Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Қарастырылатын сұрақтар


Педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастырудағы психологияның орны



бет11/13
Дата11.12.2023
өлшемі64,3 Kb.
#196207
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Білім беру психологиясы ДӘРІС МАЗМҰНЫ
2 сабақ. Қазақстандағы моңғол шапқыншылығы
2.Педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастырудағы психологияның орны.
Еліміз Егемендік алып, Тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзілік қауымдастыққа танылып, жаңа демократиялық қоғамның дүниеге келуі, Қазақстан педагогика ғылымының жаңа бағытта сипат алуына кең жол ашып отыр. Ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030 бағдарламасында, Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында, 2005-2010 жылға арналған білім берудің мемлекеттік бағдарламасында, 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында республиканың әлемдік білім кеңістігіне енуін ескере отырып, білім берудің мазмұны мен оқытудың барлық әдістемелік жүйесін қайта қарау қажеттілігін атап ,білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің міндеттерін атап көрсеткен. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі саясатының мақсатының бірі –жан-жақты, білімді, шығармашылық қабілетті, танымдық белсенділігі жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру. Дарынды, білімді жастар ғана егемендігіміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік- экономикалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан жоғары оқу орындарындағы студенттері мұғалімдердің берген білімді іс-әрекет тәсілдерімен сабақтастыруға тиіс. Осыған орай,қазіргі кезеңдегі жоғары оқу орындарының танымдық белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру-осы оқу орнындағы оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады.
Еліміздің психология және педагогика саласындағы ғалымдардың, мамандардың назарын аударып отырған мәселелелердің бірі-студенттердің жеке тұлғасының дамуы.Ал жеке тұлғаның дамуына студенттердің оқу-танымдық белсенділігін арттыру,қазіргі заман талабына сай оны оқу үрдісінде жетілдіру болып табылады.
Танымдық белсенділік–студенттің оқуға, білуге деген ынта-ықыласының құштарлығының ерекше көрінісі. Белсенділік деген (итенсивтендіру) студенттің әрекеті мен пәнімен «қосылғандағың дәрежесін анықтайды.
Адамзат тарихында іс әрекетті жүзеге асыру құралдары ретіндегі жол - оқыту. Оқыту баланың психикалық даму процесінде айқындаушы роль атқарады. Баланың дамуының оқыту процесіндегі ең негізгісі және анықтаушысы білімдерді, іс әрекет әдістерін күрделендіру. Сондықтан оқыту процесіндегі педагогикалық қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктеріне оқушының психикалық дамуы, ақыл-ой әрекеті және қоршаған орта ықпалы алады деп тұжырымдаймыз.
Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті оқу процесі болғандықтан, олар оқытушыдан тек мінез құлық жүйелерін үйрету ғана емес. Оқушының ішкі дүниесіне жол таба білу, қарым-қатынасқа түсуде жоғары шеберлікті талап етеді. Оқу процесінде педагогикалық қарым қатынастың негізгі үш міндеттері шешіледі: оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Қарым қатынастағы оқыту міндетін шешуде оқушылармен психологиялық қатынас жасау, оқытудың жағымды мотивациясын қалыптастыру, ұжымдық, танымдық және біріккен психологиялық ахуал жасау. Қарым қатынаста тәрбиелеу міндеттерін шешу тәрбие мен педагогикалық қатынас негізінде құрылады, педагог және балалар арасындағы психологиялық байланыс. Ол оқу әрекетіндегі жетістік, жеке тұлғаның танымдық бағыты қалыптасады, психологиялық кедергілерді жеңеді, оқушылар ұжымында өзара үйлесімді қатынас қалыптасады. Қарым қатынаста дамытушылық міндеттерін шешуде жеке тұлғаның өздігінен білім алу және өзіндік тәрбие негізінде құрылған ситуациялар:
- қарым-қатынас процесінде жеке тұлғаның дамуына шектеу қоятын (ынжықтық, ұялу, сенімсіздік және т.б.) әлеуметтік психологиялық факторларды жеңу;
- оқушылардың жекелік ерекшеліктерін есепке алу және анықтауға мүмкіндік жасау;
- жеке тұлғаның дамуы мен өсуінің маңызды сапаларына әлеуметтік психологиялық түзетуді жүзеге асыру.
Егер кіші мектеп жасындағы балалар үшін мұғалім барлық бейнесімен ерекше із қалдырып, оларға күшті әсер ететін тұлға болып саналатын болса, ал ересек балалар мұғалімнің әрбір қимыл-қозғалысына, іс-әрекеті мен сөйлеген сөзіне, оның ақыл-кеңесіне, өзге адамдармен басқа мұғалімдермен қарым-қатынасына, оқушыларға қоятын талаптарына өздерінше іштей сын көзімен қарайды. Баланың жасы есейген сайын қарым қатынас жасау мәселесі қиындай түседі. Ересек оқушылар арасында үлкендердің айтқан сөздерін тыңдамау, мінез көріністерінде әр қилы кедергілер мен себептер байқалады. Педагог балалар арасындағы қарым қатынасқа, әсіресе ересек мектеп жасында туатын қайшылыққа өте сақ қарау екенін В.А.Сухомлинский атап өткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет