Топсаяхат- Дүниетану пәнінен білім беру түрі. Топсаяхатты сабақ ретінде қарауға бірнеше себеп бар. Топсаяхатты серуенмен шатыстыруға болмайды. Өйткені, жолда кездескен объектілерге көңіл бөлінгенімен, серуенге алдын-ала тақырыптық жүйелі мақсат қойылмайды. Көптеген авторлар топсаяхаттың атын атап, оның өтілу ретін, ұйымдастырылу шартын айтқанмен, мұның білім берудің түрінен гөрі оқыту әдісіне жатқызса, енді бірі-сыныптан тыс ұйымдастырылатын оқу-тәрбиелік жұмысқа жатқызылады. Топсаяхатта білім берудің формасы ретінде мойындайтын әдіскерлер де баршылық.
В. М. Пакулова мен В. И. Кузницовалар табиғаттан білім беруде топсаяхаттың алатын орнының жоғарлығын және оның білім мен тәрбие берудегі маңызын айқын көрсетеді.
Топсаяхат бағдарлама белгіленген тақырып пен мазмұнды қамтып, өткен сабақпен де, келесі тақырыптармен де байланысын жүзеге асыра отырып, әр уакытта жаңа ұғым береді.
Топсаяхат оқушылардың теориялық білімдерін практикада қолдануға да жағдай жасайды. Философтардың пікірінше, практиканың маңыздылығы оның заңдылығында (материалдылығында) және мақсаттылығында. Мәселен, оқушылар топсаяхат барысында сыныпта алған мағлұматтарының негізінде өсімдік топтарын анықтайды.
Сабақтың түрлері сияқты топсаяхаттың да бірнеше түрлері бар. Олар: кіріспе, ағымдағы және қорытынды топсаяхаттар және әрқайсысының мақсаты да, мазмұны да бір-біріне ұқсамайды. Бұлардың барлығында да білім беру мен дағды қалыптастыру, тәрбиелеу, дамыту, міндеттері де жүзеге асады.
Топсаяхаттың білімділік мақсаты – табиғат объектілерінің түр-түсімен таныстырып қоймай, олардың әркайсысының қасиетін, табиғаттағы орнын бір-біріне тигізетін әсерін ұғындыру. Табиғаттың бір бөлігінің өзгеруі, оның екіншісінің өзгерісіне әкеліп соғатын да топсаяхат кезінде ұғындыру қиынға түспейді.
Топсаяхаттың сынып-сабақтан ең басты айырмасы сабақтағыдай нақты мөлшерлі (45 мин) уақытпен шектелмейтіндігі. Бірақ, ол топсаяхаттың білім берудің формасы ретіндегі құнын төмендетпейді, керісінше, оқушыларға ғылыми ұғым беру, ойлау қабілетін дамыту, сөз қорын молайтып, ойын тұжырымдап қорыту, түрлі оқу әрекеттеріне жаттықтыру мақсаттарын түбегейлі қамтамассыз етеді.
«Үйрену» деген ұғымның мазмұны өте кең. Психолог М. Н. Мұқановтың пікірінше «үйрену» ұғымының кең болуы кез-келген керекті де, керексіз де оқушы алдына осыны үйренейін деп мақсат қоймаса да үйренуі мүмкін. Ал оқу барысында білім алу арқылы үйрену белгілі бір мақсатқа негізделеді. .
Үлескідегі сабақтың ерекшелігі-тірі табиғаттың дамуы туралы ғылыми қалыптасуына көмектесетіндігі. Үлескідегі сабақ белгілі мазмұнға арналған білім берумен оқушыны адамгершілікке еңбекке баулу, үнемшілдікке үйрету, экологиялық тәрбие беру мақсаттарын жүзеге асырады.
Оқушылардың үлескідегі өздігінен атқаратын жұмыстары барысында ізденушілігі артып, шығармашылық дағдылары қалыптасады, өздері қолымен істеген істерінің нәтижесін көреді. Үлескідегі сабақтың тағы бір тиімділігі-атқарылатын жұмыс үзілмей жалғаса отырып, оқушылардың білім алудағы іс-әрекеттерінің ұйытқысы болады. Үлескідегі сабақтан алған білім сыныптағы сабақпен жалғасып, байланысып кірігеді.
Мектеп жанындағы учаскеде көптеген бақылау, тексеру жұмыстарын жүргізуге болады. Географиялық алаң дүниежүзінің көптеген өркениетті елдеріндегі мектептерде 30-ға жуық құралдары бар географиялық алаңдар бар. Алаңды жасау үшін алдымен метеорологиялық үйшік тұрғызу керек. Оны ағаштан құрастырып, ішіне барометр, гигрометр, термометр орналастырады. Термометрдің төменгі ұшы жер бетінен 2 м биіктікте болуы керек. Метеоүйшіктің есігі міндетті түрде солтүстік жаққа ашылуы тиіс, себебі температураны есептеп жатқан кезде күн сәулесі үйшіктің ішіне тікелей түсетін болса, термометр ауаның температурасын емес шыны түтіктің күн сәулесі қыздырған температурасын көрсетеді. Жауын-шашын мөлшерін өлшегіш географиялық алаңға жер бетіне жаңбыр, қар бұршақ түрінде түскен қарды жел үрлеп кетпеуі үшін жан-жағына қоршау орнатылады. Жаңбыр жауған соң шелектегі судың мөлшерін өлшейді. Соған қарап, егер жаңбыр суы топыраққа сіңіп немесе буланып кетпесе, жауын – шашын мөлшерін өлшегіш құралдардың жоғарғы бөлігі жер бетінен 2 м. биіктікте болу керек. Флюгер желдің бағытын өлшейді. Флюгердің бағдаршасы кіндікте еркін айналып, үшкір ұшы желге қарама – қарсы тұруы керек. Егер жел солтүстік-батыстан тұрса: солтүстік-батыс желі, егер оңтүстік – шығыстан тұрса: оңтүстік-шығыс желі деп аталады. Флюгер негізінен 10 м биіктікте орналастырылады. Флюгер орнатылған 10 метрлік бағананы төменнен жоғары қарай 1 метрін ақ, 1 метрін қара бояумен кезек бояп, өлшеуіш бағана жасайды. Бағанаға қарап оқушылар сол маңайда тұрған үйлердің, ағаштардың тағы басқа заттардың биіктіктерін салыстырып өлшей алады. Бұл оқушылардың көзбен өлшеуін дамытады.
Полярлық жұлдызды табу оңай болу үшін, географиялық алаңға полярлық жұлдызды көрсеткішті орнату керек. Географиялық координатты көрсету үшін, алаңға төрт бағана орнатып, биіктігі 1,5 – 2 м бағаналардың ортасын сыммен қосып меридиан және параллель жасау қажет. Тиісті бағанаға ортасын сыммен қосып төрт бұрышты темірді бекітіп, соған мектептің географиялық бойлығы мен ендігін жазып қояды. Күннің горизонттан биіктігін анықтау мақсатында гномон немесе күн сағатын алаңға орнатуға болады. Оқушыларға кез келген жердің ауданы мен өлшеуді үйрету үшін, алаңға ағаштан квадрат және куб пішінінде фигуралар және сонымен қатар, жер бедерінің көптеген жасанды пішіндерін жасауына болады. Мысалы, төбе, шығанақ, түбек, тау, су қоймасы, сарқырама т.б. Алаңда оқушылар отырып тапсырма орындайтын орындық және үстел болғаны дұрыс. Алаңдағы барлық заттар негізінен ақ түсті бояумен боялады, алаңның өлшемі шамамен 10х10 м болады, мүмкіндігі болғанша жан – жағында ешқандай кедергісі жоқ, тегіс, жазық жерге орналастыру керек. Дүниежүзілік стандарт бойынша географиялық алаңның көлемі 26х26 м.