Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер



бет22/25
Дата06.03.2023
өлшемі337,53 Kb.
#171181
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Коллоидты химия лекция
Ең кіші ортақ еселік, осососососоососоосоососоосососососоос 13.10.2020, бизнес план, БАХА СЕПСИС, Шкалы для оценки степени тяжести внебольничной пневмонии, 25-сабақ, наурыз, Мәдени мұраны цифрлық форматта сақтау, 100% lor, 100% urologia, 100% травма без отв— копия, 100% lor — без отв копия, 100% травма, 100% oftalmologia, 4сабақ ОМ
Сk = А (kТ)56 z
мұндағы А – тұрақты шама, ол катион зарядының анион зарядына қатынасы мен диэлектрлік сіңіруге тәуелді; k – Больцман тұрақтысы; е – электрон заряды; z – ұйытушы ионның валенттілігі; С – ұйытушы электролит концентрациясы.
Соңғы теңдеу Шульц-Гарди ережесінің теориялық тұрғыдан алғандағы түсіндірмесі және ол тәжірибе кезінде алынған мәліметтермен сәйкес келеді. Б. Дерягин шәкірттерімен бірге, электролиттердің кризистік концентрациясына әртүрлі факторлардың ықпалын жан-жақты қарастырды. Соңғы кездегі зерттеулерге қарағанда бұл шама зольдегі бөлшек өлшеміне және үлкен радиуске, аз концентрацияға сәйкес екен.
Коллоидты жүйелердің бір ерекшелігі - олар көпшілік жағдайда электролит әсеріне тұрақсыз. Электролиттің болмашы мөлшерінің әсерінен жүйедегі дисперсті фаза бөлшектері өзара бірігіп ірілену процесі жүреді. Коллоидты ерітінділердегі бөлшектердің өзара бірігіп іріленуін коаг уля ция (ұю) деп атайды. Ұю басталғанда жүйе әуелі лайланады. Іріленген бөлшектер ауырлық күшінің әсерінен тұнбаға түседі, яғни седиментация процесі жүреді. Ұю процесін коллоидты жүйені қыздыру немесе салқындату қатты шайқап араластыру, электр тогі немесе күн сәулесі энергиясымен әсер ету, электролиттер мен электролит еместерді қосу арқылы жылдамдатуға болады. Коллоидты жүйелердің ұюына түрлі электролиттердің әсерін зерттеудің маңызы зор. Электролиттің коллоидты ерітіндіні ұйту үшін жұмсалатын ең аз мөлшерін оның ұйыту қабілеті деп атайды. Ол мына формуламен есептеледі:



У .К . С *V Э *1000
V З
мұндағы;
- электролиттің ұйыту қабілеті, ммоль/л;
С – электролиттің молярлық концентрациясы, моль/л;
VЭколлоидты ерітіндіні ұйытуға жұмсалған электролиттің ең аз мөлшері, мл;
VЗзольдік көлемі, мл;
Коллоидты ерітінділердің ұюына электролит иондарының заряды мен табиғаты үлкен әсер етеді. Біріншіден, ион зарядының таңбасы дисперсті фаза бөлшектері мицелла таңбасына қарама-қарсы болуы керек. Екіншіден, неғұрлым ионның заряды үлкен болса, соғұрлым оның ұйыту қабілеті жоғары болады. (Шульце-Гарди ережесі). Сонымен қатар зарядтары қарама-қарсы коллоидты ерітінділерді өзара араластыру арқылы да коагуляция процесін іске асырады. Көптеген зерттеулердің нәтижесінде дзета – потенциалдың шамасы 30 мВ маңында болған жағдайда ұю процесі басталатындығы анықталған.  - потенциалдың бұл шамасын критикалық потенциал деп атайды. Коллоидты жүйелердің тұрақтылығын арттыру үшін оларға жоғары молекулалы қосылыстардың ерітіндісін қосады. Мысалы, желатин, белоктар, көмірсулар коллоидты ерітінділердің тұрақтылығын арттырып, оларды коагуляциядан сақтайды. Басқаша айтқанда жүйе ұю үшін электролиттің өте көп мөлшері қажет болады. Коллоидты ерітінділердің тұрақтылығын арттыратын заттарды стабилизаторлар деп атайды. Стабилизаторлардың қорғау әсері олар коллоидты бөлшекке адсорбцияланып, дисперсті фаза бөлшектерінің өзара бірігіп, іріленуіне кедергі жасайды. Стабилизаторлардың қорғау қабілеті олардың табиғатына, сонымен қатар дисперсті фаза бөлшектерінің мөлшеріне, зарядтарына, ортаның рН-на байланысты. Стабилизатордың қорғау қабілетін оның 10 мл зольге тұрақтылығын арттыру үшін қосатын миллиграм санымен сипаттайды. Бұл санды қорғ ау саны деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет