Зат таныту сабақтары. «Дүниетану» пәніне тікелей тән ерекше сабақ түрі заттануға арналады. Мұның басты мақсаты – оқушыларға тікелей өлі және тірі табиғат заттарымғн қарым-қатысқа түсе отырып, сол заттың түрі-түсін, басты қасиеттерін, басқа заттардан негізгі айырмашылығын, оларға ұқсастығын танып білуге арналады. Бұл сабақта мұғалімнің басшылығымен оқушылардың нақты заттарды бақылауы, салыстыруы, талдауы, сипаттауы, қортындылауы және шындыққа көздерін жеткізу үшін жеңіл тәжірибелер жасауы негізгі орынды апады. Мұндай сабақтардың тәрбиелік мәні өте жоғары. Біріншіден, оқушылар нақты дүниеде бар заттармен жұмыс істей отырып, ғылыми шындыққа көздерін жеткізеді. Екіншіден, осы негізде оқушылардың материалистік көзқарасы қалыптасады. Үшіншіден, олардың бақылағыштық, байқағыштық, еңбекқорлық, зейінділік қасиеттері артады. Заттық сабақтар барысында оқушылардың өзіндік жұмыстарының алатын орыны жоғары болады. Мұғалім олардың қиналған жерінде ғана көмекке келеді. Әр заттың қасиетін оқушылар өздері анықтап және сипаттап айтуға тырысады. Мұғалім оқушылардың алдына жағдаятты тартып, оны шешуді ғана ұсыналы. Бірақ, оқушылардың өзіндік жұмысының жүйелі және ретімен жүргізілуін мұғалім қадағалайды. Заттық сабақтарды ұйымдастыру мұғалімнің мұқият дайындығын қажет етеді. Себебі, мұғалім таратып берілетін табиғи материалдарды, көрнекіліктерді, жасалатын тәжірибелерді алдың ала дайындауға тиісті. Тәжірибснің қанша уақытты алатынын, оның нәтижесінде оқушылар қандай қортындыға келетінін де ол алдың ала болжауға тиісті. Сонымен қатар қандай жетекші тапсырмалар мен сұрақтар берілетіні де белгіленеді. Мұндай сабақтың құрылымы:
1. Мұғалімнің сабақтың мақсатын түсіндіруі.
2. Керекті нысанды таратып беріп, онымен оқушылардың каландай жұмыс түрлерін жасау керектігі жайында хабарлау.
3. Оқушылардың тиісті нысанмен өзіндік жұмысы (тәжірибе жасап, қасиетін анықтау, көрнекілікті пайдаланып, түрі —түсін сипаттау т.б.). Оқушылардың ізденушілік, практикалық жұмыстар атқаруы басым болады. Оқушылардың алған әрбір нәтижесі талданып, талқыланады.
4. Тақырыпты қорыту. Тақырыпты қортындылауда оқушыларға жаттығу жұмыстарын орындау, дәптерге өз байқағандарының нәтижесін түсіру тапсырылады.
5. Үйге тапсырма беру барысында түрлі сызбалар сызу, керекті нысанның суретін салу, атауларын жазу тапсырылады.
Зат таныту сабақтары пайдалы қазбалар, өсімдіктер, су, ауа, тапырақ, жануарлар туралы мағлұмат беруге арналған тақырыптарды оқып-үйрену кезінде ұйымдастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |