Лексикалық тақырып: Ішкі тыныс жолдары аурулары. Ас қорыту жүйесінің аурулары
Грамматикалық тақырып: Жай сөйлемнің түрлері. Сөйлем мүшелері және сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі
Курс: 2, 4
Пәннің аты: қазақ тілі
Құрастырушы: доцент Қожахметова Ф.Б.
2022 ж.
«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА»
Тілдік пәндер кафедрасы
Тәжірибелік сабақтарға арналған
нұсқаулық
Редакция: 1
24 беттің 1-беті
1. Тақырыбы: Ішкі тыныс жолдары аурулары
Бронхит. Пневмония. Туберкулез.
2. Мақсаты: Мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету, үстеулердің түрлерін орыс тілімен салыстыра отырып, практикалық жолмен меңгерту, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру, мәтінде кездесетін медициналық қазақша атауларды игерту.
3. Міндеті: Мәтіннің мазмұнын өз бетінше баяндауға үйрету, үстеуді дұрыс қолданып, сөйлем құрауға, сөйлей білуге машықтандыру.
Когнитивті – білім компетенциясы: үстеу туралы мағлұмат беру, мәтінде кездесетін жаңа сөздерді меңгерту.
Операционалды – дағды компетенциясы: өтілген мәтін арқылы ойлау қабілеттерін дамыта отырып, өз ойын дәл нақты айтуға дағдыландыру, жаңа сабаққа байланысты арнайы тірек сөздерді қолданысқа енгізуге машықтандыру.
Коммуникативті компетенция: медициналық атаулардың қазақша баламасын дұрыс қолданып, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Өзін-өзі дамыту компетенциясы: мәтінді түсініп мазмұндауға қызығушылығын арттыру, ынтасын, ойлау белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту.
4.Негізгі ұғымдар:
Лексикалық материал бойынша:
бүйрек, жедел бронхит, созылмалы бронхит, тыныс алудың (дем алудың) жиілеуі; қырыл немесе сырылдың естілуі; мұрынның желбезегі, дене қызуы көтерілуі; қалтырау; жөтел;өкпе.