзеге асыру көзделеді. Оқыту принципі дегеніміз бұл дидактиқалық принциптер яғни білім беруге педагогиқалык тұрғыдан қойылатын талаптар. Дидактиқалық принциптер (ғылымилық, жүйелілік, теорияның практикамен байланысы, саналы меңгеру, нақты мен абстракті ойдың бірлігі, түсініктілік, білімңің беріктігі, жеке және ұжымдык әрекеттердің бірлігі т. б. ) бірлікте, бірін-бірі толықтырып отырады.
Осы жоғарыда аталған принциптер тұрғысынан қарасақ, жаратылыстанудың жалпы негізі тек ғылыми деректер арқылы беріледі. Бұл пән әр зат пен құбылыстың ғылымда айкындалған тұстарын ғана оқушыларға ұсынады.
Пәннің ғылыми мазмұнын оқушыларға меңгерту мәселесіне байланысты бірнеше педагогиқалык талаптар қойылады. Ең басты талап, оқушылардың әлеуметтік тәжірибесін дамытып, адам - табиғат - қоғам арасындағы байланысты нақты мысалдар мен деректерге сүйене отырып материалистік тұргыда ұғындыру. Осының негізінде оқушылардың коршаған ортаға деген дұрыс қарым-қатынасын тәрбиелеу, дамыту.
|
|
3
|
Дәріс 3. Жаңа мазмұн бойынша «Дүниетануды» бастауыш мектепте оқыту теориялары
Мазмұны: 1. «Дүниетануды» оқытуда басшылыққа алатын оқыту теориялары
2. Танымдық процестерді дамыту теориялары
2. Оқыту теорияларының «Дүниетану» пәнін оқытуда қолданылуы
|
Достарыңызбен бөлісу: |