12. Берілген тұжырымдардың дұрыс не қате екенін анықтаңыз.
Пневмония – бұл өте ауыр өкпе ауруы.
Пневмониямен тек сәбилер ауырады.
Пневмония дұрыс тамақтанбаудан пайда болады.
Пневмония кезінде тыныс алу жиілейді.
Дер кезінде емдей бастаған жағдайда қабыну процесін асқындырмауға болады.
Аурудың меңдеу кезеңінде дене қызуы болмайды.
Аурудың қайталануы мүмкін болғандықтан емдеуді ертерек тоқтату қауіпті.
Пневония кезінде науқастың жүрегішаншиды.
13. Мәтін бойынша науқас баланың анасының жауаптарына дәрігердің сұрақтарын әзірлеңіз.
–______________________?
– Қатты тұмауратып жатыр, жиі түшкіреді.
–______________________?
– Қызуы 39-40 С-қа дейін көтерілді.
–______________________?
– Мұрнымен тыныс алуға қиналады.
–______________________?
– Иә, жөтеледі.
–______________________?
– Жоқ, қақырық түспейді.
–______________________?
– Тәбеті жоқ.
–______________________?
– Түнімен мазасызданып ұйықтай алмады.
14. Науқас жайлы дәрігер атынан бөлім меңгерушісіне хабарлама жасаңыз (аты-жөні, баланың жасы, қарап байқаған, сұрап білген ауру белгілері).
15. Науқасқа дәрігердің атынан ем тағайындаңыз(мәтін бойынша).
1. Мәтін туберкулез туралы болса, онда қандай мәселелер жайында айтылуы мүмкін? Болжам жасаңыз.
2. Көп нүктенің орнына тіркестердің мағынасына қарай керекті қосымшаларды қойыңыз.
Жұғу... негізгі көзі
Зиян... әдеттер
Диагнозы анықталған... кейін
Нығайту... болады
Міндет... түрде
Науқас... ыдысын
Туберкулез... шалдыққан адам
Көбінесе өкпе... мекендеу
Еліміз... алаңдатып отыр
Кеуде қуысы... ауыруы;
Туберкулез... белгілері
Ми қабығы...зиян келтіру
|