Қорытынды
Жеке тұлғаның психикалық дамуының жасына байланысты кезеңділігі адамның өмірінің әртүрлі кезеңдерінде қандай міндеттер мен қиындықтарға тап болатынын түсінуге көмектеседі. Бұл түсінік өзін-өзі жақсы түсінуге, ата-ананы тәрбиелеуге, пациенттермен жұмыс істеуге және тиімді оқыту әдістері мен психологиялық қолдау көрсетуге пайдалы болуы мүмкін.
Бақылау сұрақтары.
Л.С.Выготскийдің жұмыстарындағы периодизация мәселесін түсіндіріңіз.
Ерте балалық шақ дағдарысы?
Қазақстан халықтарындағы ересек адамның индивидуалды даму периодизациясының өзіндік мәселелері.
Шетелдік периодизация теорияларына талдау (А.Гезелл, С.Холл, К.Бюлер, Ш.Бюлер, А.Валлон, Ж.Пиаже).
|
1
|
5
|
Дәріс 5
|
1
|
6
|
Дәріс 6
|
1
|
7
|
Дәріс 7 Жеткіншектік кезеңнің психологиялық ерекшеліктері
Жоспары:
Жеткіншектер психикасы мен мінез-құлықтарының айрықша ерекшеліктері
Жеткіншектің өзіндік сана сезімі және «Мен» бейнесі
Педагогтың жеткіншекпен қарым-қатынасындағы рөлі жəне жеткіншектің оқу үдерісі
Жеткіншектер психикасы мен мінез-құлықтарының айрықша ерекшеліктері
Жеткіншек кезеңі – балалық шақтың соңы, балалық шақтан жастық шаққа өтпелі кезең. Ол əдетте, 10-11 жастан 14-15 жасқа дейін хронологиялық жасқа сəйкес келеді. Оқушының орта сыныптардағы оқу іс-əрекетінің негізінде қалыптасқан рефлексия қабілеті оның өзіне «бағытталады». Жеткіншек өзін ересекпен жəне едəуір кішкентай балалармен салыстырып, өзінің бала емес, дұрысы ересек екенмін деген қорытындыға келеді. Жеткіншек өзін ересек сезініп, айналадағылардың өзінің дербестілігі мен маңыздылығын мойындағанын қалайды.
Жеткіншектің негізгі қажеттіліктері – құрдастарымен қарым- қатынаста болғысы келуі, дербестілік пен тəуелсіздіккке, ере- сектерден оңашалануға тырысуы, өзге адамдардың тарапынан құқықтарының мойындалуын қажетсінуі.
Есею сезімі – жеткіншек кезеңінің бастапқыдағы психоло- гиялық симптомы. Д. Б. Элькониннің пікірінше, есею сезімі жеткіншектің өзін басқалармен (ересектермен немесе құрдастарымен) салыстыратын, меңгеру үлгілерін анықтайтын, басқа адамдармен қатынастарын қалыптастыратын, өз іс-əрекетін өңдейтін сананың жаңа құрылымдары.
Жеткіншек кезеңінің өтпелі өзгерістері биологиялық ерекшеліктермен де анықталады. Бұл қарқындылығы «гормонал- ды тасқын» ұғымына сəйкестендіруге болатын жыныстық жетілу кезеңі. Дене, физиологиялық, психологиялық өзгерістер, сексуал- ды əуестіктің пайда болуы, жан-жақты даму үстіндегі жеткіншекті өзі үшін де бұл кезеңді тым күрделендіріп жібереді.
XVII-XVIII ғасырларға дейін жеткіншек кезеңі ерекше жас кезеңі ретінде ажыратылмаған, оның қазіргі мəртебесі салыстыр- малы түрде жақын арада қалыптасқан тарихи құрылым. XIX ғасырда көптеген елдерде мектептегі жүйелі құрылым енгізіледі. Мұндай жаңалық баланың өміріндегі экономикалық тəуелділік кезеңінің біршама артуына жəне оның ересек адамға тəн рөлдерді қабылдау сəтінің кешеуілдеуіне ұласты.
Жеткіншек кезеңін адамның сана-сезімінің жетілуі мен өз бетінше екінші рет дүниеге келу сəті ретінде алғаш рет Ж. Ж. Руссо ажыратып, көрсетеді
Жеткіншек жас шамасы психологиясының өзегін құрайтын
негізгі идеялар С. Холлдың «Есею» («Взросление») атты еңбегінде баяндалады.
С. Холл жеткіншектік кезеңнің өтпелілігі, «толқын мен тегеурін» кезеңі жайлы түсінікті қалыптастырады. Ол дамудың аталмыш кезеңінің мазмұндық-жағымсыз сипаттамаларын құрастырады (тəрбиеге икемсіздік, даукестік, эмоциялық тұрақсыздық).
К. Левин жеткіншектің балалар əлемі мен ересектер əлемінің арасындағы – екі мəдениеттің арасындағы тұрғысында айқындалатын маргиналдығын сөз етеді. Жеткіншек балалар мəдениетінің мүшесі болғысы келмегенімен, шынайы ақиқаттың тарапынан қарсылыққа тапболып, əлідеересектерқоғамдастығына ене алмайды. Бұл жəйт «өмірлік кеңістіктердің» алмасуын- да когнитивті дисбаланстың, бағдарлардың, жоспарлардың, мақсаттардың белгісіздігінің орын алуына ұласады.
Жеткіншек тұлғасының дамуы психологиялық тұрғыда З. Фрейд жəне А. Фрейд еңбектерінде де талданып, сипат- талады. Жеткіншек кезеңіндегі жыныстық жетілу, сексуалды қуаттың толқыны тұлға құрылымдарының арасындағы бұрында қалыптасқан тепе-теңдікті құлдыратып, балалар қақтығысы жаңа қуатпен қайта жанданады.
Э. Эриксон жеткіншек кезеңі мен жасөспірімдік шақты адамның өзін-өзі тұлғалық анықтау, ұқсастығын ұғыну міндеттерінің шешіміне қол жеткізудің орталық кезеңі ретінде қарастырады.
Кеңестік психологияда жеткіншек кезеңіндегі дамудың заңдылықтарын ұғынудың негіздері Л. С. Выготский, Д. Б. Элько- нин, Т. В. Драгунова, Л. И. Божович, Д. И. Фельдштейн, Г. А. Цу- керман жəне т.б. еңбектерінде көрініс табады. Жеткіншек кезеңін жиі дағдарыс, «қалыпты патология» кезеңі ретінде талқылап, оның екпінді ағымын, жеткіншектің өзі əрі өзімен қарым-қатынастағы ересектер үшін күрделілігін сөз етеді (мысалы, Божович Л. И.). Д. Б. Эльконин, керісінше жеткіншектіктің өзін тұрақты кезең ретінде қарастырып, дағдарыстарды ажыратады (жеткіншек алды жəне жасөспірімдік кезеңге өтердегі дағдарыс). Жеткіншек кезеңі психикалық даму кезеңі ретінде баланың қоғамдағы дербес орнын іздеуімен байланысты жаңа сапалы əлеуметтік ұстанымына көтерілуімен сипатталады.
Жеткіншектің құрдастарының тобында қанағаттандырушы орынға ие болу ұмтылысы референтті топтың мінез-құлқы мен құндылықтарына деген жоғары конформдылығына ұласуы əлеуметке қарсы қоғамға араласу жағдайында тым қауіпті болуы мүмкін.
Жеткіншек психикасының өтпелілігі балалықтың жəне ересектік бітістерінің бірдей қатысуымен, тіршілік етуімен сипат талады.
Жеткіншек кезеңінде кіші кезеңдерге тəн мінез-құлықтың кейбір көріністеріне бейімділік сақталуы мүмкін. Олар:
Бас тарту. Ол мінез-құлықтың үйреншікті формалары: қатынастардан, үйдегі міндеттерінен, оқудан жəне т.б. бас тар- тумен сипатталады. Өмірдің үйреншікті жағдайларының күрт өзгерістері (отбасынан ажырау, мектепті ауыстыру) себебіне ай- налса, жеткіншектің психикалық жетімсіздігі, невротикалық бітістері, тежелу белгілері сияқты реакциялардың туындауын жеңілдететін негізге айналады.
Оппозиция, қарсылық көрсету. Жеткіншек мінез-құлқының қалаулы мінез-құлыққа қарсылығымен көрініс береді. Наразы даңғойлық, қыдырымпаздық, қашу, ұрлық жəне қарсылық ретінде жүзеге асырылатын бір қарағанда жөнсіз қылықтар.
Еліктеу. Əдетте балаларға тəн əрі жақындары мен туысқандарына еліктеумен анықталады. Жеткіншектер үшін қайсыбір қасиеттерімен идеалдарына сай келетін ересек еліктеу нысанына айналады (мысалы, театр жайлы армандайтын жеткіншек сүйікті актердің қылықтарына еліктейді). Еліктеу көрінісі əлеуметке қарсы ортадағы тұлғалық дамуы жетілмеген жеткіншекке тəн.
Орнын толтыру. Баланың мұндай қылығы өзінің бір саладағы дəрменсіздігін басқасындағы жетістіктермен орнын толтырумен анықталады. Егер орнын толтырушы есебінде əлеуметтік талаптарға қарсы көріністер таңдалса, мінез-құлық ауытқулары орын алады. Мысалы, үлгерімі төмен жеткіншек сыныптастарының беделіне дөрекі, қиқар қылықтарымен ие болуға құмар болуы мүмкін.
Гиперкомпенсация. Бала немесе жеткіншек үлкен дəрменсіздікті анықтайтын салада жетістікке жету ұмтылысымен шартталады (дене əлсіздігінде – спорттық жетістіктерге деген тұрақты талпыныс, ұялшақтық пен ренжігіштікте – қоғамдық іс- əрекетпен айналысу жəне т.б. əуестіктер).
Жалпы жеткіншек кезеңіндегі психологиялық əсерлер қоршаған ортамен өзара əрекеттестікте пайда болып, сол кезеңге тəн мінез-құлықты қалыптастыруы мүмкін:
Эмансипация. Жеткіншектің дербестікке, ересектердің қамқорлығынан азат болу ұмтылысымен сипатталады. Ортаның жағымсыз жағдайларында үйден қашу, ата-аналарына, мұғалімдерге бағытталған аффективті ызалық, сондай-ақ жеке- дара ассоциалды қылықтардың себебіне айналуы мүмкін.
«Теріс еліктеу». Отбасы мүшелерінің жағымсыз мінез- құлықтарына қатысты қарсы мінез-құлық көрініс беріп, эманси- пация реакциясының қалыптасуына, тəуелсіздік үшін күреске се- бепкер болуы ықтимал.
Топтасу. Өз көшбасшысы, топішілік өзара қатынастардың жүйесі бар жəне мінез-құлықтың нақты стилі тəн жеткіншектердің спонтанды топтарын қалыптастыру ұмтылысы. Ортаның жағымсыз жағдайларында жеткіншек жүйке жүйесінің əртекті толымсыздығында оның бұл көрініске бейімділігі мінез-құлқын анықтап, ассоциалды қылықтарының себебіне айналуы мүмкін.
Əуестену (хобби-реакция). Ол жеткіншек тұлғасының ішкі құрылымының ерекшеліктерін сипаттайды. Спортқа əуестену, құмар ойындары, коллекция жинау көбінде жеткіншек ұлдарға тəн. Өзіне назар аудару ұмтылысы себепкер болған əрекет (көркем өнерпаздық, əдеттен тыс киім үлгісіне əуестік жəне т.б.) көбінде қыздарға тəн болады. Қайсыбір затқа, құбылысқа, пəнге (əдебиет, əн-күй, бейнелеу өнері, техника, табиғат жəне т.б.) деген терең қызығушылықты сипаттайтын ақыл-ой – эстетикалық əуестіктер жеткіншектердің екі жынысында да қатар байқалуы мүмкін.
Қалыптасушы сексуалды əуестікпен шартталған көріністер (сексуалды проблемаларға деген жоғары қызығушылық білдіру, жыныстық өмірдің ерте басталуы, онанизм жəне т.б.).
Сипатталған көріністер аталмыш жас шамасына тəн қалыпты кезеңдерде мектептегі немесе үйдегі əлеуметтік бейімсіздікке əкелуімен шектелмейтін, кей-кейде емдеу шараларын талап ететін патологиялық кезеңдерде де орын алуы ықтимал.
|
Достарыңызбен бөлісу: |