Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер



бет12/25
Дата06.03.2023
өлшемі337,53 Kb.
#171181
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25
Байланысты:
Коллоидты химия лекция

Хромотография.
Хромотография адсорбция процесіне негізделген анализ әдісі. Қоспа құрамындағы компоненттердің сорбциялану қабілеті мен жылдамдығының айырмасы сорбент түйіршігі арқылы арқылы қоспа жылжығанда анық байқалады. Хромотографиялық аналіз түрлері: таралу мехенизмі бойынша адсорбциялық және таралу хроматографиясы болып бөлінеді. Агрегаттық күйге байланысты таралу механизмі жылжитын және жылжымайтын жазаларға жіктеледі. Газды хроматография-қатты дене жылжымайтын ,ал газ жывлжитын фаза.
Газ-сұйық хроматография-жоғары температурада қайнайтын сұйық жылжымаитын, газ жылжитын фаза.
Сұйықты хроматографияның сан алуан түрлері бар. Олар: колонкалы хроматография.-шыны не металл түтігі ірілігі біркелкі сорбентпен толтырылады.
Қағазды хроматография, капилярлық сұйықтық хроматография.


Бақылау сұрақтары:

  1. Ионалмастырғыш шайырлар дегеніміз не?

  2. Адсорбция түрлері.




1

№ 10 дәріс

Тақырып 10. Коллоидты жүйенің электрлік қасиеттері
Жоспар:



    1. Электрофорез

    2. Электроосмос

    3. Седиментация потенциалы

    4. Ағу потенциалы

Коллоидты жүйенің электрлік қасиеттері.Ф.Ф.Рейсс еңбектері.Қос электрлік қабаттың құрылысы. Гельмгольц моделі, Гуй-Штерна моделі.


Қатты дене мен сұйықтың жанасу бетінде бірдей зарядты иондардың адсорбциялануы нәтижесінде потенциалдар айырымы пайда болады. Қатты дене бетіндегі заряд таңбасы сұйықтың және қатты дене бөлшектерінің табиғатына байланысты. Коллоидты жүйелер дисперсионды орта сұйықтан және онда біркелкі таралып жүрген дисперсті фаза бөлшектерінен тұратынын белгілі. Агрегаттанған дисперсті фаза бөлшектері ерітіндідегі иондарды адсорбциялап оң немесе теріс зарядталады. Коллоидты бөлшектердің зарядты болатындығын алғаш рет Ф.Ф.Рейс (1807 ж) дәлелдеген болатын. Егер коллоидты ерітіндіде электр өрісін туғызатын болса, онда ерітіндідегі зарядталған бөлшектер не анодқа не катодқа бағытталады. Демек, коллоидты бөлшектер оң немесе теріс зарядты болады.
Электр өрісі әсерінен дисперсті фаза бөлшектерінің катодқа немесе анодқа бағытталып қозғалуын эле ктроф ор ез деп атайды. Электрофорез құбылысын зерттеу арқылы колоидты бөлшектердің заряд таңбасын анықтауға болады. Коллоидты бөлшек зарядталған болса, электрофорез құбылысы кезінде катод маңында ерітінді түсінің қоюлануы, ал анод маңында диффузиялық қабаттағы иондардың артылуы нәтижесінде мөлдірлену байқалады. Керісінше, коллоидты бөлшек теріс зарядталған болса, ерітінді анод маңында қоюланып лайланады, ал мөлдірлену катод маңында байқалады.
Сұйықтың қатты дене бетіндегі қозғалмайтын қабаты мен ерітінді көлемідегі қозғалмалы қабаты арасында пайдаболатын потенциал айырымын электрокинетикалық немесе дзета потенциал ( потенциал) деп атайды.
Электрофорез жылдамдығы - потенциал шамасымен тікелей байланысты болғандықтан электр өрісіндегі коллоидты бөлшектің жылдамдығын анықтау арқылы  потенциалды табады:



мұндағы;
- сұйықтықтың тұтқырлығы;
- бөлшектің қозғалу жылдамдығы;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет